Ғарышты қалай игерген? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану пәні 3 сынып

6 тарау 3 сабақ

Сабақ тақырыбы: Ғарышты қалай игерген?

Ұйымдастыру. Сабаққа оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін жұмбақтар жасыру.

  • Аспанда бір айна бар,

Әлемді көріп айналар. (күн)

  • Кейде орта, кейде толы бір тегене,

Көрінер кейде күндіз, кейде түнде,

Бетіне ақ шағыдан перде тартқан,

Балалар, ойлап қара, бұл немене? (ай)

  • Төңірегі тең көрініп,

Теген жатыр төңкеріліп,

Жас та сиған, кәрі сиған,

Астына оның бәрі сиған. (аспан)

  • Ұшады қанатсызЗырлайды аяқсыз. (Зымыран)
  • Ұшқыш емес, бірақ олАспанда қалықтап ұшадыОны кім деп ойлайсың? (Ғарышкер)

«Жедел жауап». Оқушылардың ғарыш туралы алғашқы білімдерін тексеру үшін қойылады.

1. Сен түнгі аспаннан қандай шоқжұлдыздарды көре аласың? (Жетіқарақшы мен Кішіаю)

2. Күн адамға не береді? (Жарық, жылу, энергия)

3. Күн жүйесінің ғаламшарларын ата. (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун)

4. Айдың қозғалысы ғаламшарлардың қозғалысынан қалай ерекшеленеді? (Ай – Жер серігі. Ол ғаламшарды айналады, ал ғаламшарлар жұлдызды – Күнді айналады)

5. Ғаламшарлардың ең үлкені қайсысы? (Юпитер)

6. Қай ғаламшар Күнге ең жақын орналасқан? Ең алысы қайсысы? (Бәрінен жақыны – Меркурий, ең алысы – Нептун.)

7. Қай ғаламшарлар Жерге жақын орналасқан? (Шолпан мен Қызылжұлдыз).

8. Неліктен басқа ғаламшарларда тіршілік жоқ? (Оларда оттек жоқ.)Сабақтың ортасы:

Сабақтың тақырыбын оқушылар өздері табады, мақсатымен таныстырылады.

  • Зертте. Топтық жұмыс

Оқушылар топтарға бөлінеді. Әр топ мүшелерінің назары оқулықтағы инфографикаға аударылды. Оның көмегімен сұрақтарға жауап беру және оқиғаларды ретімен орналастыру ұсынылады.

1. Ғарышқа алғаш рет қандай дене ұшырылды? Ол қай кезде ұшты?

2. Ғарышқа адамға дейін не ұшырылды?

3. Ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім?

4. Алғаш рет Айдың бетінде «серуендеген» кім?

5. Орбиталық стансы не үшін қажет?

Оқушылар сұрақтарды жауаптармен сәйкестендіреді. Топтар бірін-бірі тексеріп, бағалайды.

  • Қосымша ақпараттармен жұмыс жасау. Оқушыларға ғарыш туралы ақпараттар бар энциклопедиялар мен қосымша материалдар таратылады.

«Сұрақ-жауап» ойыны ұйымдастырылады. Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.Әр топ мүшесі энциклопедияларды оқи отырып, 1 парақшаға (карточкаға) сұрақ, екінші парақшаға оның жауабын жазады. Барлық топ мүшелері сұрақ және жауап жазылған парақшаларын ортаға қойып араластырады да, карта сияқты таратады. 1 оқушы сұрақ жазылған парақшаны оқып, ортаға тастайды. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауап жазылған парақша кімде болса, сол оқушы парақшаны ортаға тастайды. Әр сұрақтың жауабы табылғанша ойын жалғаса береді. Бұл ойынды бүкіл сынып дөңгелене отырып та ойнауға болады.

  • Сен білесің бе?

Ғарышқа ұшу кезінде зымыран көтеретін жүктің салмағы, отын шығынының мөлшері, ғарышкердің салмағы мен бойының биіктігі туралы ақпарат беріледі.

  • Ғарыш зерттеулері бізге не берді?

Оқушыларға сұрақ қойылады.

  • Сендер теледидар көруді ұнатасыңдар ма?
  • Бейнесюжеттердің ғарыш арқылы берілетінін білесіңдер ме?
  • Телефон, ғаламтор тағы басқа қызметтерді адам не арқылы қабылдайды деп ойлайсың?

Жер айналасындағы орбитада орналасқан теледидарлық серіктер атқарады. Теледидарлық станса серікке сигнал жібереді, ал ол тиісті жерге сигналды қайта жібереді. Сонымен қатар, серіктердің метеорологиялық және бақылау серіктері деген түрлері болатыны айтылады. Ақпарат беру жасанды серік арқылы іске асатыны түсіндіріледі. Интернет тек адамзат ғарышқа жасанды серіктер жіберуді үйренгеннен кейін ғана пайда болғаны айтылады.

  • Бізге ғарыштық жаңалықтар не үшін керек? Сұрақтар:
  • Қақпағы бар кішкене қалташадағы немесе тюбиктегі азық-түлікті көрдіңдер ме?
  • Бұл тамақтар кімдерге арнап ойластырылған?

Бұл жаңалықтар ғарышкерлерге байланысты ойлап табылғанын, мұндай тағамдарды ғарышкерлердің ғарышта өмір сүруі кезінде тамақтануы үшін жасалғаны айтылады.

  • Ойлан.

Егер мүмкіндік болса, оқушыларға ғарышкерлер туралы бейнеролик көрсетуге болады https://yandex.kz/video/search?text=ғарыш%20туралы%20видео&path=wizard&noreask=1&filmId=6355188945731707873. Егер ондай мүмкіндік болмаса, суреттер қолданылады. Ұзақ сапар жасаған ғарышкерлер қонудан кейін қол-аяқтарын әрең қозғалта алатындарына назар аударылып, нелектен олар ондай күй кешетіндері сұралады. Оқушылардың болжамы тыңдалған соң, ғарышкерлердің ондай күйлерінің себебін түсіндіріледі. (Бұлшық еттер көп қимылдамағандықтан әлсірейді.)

Ұзақ сапарлар кезінде ғарышкерлер тағы қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін топта талқылап, басқа топтармен ой бөлісіп, өз пікірлерін білдіреді.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар орындалады. 71, 72- жұмыс парағы. 15, 16-б.

Рефлексия. Оқушылар үш жұлдызға сәйкес сабақ бойынша рефлексия жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу