Жер қабаттары қалай орналасқан? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Жер және ғарыш | Мектеп: Модератор: Увалиева А.К Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: | Жер қабаттары қалай орналасқан? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар: Жер қабаттарының орналасуы жайлы біледі; Биосфераның басқа жер қабатынан ерекшелігін талқылайды; Жер қабаттарының бір-бірімен байланысын түсінеді; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Жер қабаттарының орналасуын бейнелейді және сәйкес түсті дұрыс таңдайды. Ғаламшарды қорғау шараларын біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | ғаламшарды қорғау | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | дүниетану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жер сфераларын біледі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру. Өткен сабақта алған білім бойынша қалыптастырушы бағалау
Бағалау критерийі:
Бағалау
|
Жұмыс парағы Бағалау критерийі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аудару.
Әр топқа суреттердің түрлі жиынтығын беру. Жануарлардың суретін олардың тіршілік ортасына қарай (әуеде, жерде, жер астында, суда) орналастыру. Тіршілік ортасының литосферада тереңдеген сайын, атмосфера биіктеген сайын азаятынына назар аударту. Талқылау. Басқа ғаламшарларда неліктен сондай жануарлар, балықтар мен құстар мекендемейтінін топта талқылау. Жауаптарды тыңдау, басқа ғаламшарларда ауа және су жоқ болғандықтан тіршілік жоқ екенін оқушылардың өздері айтуларына бағыт беру.
Топтық жұмыс ұйымдастыру. Әр топқа шар түрінде бейнеленген Жердің суреті салынған парақ, қоңыр, көгілдір, көк және жасыл түсті сақиналар (жасыл сақина қалғандарына қарағанда екі есе жуан), желім, қайшы беру. Жұмысты орындауға арналған нұсқаулық
Жұптық жұмыс. Тірі табиғат иелері басқа Жер қабаттарынан не алып, не беретіні туралы ойлануды тапсыру. Әр топ алдын ала биосфераның қандай өкілін таңдайтыны жайлы ақылдасу және таңдауларын жариялау (жануарлар, құстар, теңізді мекендеушілер, өсімдіктер). Жұптардан таңдаған жануар жайлы сұрақтарға жауап алу.
Басқа жұптардың жауаптарымен салыстырып, ортақ жауаптарды анықтау.
Оқушыларға сұрақ қою:
Оқушылардан Жер бетінде алғашқы тірі ағзалар оның қай қабатында пайда болғанын сұрау. Ғалымдардың нақты анықтамағанын, алайда алдымен бактериялар суда пайда болған деп есептейтінін айту.
Жұптық тексеру жүргізу. Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері. 69-жұмыс парағы. «Жердің төрт қабаты» 13-б. 70-жұмыс парағы. «Биосфера өкілдері», 14-б. |
Төрт түсті қағаз, желім, қайшы, Жер үлгісінің суреті кесте Семантикалық карта | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия «Идеялар себеті» Топ бойынша болашақта ғаламшарды қорғауда қандай үлес қосатындары жайлы жазып, «Идеялар себетіне» жабыстыру. Топтар бір-бірінің жазғандарын оқып, ұнаған идеяны белгілеу. | Себет макеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұмбақтар кітапшасы: Жер қабықтары туралы өз ойларынан жұмбақтар кітапшасын құрастыру. | Кіріспе тапсырма, Биосфераның басқа қабықтармен байланысы, семаникалық картамен жұмысты бағалау | Топтық, жұптық, жеке жұмыс жасау ережелерін сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?