Cерпімділік күші дегеніміз не? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Бөлім: Табиғат физикасы

Күш және қозғалыс

Мектеп:

Мұғалім: Увалиева А.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Cерпімділік күші дегеніміз не?

Оқу мақсаты:

3.5.1.1 серпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал

келтіру

3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау

Сабақтың мақсаты:

Cерпімділік күшімен танысады, оның білінуіне мысал келтіреді

Бағалау критерийі

Серпімді денелерді атайды;

Пластикалық денелерді атайды;

Серпімділік күшіне білінуіне мысал келтіреді

Тілдік мақсат:

Серпімділік күшін термин сөздерді пайдаланып сипаттайды

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Серпімділік күші, серпімді, серпімсіз

Құндылықтар:

Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

Математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Күш әсер еткенде дене қозғалысқа түседі. Денелерге итеру, тарту, соғу арқылы әсер етуге болады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Тақырыпқа қызығушылығын ояту, сабақты тақырыбын анықтау

Әңгімелесу. «Ойын алаңында».

Спортпен шұғылдану және спортпен шұғылдануға қажет құралдар туралы әңгімелесу. Суреттермен жұмыс

Сұрақ: Денелер (шайба, доп, жебе) қалай бейнеленген? Спортшылардың әрекетінен кейін олар өзгеріске түсе ме? Неліктен?

Оқушылардың жауабын тыңдау (айырмашылығын анықтайды, дененің бастапқы қалпына келуіне бір күштің әсер ететіні аталады)

Сабақтың тақырыбын анықтау. «Сөз құрау»

м п С е р і л і д к і к і ш ү

Оқушылардың жауабы тыңдау, сабақтың тақырыбын анықтау (С е р п і м д і л і к к ү ш і)

Бағалау критерийлерін анықтау

Серпімділік күшін сипаттайды;

серпімділік күшіне мысал келтіреді;

серпімді және серпімсіз денелерді атай алады.

слайд

спорт тақырыбы арналған суреттер

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

Заттардың пішіні қандай болады?

Тапсырманың мақсаты: оқушылардың тақырыпты үйренуге қызығушылығын ояту, сыни ойлауын дамыту, болжам жасау.

Бірнеше денені көрсету, пішінін атау (ермексаз, доп, серіппе, ысқыш). Сұрақ: Денелерге күш әсер еткенде өзгеріске ұшырай ма? Қайсысы пішінін өзгертеді?

Оқулықтағы суретпен жұмыс. Заттар пішінін өзгерте ала ма? Суреттегі заттарды екі топқа бөлу.

Тапсырма бойынша қорытынды жасау үшін әңгімелесу. Пішінін өзгертетін денелер серпімсіз денелер, күш әсерінен кейін бастапқы пішініне қайта оралатын денелер серпімді денелер деп аталады. Мысал келтіру.

Анықтама беру. Серпімділік күші дененің пішінін өзгертетін күшке қарсы бағытталады.

Құтқарушылар қалай әрекет етеді? Суретпен жұмыс (оқулықтағы).

Сұрақтар:

  • Батутте кім секіріп көрді? Ол қандай дене?
  • Суретті сипатта
  • Қандай күш әсерін байқауға болады?

Батутте әсер ететін серпімділік күші. Ол денені бастапқы қалпына келтіруге бағытталады.

  • Серпімділік күшінің әсеріне күнделікті өмірден мысал келтіріңдер.

Зерттеу жұмысы

Зерттеу сұрағы: Әртүрлі материалдан жасалған ұзындығы бірдей денелер қалай созылады?

Топтық зерттеу жұмысы

Жұмыс барысы:

  • Резеңкені ұзындығын 5 см-ден белгілеу.
  • Штативке резеңкені ілу. (Резеңке созылған жоқ)
  • Салмақты зат ілу. (Резеңке созылды)
  • Қойылған белгілердің арасын өлшеу.
  • Басқа денелермен де осы тәжірибені жасау.
  • Эксперимент жоспарын жүргізілуімен салыстыру
  • Бағанды диаграмма құру, диаграммада денелерді белгілердің арақашықтығын өсу рету бойынша орналастыру.

Қорытынды: денелердің арасындағы ең мықты зат – сым, ал ең созылғыш зат – резеңке.

Зерттеу нәтижесін диаграмма түрінде тіркеу.

«Анықта» тапсырмасы

Мақсаты: Әр түрлі денеге бірдей күш әсер еткенде серпімділіктің өзгерісін анықтау.

Тапсырма: Әр түрлі денелердің суреттерін бірдей күш әсер еткен кезде серпімділігінің артуына байланысты өсу ретімен орналастыр.

ҚБ. Оқушылар өзін-өзі бағалауы

Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Өзіндік жұмыс орындау

23-жұмыс парағы. «Серпімділік күші»

Айқыштар мен дөңгелектер. Пікірлерді оқып, бағалау: егер пікір дұрыс болса, онда кестедегі оның нөмірін қоршап, дөңгелек қою; егер дұрыс болмаса, айқыш белгісін қойып, оның нөмірін сызып тастау.

Жауап:

«Дөңгелектер» - 1, 3, 5, 6, 8. «Айқыштар» - 2, 4, 7, 9.

Өзара тексеру, бағалау.

«Сен білесің бе?» Мақсаты: Оқушының дүниетанымын кеңейту.

Өзенге салынған көпір серпімділік күшінің әсерінен берік болып тұрады.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

Мәтінмен жұмыс. Мақсаты: серпімділік күші туралы білімдерін бекіту. Болжамдарын теориямен негіздеу.

Мәтінмен танысу. Алдымен жұппен, содан соң, ұжыммен сұрақ-жауап жүргізу, кері байланыс жасау.

Ойлан. Дене жаттығуларын жасау.

Сұрақ: Омыртқа жотасын қайда орналасқан? Жаттығу жасағанда ол қалай қозғалды? Серпімділік күшінің дененің созылуына қандай байланысы бар? (Дене созылған сайын оның серпімділік күші де арта түседі).

Үйге тапсырма. Серпімділік күшінің әсеріне үш мысал келтіру. 24-жұмыс парағын орындау.

Денелер (ермексаз, доп, серіппе, ысқыш, т.б.)

Оқулық

Оқулық 35-бет

Үлестірмелі қағаздар

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Рефлексия

- Сен бүгін не үйрендің?

Топтық жұмыс «Есте сақта!»

Әр топ сабақта оқып үйренілген ақпаратты шолып шығып, нені есте сақтау керек екені туралы ой қорытады.

Мысалы: Дене күштің әсерінен пішіні мен көлемін өзгерте алады. Сол сәтте пайда болатын серпімділік күші дененің бастапқы пішінін қалпына келтіруге тырысады.

- Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

- Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

Оқушылардың өзін –өзі бағалауы (Бағалау критерийлері бойынша)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру.үй тапсырмасын орындау барысында ынтасы жоғары оқушыларға қосымша ақпарат ізденуге тапсырма беру.

Оқушылар өздік және жұптық жұмыстар арқылы білімдері бағаланады

Өзін өзі бағалау

Мұғалімнің кері байланысы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу