Күштер қалай әсер етеді? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Жаратылыстану 3-сынып Табиғат физикасы Күш және қозғалыс | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||
Күні: | ||||||||
Тақырыбы: | Күштер қалай әсер етеді? | |||||||
Оқу мақсаты: | 3.5.1.3 үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру; 3.5.1.1 серпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру; 3.5.1.2 ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру; 3.5.1.4 күштің әсер ету бағытын анықтау; 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу | |||||||
Сабақтың мақсаты: | Денеге әсер ететін күштерді және олардың бағытын анықтайды. Денеге әсер ететін күштердің бір-біріне өзара әсерін сипаттайды. | |||||||
Бағалау критерийі | Денеге әсер еткен күшті атайды; Күштің бағытын сипаттайды; | |||||||
Тілдік мақсат: |
| |||||||
Құндылықтар: | Танымдық қызығушылықтарын арттыру ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. | |||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, математика, денешынықтыру | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Ауырлық, серпімділік, үйкеліс күштері | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы | Өткенді пысықтау. Жедел жауап. Оқушыларды үш топқа біріктіру: 1-топ – ауырлық күші, 2-топ – серпімділік күші, 3-топ – үйкеліс күші. Тапсырма: Берілген сұрақтар бойынша постер құрастыру. -Күш қалай пайда болады? -Бұл күш қалай бағытталады? -Бұл күштің әсері қалай білінеді? -Күнделікті өмірден мысал келтіріңдер. ҚБ. Өзара бағалау. Түрлі түсті жалаушамен бағалау. Жасыл жалауша – өте жақсы, бәрі ұнады; Сары жалауша – жақсы, бірақ ұсынысым, толықтыратыным бар; Көк жалауша – тапсырманы толық орындалмады. Бұл тапсырма себеп-салдарлық байланыстарды табу дағдысын дамытуға бағытталады. Дескриптор: -Күштің пайда болу себебін атады; -Күштің бағытталуын атады; -Күштің әсерін сипаттады; -Күнделікті өмірден мысал келтірді. Жауап (мұғалімге арналған нұсқаулықтан): Ауырлық күшінің пайда болу себебі: ғаламшардың тартылысы, серпімділік күші – дене пішінінің өзгеруі, үйкеліс күші – жанасатын дене беттерінің кедір-бұдырлығы. Ауырлық күші дене мен ғаламшардың салмағына, серпімділік күші – деформацияның шамасына, үйкеліс күші – дене беттерінің материалы мен кедір-бұдырлығына байланысты. Ауырлық күші ғаламшардың ортасына бағытталған, серпімділік күші деформация туғызған сыртқы күшге қарсы, үйкеліс күші – дене қозғалысына қарсы. | А2 парағы, маркерлер. Әр топқа үш түсті жалауша: жасыл, сары, көк. | ||||||
Сабақтың ортасы | Бұл нені білдіреді? Жұптық жұмыс Тапсырма: -Сөйлемдерді оқу, мағыналарын күштер туралы өткен материал тұрғысынан талқылау. -Пікірін айту, -Жауапты толықтыру. Жауап (мұғалімге арналған нұсқаулықтан): «Он кісі өрге тартқанды, бір кісі төмен түсірер» – ауырлық күші төменге бағытталған, сондықтан, біз денені жоғары қарай сүйреткенде, біз онымен күресеміз, ал төмен түсірген кезде ол бізге көмектеседі, сондықтан денені төменге жылжыту оңайырақ. «Құлайтынымды білсем, сабан төсеп қояр едім» - шөпке құлаған кезде, серпімділік күші әсер етеді, шөп деформацияланып, соққыны жеңілтеді. «Есік сықырламасын десең, топсасына май құй» - май майлағыш болып табылады және дененің қозғалу кезіндегі үйкелісін азайтады. ҚБ Мұғалімнің ауызша бағалауы. Күштердің әсерін анықта. Суретке назар аударту. Сұрақ: -Гамак неліктен созылды? (Адамға ауырлық күші әсер етеді, ал гамак оның жерге құлауына мүмкіндік бермей, созылады.) -Ауырлық күші қайда бағытталады? (Төмен, Жер ортасына) -Гамак неге жерге дейін жетпеді? (Серпімділік күшінің әсерінен; ол пішін өзгергенде пайда болады және созылуға қарсы әсер етеді.) -Серпімділік күші қайда бағытталады? (Жоғары қарай, созылуға қарама-қарсы.) -Егер үлкен адам жатса, гамак қалай созылар еді? (Күштірек, себебі үлкен адамға үлкен ауырлық күші әсер етеді, гамак одан да қатты созылар еді. Күш неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым көбірек созылады). - Адам денесінің ауырлық күші әсерінен неге жіптер төмен созылмайды? (Жіптер мен ағаш діңінің арасында үйкеліс күші бар.) - Ол қайда бағытталады? (Жіптер төмен қарай сырғанайтын еді, демек үйкеліс күші жоғары бағытталған.) Зерттеу жұмысы. Топтық жұмыс. Қажет ресурстар: мата қиқымы, жіңішке тесьма не мықты жіптер, қыстыр ғыштар. Сұрақ қою: -Парашютты не үшін қолданады? (Биіктен секіру үшін.) -Парашютпен қозғалу қарапайым құлаудан несімен ерекшеленеді? (Құлау кезінде жылдамдық артады, ал парашютпен түскен кезде жылдамдық тұрақты болып қала береді.) Зерттеу жүргізуге нұсқаулық: - Парашюттың үлгісімен берілген ресурстарды пайдаланып, парашют жасау. - Парашют күмбезіне ұзындығы бірдей тесьмаларды байлау. - Тесьмалардың ұшын біріктіріп, қыстырғышпен қыстыру. - Матаны ортасынан ұстап, парашютті жоғарыдан төмен қарай жіберу. - Күмбездің мөлшерін парашют тең қонатындай етіп таңдау. -Эксперимент барысының суретін салу. Зерттеудің аяғына қарай парашютқа әсер ететін ауырлық күші мен үйкеліс күшін салыстыру. Түсіндіру және талдау: -Парашютқа әсер етіп жатқан күштерді көрсету. (Төмен бағытталған ауырлық күші және ауа кедергісі – жоғары бағытталған үйкеліс күші. - Егер ауырлық күші үйкеліс күшінен артық болса, парашютқа не болушы еді? (Ол жылдамдығын арттырар еді.) -Егер үйкеліс күші ауырлық күшінен артық болса ше? (Ол тоқтар еді.) Қорытындылау (Күштер тең.) Зерттеу жұмысы арқылы зерттеушілік, талдау жасау мен қорытындылау дағдысын дамыту. Ойлан. -Әуеге лақтырылған допқа не болады? (Ол төмен құлайды). -Неліктен? (Ауырлық күшінің әсерінен.) -Егер допты суға лақтырса ше? (Ол судың бетіне қалқып шығады.) Неге? (Күштің әсерінен.) -Бұл күш қайда бағытталады? (Жоғары.) -Ауадағы дене жоғары қозғала алады ма? (Иә, гелиймен толтырылған шар.) Ауада не суда орналасқан барлық денелерге жоғары бағытталған күш әсер етеді. ҚБ Мұғалімнің ауызша кері байланысы Дәптермен жұмыс 35-жұмыс парағы. Күштерді көрсет. Әуе шары - жатқан ауырлық күші, балалар тапаншасының серіппесі – серпімділік күші шаңғыларға әсер ететін – үйкеліс күші. Бағыттама көмегімен автомобиль тіркемесіне әсер ететін күшті белгілеп, атауларын жазу. Жауап: Автомобиль тіркемесіне төмен бағытталған ауырлық күші, жоғары бағытталған серпімділік күші, солға бағытталған үйкеліс күші әсер етеді. 36-жұмыс парағы. Инфографика жаса. Ауырлық, серпімділік, үйкеліс күштері туралы алған білімін пайдалана отырып, инфографика жасау. Күштердің әсеріне мысал келтіру, түсіндіру. ҚБ Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. | Гамак суреті; Постер жасауға арналған қағаз; жеңіл мата немесе көлемі шамамен 15 х15 см болатын жұқа полиэтилен; жіңішке тесьма не жуан мықты жіптер; әр топқа берілетін қыстырғыш.
Сурет | ||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия кезеңі Сұрақ пен жауап
| |||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
-Сұрақтар арқылы саралау; -Тапсырмалар арқылы саралау | - Қалыптастырушы бағалау. Өзара бағалау. Түрлі түсті жалаушамен бағалау - Мұғалімнің жазбаша кері байланысы - Мұғалімнің ауызша кері байланысы. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?