Күштер қалай әсер етеді? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану

3-сынып

Табиғат физикасы

Күштер қалай әсер етеді?

Сабақта 3.5.1.3 үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;

3.5.1.1 серпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;

3.5.1.2 ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;

3.5.1.4 күштің әсер ету бағытын анықтау оқу мақсаттары жүзеге асырылады. Сонымен қатар «Мен зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттарын (3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу) орындауға болады.

Кіріспе тапсырма. «Жедел жауап» тапсырмасын орындау үшін оқушыларды шағын топтарға біріктіріңіз. (Мысалы, 1-топ – ауырлық күші, 2-топ – серпімділік күші, 3-топ – үйкеліс күші). Оларға берілген сұрақтар бойынша постер құрастыруға тапсырма беріңіз.

Сұрақтар:

-Күш қалай пайда болады?

-Бұл күш қалай бағытталады?

-Бұл күштің әсері қалай білінеді?

-Күнделікті өмірден мысал келтір

Топтардың жауабында шамамен төмендегідей пікір айтылуы керек: Ауырлық күшінің пайда болу себебі: ғаламшардың тартылысы, серпімділік күші – дене пішінінің өзгеруі, үйкеліс күші – жанасатын дене беттерінің кедір-бұдырлығы. Ауырлық күші дене мен ғаламшардың салмағына, серпімділік күші – деформацияның шамасына, үйкеліс күші – дене беттерінің материалы мен кедір-бұдырлығына байланысты. Ауырлық күші ғаламшардың кіндігіне бағытталған, серпімділік күші деформация туғызған сыртқы күшге қарсы, үйкеліс күші – дене қозғалысына қарсы бағытталған.

Постерлердің қысқа көрсетілімін ұйымдастырып, жұмыстарды өзара (түрлі түсті жалаушамен) бағалауды тапсырыңыз.

Дескриптор:

-Күштің пайда болу себебін атады;

-Күштің бағытталуын атады;

-Күштің әсерін сипаттады;

-Күнделікті өмірден мысал келтірді.

Бұл нені білдіреді? Берілген сөйлемдерді оқып, мағынасын күш туралы өткен материал тұрғысынан талқылауды ұсыныңыз. Жүптар бір бірінің ойын толықтыра алады. қ.

Мысалы: «Он кісі өрге тартқанды, бір кісі төмен түсірер» – ауырлық күші төмен қарай бағытталады. Денені жоғары қарай (өрге, тауға) қозғағанда, ауырлық күші кедергі келтіреді, сондықтан көбірек күш жұмсалады. Ал дене төмен қозғалғанда кезде ауырлық күші көмектеседі, сондықтан денені төменге жылжыту жеңілдеу.

«Құлайтынымды білсем, сабан төсеп қояр едім» - шөпке (маяға, үйілген сабанға) құлаған кезде, серпімділік күші әсер етеді, шөп деформацияланып, соққыны жеңілтеді.

«Есік сықырламасын десең, топсасына май құй» - май құю дененің қозғалу кезіндегі үйкелісін азайтады.

Күштердің әсерін анықта. Суретке бойынша жұмыс ұйымдастырыңыз.

Неліктен гамак созылды? (Адамға ауырлық күші әсер етеді, ал гамак оның жерге құлауына мүмкіндік бермей, созылады.)

Ауырлық күші қайда бағытталған? (Төмен, Жер ортасына қарай.)

Гамак неге жерге дейін жетпеді? (Серпімділік күші пішін өзгергенде пайда болады және созылуға қарсы әсер етеді.)

Серпімділік күші қайда бағытталған? (Жоғары қарай, созылуға қарама-қарсы.)

Егер үлкен адам жатса, гамак қалай созылар еді? (Көбірек, себебі үлкен адамға үлкен ауырлық күші әсер етеді).

Адам денесінің ауырлық күші әсерінен неге жіп төмен созылмайды? (Жіп мен ағаш діңінің арасында үйкеліс күші бар.)

Ол қайда бағытталған? (Жіп төмен қарай сырғанау керек еді, демек үйкеліс күші жоғары бағытталған.)

 

Зертте. Оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Әр топқа қажет ресурстарды (мата қиқымы, жіңішке тесьма не мықты жіптер, қыстырғыштар) таратып беріңіз. Зерттеуге нұсқаулық жүргізіңіз. Парашютке әсер ететін күштерді талдау ұйымдастырыңыз: төменге бағытталған ауырлық күші, ауа кедергісі және жоғары бағытталған үйкеліс күші. Зерттеудің аяғына қарай оқушыларға парашютқа әсер ететін ауырлық күші мен үйкеліс күшін салыстыруды тапсырыңыз. Зерттеу жұмысын мәнін түсінуін тереңдету үшін төмендегідей талдау жүргізуге болады:

Ауырлық күші үйкеліс күшінен артық болса, парашютқа не болады? (Ол жылдамдығын арттырады)

Үүйкеліс күші ауырлық күшінен артық болса ше? (Тоқтайды)

Қорытынды жасалады (Күштер тең.) Бұл зерттеу жұмысы зерттеу, талдау жасау мен қорытынды шығару дағдысын дамытуға бағытталған.

Ойлан. Әуеге лақтырылған допқа не болады? (Ол төмен құлайды). Неліктен? (Ауырлық күшінің әсерінен.) Егер допты суға лақтырса ше? (Ол судың бетіне қалқып шығады.) Неге? (Күштің әсерінен.) Ол күш қайда бағытталған? (Жоғары.) Ауадағы дене жоғары қозғала алады ма? (Иә, гелиймен толтырылған шар.) Ауада не суда орналасқан барлық денелерге жоғары бағытталған күш әсер ететінін айтып беріңіз. Онымен оқушылар төртінші сыныпта танысады.

Қосымша тапсырма. Оқушыларға күштердің өзара әсер етуіне мысал келтіріп, оларды сызба суреттер түрінде көрсетуді тапсырма беріңіз. Жұмыстарынан «Күш қалай әсер етеді?» атты көрме ұйымдастырыңыз. Ең бастысы, оқушылардың бір-біріне түсініктеме бере отырып, өз жұмыстары туралы айтуға мүмкіндігі болуы керек.

Дәптермен жұмыс. 35-жұмыс парағы. Күштерді көрсет. Оқушылар әуе шарына әсер етіп жатқан ауырлық күшін, ойыншық тапаншаның серіппесіне әсер ететін серпімділік күшін және шаңғыға әсер ететін үйкеліс күшін көрсетеді. Автомобиль тіркемесіне әсер ететін барлық күшті бағыттамамен көрсетеді, атауын жазады.

Тапсырманың дұрыс жауабы: Ауырлық күші төмен, серпімділік күші солға қарай, үйкеліс күші оңға қарай бағытталған. Автомобиль тіркемесіне төмен бағытталған ауырлық күші, жоғары бағытталған серпімділік күші, солға бағытталған үйкеліс күші әсер етеді.

36-жұмыс парағы. Инфографика жаса. Оқушылар ауырлық, серпімділік, үйкеліс күштері туралы алған білімін пайдалана отырып, инфографика жасайды. Күштердің тигізер әсеріне мысал келтіреді, қысқаша түсіндіреді

Рефлексия кезеңін ұйымдастыру

Сұрақ пен жауап

  • Сабақта ең маңызды не болды?
  • Біз бүгін зерттеулерді не үшін жүргіздік?
  • Сен өзіңді немесе бір сыныптасыңды мақтағың келе ме? Не үшін?
  • Не ұнады?
  • Не қиын болды? Не есте қалды?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу