Ауырлық күші қай жерде әсер етеді? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқау
Жаратылыстану
3-сынып
Ауырлық күші қай жерде әсер етеді?
Сабақ барысында ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру оқу мақсатын орындалады.
Кіріспе тапсырма. «Аулада не болып жатыр?» Суретке назар аударыңыз. Онда не бейнеленген? Әткеншекті қайтадан тепе-теңдік күйге келуге не мәжбүр етеді? (Әткеншек жоғары-төмен қозғалады, бұрқақтағы су ауырлық күшінің әсерінен жерге қайтады.) Ауырлық күшінің әсерінен қозғалатын денелерге мысал келтіруді тапсырыңыз. Таудан сырғанап, серіппелі секіргіштерден (тарзанка) секіріп көргендер бар ма деп сұраңыз. Тапсырма ауырлық күшінің әрекетін талдай отырып, себеп-салдарлық байланысты табу қабілетін дамытуға бағытталған.
Өзен қалай ағады? Жердің пішіні қандай деп сұраңыз. (Жер шар тәріздес.) Суретке назар аудартыңыз. Картада көк түспен не көрсетілген? (Су.) Судың қандай табиғи көздерін білесің? (Мұхит, теңіз, өзен, көл және т.б.) Жер шар пішінді болса, негетеңіздер мен өзендер төгілмейді? (Суға ауырлық күші әсер етеді.) Өзендер мен көлдер арасында қандай айырмашылық бар? (Олар ағады.) Өзендер көпшілік жағдайда қайдан бастау алады? Өзендер неліктен және қайда ағады? (Көпшілік өзендер таулардан бастау алып, ауырлық күшінің әсерінен төмен қарай ағады.)
Ғаламшарлар. Жұппен талқылауды тапсырыңыз. «Қалай ойлайсың, ауырлық күші тек Жерде ғана әсер етеді ме?» Барлық пікірлерді тыңдаңыз. Ауырлық күшінің басқа ғаламшарларда бар екеніне дәлел келтіруді тапсырыңыз. Қажет болса, суреттерге назар аудартыңыз. Неге Сатурнда мұз бен шаңнан тұратын сақиналар бар? (Мұз бен шаң бөлшектері ғаламшарға тартылады.) Неге Айда кратерлар бар? (Ай оның бетіне құлайтын денелерді тартады.)
Ғарышта. Жердің ауырлық күші үлкен бе деп сұраңыз. Әркім өз жауабын дәлелдесін. (Жердің ауырлық күші үлкен, себебі, ғаламшардың массасы үлкен.) Оқушылардан аспаннан метеорды, басқа да жұлдыз ағып барады деп аталатын құбылысты көрдіңдер ме деп сұраңыз. Ғарышта алып ғаламшарлардан басқа көптеген астероид деп аталатын ұсақ денелердің қозғалатынын айтып беріңіз. Онда неліктен Жер тартатын ғарыш денелері оның бетіне құламайды? (Олар өте алыс орналасқан, сол себепті оларға әсер ететін ауырлық күші Жер бетінде орналасқан заттарға әсер ететін ауырлық күшінен кем.) Өткен материалды еске түсіріп, қорытынды жасауды тапсырыңыз: ауырлық күші неге байланысты? (Ауырлық күші ғаламшар мен дененің массасына және олардың арасындағы қашықтыққа байланысты.)
Зертте. Оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Әр топқа қажетті ресурстар дайындаңыз.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық. «Тік және көлденең жазықтық дегеніміз не? Қай дене тік, ал қай дене көлденең: аттың ба әлде адамның ба?» (Аттың денесі – көлденең, адамдікі – тігінен.)
- Әр топқа эксперимент жоспарын құруды тапсырыңыз.
- Жайпақ табақты үстел үстіне қойыңыз.
- Астына қағаз парақтарын қоя отырып, табақтардағы судың деңгейі бірдей болуына қол жеткізіңіз.
- Қорытындыны қойын дәптерге жазу керек.
Эксперимент жоспарын оның жүзеге асырылуымен салыстыру қажет
Экспериментті орындай отырып, оқушылар көлденең жазықтықтың үлгісін жасай алады. Зерттеу жүргізу барысында олар егер жазықтық көлденең боласа, сұйықтық жылжи бастайтынын есепке алуы керек. Берілген жұмыс эксперимент жоспарын құру және оны іске асыру қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Ойлан. Болжам жасауды тапсырыңыз, егер ауырлық күшінің әсері кенеттен тоқтаса, әлем қалай өзгеруі мүмкін? Сұраңыз: Жердің қандай қабықтары өзгеріске ұшырайды? (Лито-, гидро-, атмосфера, ғарыш: денелер бір-біріне тартылуын жоғалтады.)
Сен білесің бе? Жердің пішіні қандай екенін нақтылауды сұраңыз. Жер өз осінен айналу себебінен, полюстер жағында кішкене жалпиған екенін айтыңыз
Ауырлық күші неге байланысты екенін еске түсіруді және жұп бойынша талқылап, қорытынды жасауды тапсырыңыз. (Ауырлық күші Жер центріне дейін қашықтыққа байланысты, сондықтан ол экваторға қарағанда полюстерде көбірек болады.).
Дәптермен жұмыс. 29-жұмыс парағы. Бос орындарды толтыр. Оқушылар сөйлемдердегі бос орындарды толтырады.
Жауап. Жаңбыр тамшысы жерге түседі, себебі оған ауырлық күші әсер етеді.
Дененің массасы неғұрлым үлкен болса, ауырлық күші соғұрлым көп болады.
Дене неғұрлым Жерден алыс болса, оған әсер ететін ауырлық күші соғұрлым аз болады.
Дұрыс-бұрыс. Оқушылар ауырлық күші туралы сөйлемдер оқып, кестедегі дұрыс сөйлемдерді құсбелгімен белгілейді.
Жауап: «Ауырлық күші тек Жерде ғана әсер етеді» – дұрыс емес.
«Жердің ауырлық күші Айға қарағанда күштірек» – дұрыс.
«Ауырлық күшінің әсерінен барлық денелер Жерге құлайды» - дұрыс.
«Массасы үлкен денелерге үлкен ауырлық күші әсер етеді» - дұрыс.
«Айда ауырлық күші бар» - дұрыс.
«Жоғарыға лақтырылған зат аспанға ұшып кетеді» - дұрыс емес.
30-жұмыс парағы. Салыстыр. Оқушылар ең көп ауырлық күші әсер ететін денеден Жерге қарай жасыл сызық, ең аз әсер ететін денеден Жерге қарай қызыл сызық жүргізеді.
Жауап: Ең күшті ауырлық күші пілге, ең азы шыбынға әсер етеді.
Қосымша тапсырмалар
Эксперимент жасауды тапсырыңыз: бос ауыр стақан бетіне қағаз не қатты қағазды (картон) қойыңыз, оның үстіне стақанның үстінде болатындай етіп, металл ақшаны (тиын) қойыңыз. Тез шертіп қалып, қағазды тесіңіз. Тиын стақанға түседі. Құбылыс мәнін түсіндіруді сұраңыз. (қағазды тесу үшін күш жұмсалды. Тиынға ешқандай күш әсер еткен жоқ, ол сол қалпында қалды, содан кейін ауырлық күшінің әсерінен стақанға түсті).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?