Зерттеуді қалай жүргізеді? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқау
Жаратылыстану
3-сынып
Зерттеуді қалай жүргізеді?
Сабақ барысында 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау оқу мақсаттары жүзеге асырылады. Сондай ақ оқушылардың зертеу жүргізу туралы білімі бекітіледі, зерттеу жүргізу дағдылары жетілдіріледі. Сабақ төмендегіден нәтижеге қол жеткізуді көздейді: Оқушылар
- зерттеуді өздігінен жоспарлайды.
- зерттеу кезеңдерін сипаттайды.
- зерттеу кезеңдерін жүргізеді.
- зерттеу нәтижесін тіркейді.
- зерттеу қорытындысын жасайды.
Сабақта толықтай зерттеу жұмысы жүргізіледі. Оның дайындық жұмысы алдыңғы сабақта жүргізілді. Сондықтан ең алдымен алдыңғы сабақ материалы пысықталады.
Өткен сабақта жасалған зерттеу кезеңдері, эксперимент жоспарын қайтадан іліп қою керек.
Оқушыларды ынта деңгейлеріне қарай араластырып төрт топ құрылады.
Топтарға эксперимент нәтижелерді көрсет түрлері бөлінеді. Мысалы,
бірінші топ нәтижелерді кесте түрінде,
екінші топ – диаграмма,
үшінші, төртінші топтар – мәтін мен сурет түрінде рәсімдейді.
Ұсынылған суреттер бойынша зерттеу жоспарын еске түсіру қажет. Оқулықтағы суретті қолдануға болады. Немесе екі түрлі күрте көрсетіп, «Қайсысы жылырақ?» деп сұрауға болады? Жоспарды талқылау кезінде сұрақтар қойылады:
- Зерттеуге қандай ресурстар керек?
- Қалай бақылаймыз?
- Температураны қай кезде, неше рет өлшейміз?
- Дерек дұрыс алынуы үшін термометрге қалай қарау керек?
- Нәтижені қалай көрсетеміз?
Зерттеу жұмысына арналған мата/ материал түрін әр топ өз қалауынша дайындауына болады. Бір топта тек мата қиындылары болса, келесі топтарда синтепон, мақта, жүн тәрізді материал бола алады.
Міндетті түрде уақытты белгілеу қажет екенін талқылау. (Шамамен 5-7 минут).
Зерттеу нәтижелерін жазуға парақ әзірлеп, оған не жазылатыны талдап алу қажет. Мысалы,
- зерттеудің жоспары,
- гипотеза,
- температураның сандық шамалары,
- зерттеу нәтижелерін диаграмма, кесте немесе сурет түрінде жазылады.
Топтар өз гипотезаларын ұсынып, оны параққа жазады. Оқушылар осы гипотезаларды тексеру үшін эксперимент жүргізетінін тағы бір пысықтайды.
Әр топқа зерттеу жүргізу нұсқаулығы, ресурстар таратылады. Барлық мата түрлерімен зерттеу бір уақытта өткізіледі, үш мата қиындысымен қатар жұмыс жасалады. Топ ішінде жұмыс бөлінісуі қадағалануы керек.
Топтар нәтижені тіркейді және ұсынылған формада рәсімдейді. Алынған нәтижелерді талдап, қорытынды жасайды, яғни материалдардың қайсысы жылуды сақтайды. Осылай әр топ жылы күрте жасауға жарайтын матаны/ материалды таңдайды.
Әр топ өз нәтижесін көрсетеді: кесте, диаграмма, мәтін немесе сурет түрінде.
Оқулықтағы нәтижені көрсету тәсілдерін талқылайды. Әрқайсысының артықшылықтарын талқылайды (көрнекілігі, деректерді салыстыру мүмкіндігі). Топтардың зерттеу жұмысын неліктен дәл осылай көрсеткенін негіздейді.
Ойлан. Топтарға түрлі жағдаяттар ұсынып, сол жағдайда зерттеу нәтижелерін тағы қалай көрсетуге болатынын ойлануды тапсыруға болады. Мысалы, конференция, сайысқа қатысу үшін фото немесе бейнеклип жасау. Уақыт жетіп жатса, іс жүзінде көрсетуді ұсынуға болады.
Кері байланыс.
Сабақ .... (қызықты\ қызықсыз) болды.
Сабақ .... (қиын\оңай) болды.
Сабақта .... (жаңа ақпарат \ таныс ақпарат ) болды.
Сабақта үйренгенімді ..... пайдаланамын.
Сабақта үйренгенімді ..... айтып беремін.
ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?