Үйкеліс күші дегеніміз не? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Жаратылыстану 3-сынып Табиғат физикасы Күш және қозғалыс | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Күні: | ||||||||||
Тақырыбы: | Үйкеліс күші дегеніміз не? | |||||||||
Оқу мақсаты: | 3.5.1.3 үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру 3.5.1.4 күштің әсер ету бағытын анықтау 3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу | |||||||||
Сабақтың мақсаты: | Үйкеліс күшін зерттейді және сипаттайды; Үйкелістің түрлерімен танысады | |||||||||
Бағалау критерийі | Үйкеліс күшінің білінуін анықтайды; Үйкеліс күшін сипаттайды; Үйкелістің түрлерін атайды | |||||||||
Тілдік мақсат: |
| |||||||||
Құндылықтар: | Дүниетанымын кеңейту, көп білуге ынталану; өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, денешынықтыру | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Ауырлық, серпімділік күші туралы біледі, мысал келтіре алады, маңызын атай алады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Өткенді пысықтау. «Сен маған, мен саған» ойыны, доп лақтыра отырып, өткен тақырып бойынша бір біріне сұрақ қою. Мысалы:
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Кіріспе тапсырма. «Кімдікі дұрыс?» Суреттермен жұмыс. Суреттерде не бейнеленгенін атау. Оқушылардың пікірін анықтау: суреттер бір құбылысқа қатысты ма, әртүрлі құбылыс па? -Дене ненің әсерінен қозғалады? (Күштің әсерінен) -Күш қалай әсер етеді? (қозғалуына көмектеседі, кедергі келтіреді, дененің жылдамдығын өзгертеді) -Суреттерде көрсетілген денелердің қозғалысына әсер ететін күш ненің нәтижесінде пайда болады? (Суреттегі барлық денелер бір бірімен жанасатыны бейнеленген) Оқушылар өздерінің алғашқы пікірлерінде қалады. | Доп | ||||||||
Сабақтың ортасы | Зерттеу жұмысы.
Сұрақтар: –Мәшиненің қозғалысы неге байланысты болды? (Жолына төселген материалдарға) –Олар қалай әсер етті? (Қозғалысқа кедергі келтірді) –Материалдардың мәшиненің қозғалуына келтірген кедергісі бірдей ме? (Әртүрлі) –Кедергінің әртүрлі болуы неге байланысты болды? (Материалдың ерекшелігіне, бетіне) Мәшиненің дөңгелегіне кедергі келтіретін қозғалысқа қарсы пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Себебін анықта. Түрлі заттарды сипап көру: парта беті, кітап беті, мата. Олар қандай? (Тегіс немесе кедір бұдыр). Оқулықтағы суретке назар аудару. Тақтайды бақылау –Неліктен біз кедір-бұдырларды көрмейміз? (Олар өте ұсақ. Бірақ оларды үлкейткіш әйнекпен көруге болады) Әрекет. Оқушылар велосипед, самокат тебу тәжірибесін сипаттайды. (Велосипедтің педалін айналдырады, самокат тебу үшін жерден итеріледі). –Итерілуді/педальді айналдыруды тоқтатса не болады? (Үйкеліс күші әсерінен денелер тоқтайды. Яғни үйкеліс күші қозғалысқа кедергі келтіреді) «Кімдікі дұрыс» тапсырмасындағы адамның банан қабығынан сырғанап құлап жатқаны бейнеленген суретке қайта қарау, сұрау –Егер үйкеліс күші қозғалысқа бөгет болса, неге адам қозғала бастайды? (Үйкеліс күші әлсіз) –Егер үйкеліс күші қозғалысқа кедергі келтірсе, онда ол қайда бағытталған? (қозғалысқа қарама-қарсы) Тәжірибе жасау арқылы үйкеліс түрлерін анықтау. Қарындашты кітаптың үстіне оның түбіртегіне параллель қою. Қозғалмай тұрған, яғни, тыныштықта тұрған қарындашқа тыныштық үйкеліс күші әсер етіп тұр. Кітаптың жоғарғы жағынан ұстап жайлап көтеріп, төмен қарай сырғанай бастаған қарындашты бақылау. Пайда болған күш сырғанау үйкеліс күші деп аталады. Кітап бетіне көлденең қойылған қарындаштың домалауын бақылау. Бұл домалау үйкелісі. Үйкеліс қандай болады? Оқулықтағы суретпен жұмыс. Әрқайсысындағы үйкелістің түрін анықтау. (сырғанау, домалау, тыныштық) Тыныштық үйкелісін басқаларымен салыстыру. (Тыныштық үйкелісі – ең көп үйкеліс. Себебі дене қозғалмай тұрады. Үйкеліс қозғалысқа қарсы бағытталады) –Қандай үйкеліс күші қозғалысқа ең аз әсер етеді? (Домалау) Үйкеліс күштерін өсу ретімен орналастыру. (Домалау, сырғанау, тыныштық) Зертте. Оқушыларды шағын топтарға біріктіру. –Тәжірибеде нені өзгертуге болады? (Массаны, бетті, тақтайдың көлбеулену бұрышы). Тәжірибе саны бойынша үш жұмыс аймағын құруға болады. Әр топқа қажет ресурстар: тақтайлар, ойыншық машиналар, жазықтықтар, текшелер. Зерттеу барысы: –Өз тәжірибеңде нені өзгертесің? (Ойыншық мәшинелер жүріп өткен қашықтықты) Әр топ тәжірибе жүргізу жоспарын құрады. Бірінші топ. Тақтайдың шетін текшеге қою. Мәшинені тақтайдың жоғарғы шетіне қойып, жылжыту. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеу. Тәжірибені басқа машиналармен жүргізу. Екінші топ. Тақтайдың шетін текшеге қою. Үстелдің бетіне жазықтық болатындай затты көлбеу орнату. Машинаны жіберу. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеу. Тәжірибені басқа машиналармен жалғастыру Үшінші топ. Тақтайдың шетін текшеге қою. Машинаны жіберу. Тоқтау нүктесіне дейінгі қашықтықты өлшеу. Текшелерді бір-бірінің үстіне орналастыра отырып, үш тәжірибе жасау. Қорытындыны жасау, тәжірибенің суретін салу. Тәжірибе жүргізу жоспарын оның іс жүзінде жүруімен салыстыру. Топтардың зерттеу нәтижелерін салыстыру, талқылау. ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы Ойлан –Денелер тек қатты жазықтық үстімен қозғала ма? Ұшақ, су асты қайығы, құстар су мен ауада қозғалады. Ұшақ, суасты қайығы пішіндеріне ортақ не бар? (Олар сүйір болып келеді). Неге денелер сүйір пішінге келтіріледі? (Ауа мен су олардың қозғалысына кедергі келтірмес үшін, үйкелісті азайту үшін) Сен білесің бе? Ежелгі адамдардың отты жағуы туралы әңгімелесу. Алақандарын үйкеп көру. Алақанын жылдамырақ үйкеген сайын жылу пайда болатынын бақылау. Үйкеліс денелерді жылытатыны жайлы қорытынды жасау. Өзіндік жұмыс. 31-жұмыс парағы. Үйкелістің өзгеруі. Сызбаны толықтыр. Берілген мысалдарды өсу не кему ретімен сәйкес бағаналарға бөлу, үйкеліске қатысы жоқ мысалдардың астын сызу. Сызбаны өз мысалымен толықтыру. Жауап: Үйкелістің артуы: «жүк қосу», «домалаудың орнына тыныштық». Үйкелістің кемуі: «жеңіл денені алу», «сырғанаудың орнына домалау», «тыныштықтың орнына сырғанау». Бағытты көрсет. Бағыттамамен үйкеліс күшінің бағытын көрсету. Жауап: Үйкеліс күші денелердің жылдамдығына қарсы бағытталған. 32-жұмыс парағы. Үйкелістің түрлері. Сәйкестендір. Оқушылар суреттерді оларға сәйкес келетін үйкеліс түрлерімен сызықпен қосады. Жауап: Тыныштық үйкелісі: жүріп келе жатқан қыз, түйін байланған жіп. Сырғанау үйкелісі - жұмысшы жүкті арқанмен өрге сүйреп келеді, адам шаңғы теуіп жүр. Домалау үйкелісі – жүріп келе жатқан көлік, бала ролик теуіп жүр. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы | Мәшине, қолда бар түрлі материалдар (резеңке, кілемше) Кітаптар, қарындаш Әр топқа тақтайлар; • бірінші топқа текше, массасы әртүрлі үш ойыншық мәшине; • екінші топқа сапасы әртүрлі текше, ойыншық машина және үш жазықтық; • үшінші топқа ойыншық мәшине мен бірнеше текше Ұшақ, су асты қайығы, балық, құс суреті | ||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы» | «Жетістік баспалдағы» | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қосымша тапсырма арқылы саралау. Сұрақ қою арқылы саралау | «Өте жақсы!», «Жақсы!», «Талпын!» сияқты сөздермен қолдау. Оқушының жұмысын сырттай бақылау арқылы бағалау. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы «Жетістік баспалдағы» | Сергіту сәті мен белсенді іс-әрекет түрлері. Қауіпсіздік ережесін сақтау | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | ||||||||||
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?