Ғарышты қалай игерген? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Жер және ғарыш

Мектеп:

Модератор: Увалиева А.К

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Ғарышты қалай игерген?

Оқу мақсаты:

3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу;

3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылар:

ғарышты игеру кезеңдерімен танысады;

ғарыш жаңалықтарының маңызын түсінеді.

 Бағалау критерийі

Жер қабаттарының орналасуын бейнелейді және сәйкес түсті дұрыс таңдайды.

Ғаламшарды қорғау шараларын біледі.

Тілдік мақсат

Оқушылар: жылдар бойынша оқиғаларды дұрыс орналастырып, ғарыш туралы сұрақтарға жауап береді. Ғарыштық технологиялар туралы өз білімін ортаға салады және басқалармен ой бөліседі.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Серік, зымыран, орбиталық станса

 Құндылықтар

Жаңалықтар ашуға құштарлық

 Пәнаралық байланыс

дүниетану

 АКТ қолдану

 дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Жер қабаттарын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру.

Жұмбақтар шешу.

  • Аспанда бір айна бар,

Әлемді көріп айналар.

  • Кейде орта, кейде толы бір тегене,

Көрінер кейде күндіз, кейде түнде,

Бетіне ақ шағыдан перде тартқан,

Балалар, ойлап қара, бұл немене? 

  • Төңірегі тең көрініп,

Теген жатыр төңкеріліп,

Жас та сиған, кәрі сиған,

Астына оның бәрі сиған.

  • Ұшады қанатсызЗырлайды аяқсыз.
  • Ұшқыш емес, бірақ олАспанда қалықтап ұшадыОны кім деп ойлайсың?

«Жедел жауап». Оқушылардың ғарыш туралы алғашқы білімдерін тексеру.

1. Сен түнгі аспаннан қандай шоқжұлдыздарды көре аласың?

2. Күн адамға не береді?

3. Күн жүйесінің ғаламшарларын ата.

4. Айдың қозғалысы ғаламшарлардың қозғалысынан қалай ерекшеленеді?

5. Ғаламшарлардың ең үлкені қайсысы?

6. Қай ғаламшар Күнге ең жақын орналасқан? Ең алысы қайсысы?

7. Қай ғаламшарлар Жерге жақын орналасқан?

8. Неліктен басқа ғаламшарларда тіршілік жоқ?

жұмбақтар

Сұрақтар

Сабақтың ортасы

Сабақтың тақырыбын оқушылардың өздеріне тапқызып, мақсатымен таныстыру.

  • Зертте. Топтық жұмыс

Оқушыларды топтарға бөлу. Әр топ мүшелерінің назарын оқулықтағы инфографикаға аудару. Оның көмегімен сұрақтарға жауап беру және оқиғаларды ретімен орналастыру.

1. Ғарышқа алғаш рет қандай дене ұшырылды? Ол қай кезде ұшты?

2. Ғарышқа адамға дейін не ұшырылды?

3. Ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім?

4. Алғаш рет Айдың бетінде «серуендеген» кім?

5. Орбиталық стансы не үшін қажет?

2. Қосымша ақпараттармен жұмыс жасау. Оқушыларға энциклопедиялар тарату.

Ойын «Сұрақ-жауап». Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.Әр топ мүшесі энциклопедияларды оқи отырып, 1 парақшаға (карточкаға) сұрақ, екінші парақшаға оның жауабын жазады. Сұрақ және жауап жазылған парақшаларын ортаға қойып араластырады да, карта сияқты таратады. 1 оқушы сұрақ жазылған парақшаны оқып, ортаға тастайды. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауап жазылған парақша кімде болса, сол оқушы парақшаны ортаға тастайды. Әр сұрақтың жауабы табылғанша ойын жалғаса береді.

  • Сен білесің бе?

Ғарышқа ұшу кезінде зымыран көтеретін жүктің салмағы өте маңызды. Ол отын шығынының мөлшері мен зымыранның алатын жылдамдығына байланысты болады. Егер ол ғарыштық жылдамдыққа (8 км/с) жетпесе, онда зымыран орбитаға шыға алмайды. Нақ сол үшін ғарышкерлерге қойылған негізгі талаптардың бірі ғарышкердің салмағы мен бойының биіктігі болған. Сондай талаптар ғарышкер иттерге де қойылған.

  • Ғарыш зерттеулері бізге не берді?

Оқушыларға сұрақ қою.

  • Сендер теледидар көруді ұнатасыңдар ма?
  • Бейнесюжеттердің ғарыш арқылы берілетінін білесіңдер ме?
  • Телефон, ғаламтор тағы басқа қызметтерді адам не арқылы қабылдайды?

Жер айналасындағы орбитада орналасқан теледидарлық серіктер атқарады. Теледидарлық станса серікке сигнал жібереді, ал ол тиісті жерге сигналды қайта жібереді. Сонымен қатар, серіктердің метеорологиялық және бақылау серіктері деген түрлері болатынын айту. Ақпарат беру жасанды серік арқылы іске асатынын түсіндіру. Интернет тек адамзат ғарышқа жасанды серіктер жіберуді үйренгеннен кейін ғана пайда болғанын айту.

  • Бізге ғарыштық жаңалықтар не үшін керек?
  • Қақпағы бар кішкене қалташадағы немесе тюбиктегі азық-түлікті көрдіңдер ме?
  • Бұл тамақтар кімдерге арнап ойластырылған?

Бұл жаңалықтар ғарышкерлерге байланысты ойлап табылғанын, мұндай тағамдарды ғарышкерлердің ғарышта өмір сүруі кезінде тамақтануы үшін жасалғанын айту.

  • Ойлан.

Егер мүмкіндік болса, оқушыларға ғарышкерлер туралы бейнеролик көрсету. Егер ондай мүмкіндік болмаса, суреттерді қолдану. Ұзақ сапар жасаған ғарышкерлер қонудан кейін қол-аяқтарын әрең қозғалта алатындарына назар аударту. Ғарышкерлердің ондай күйлерінің себебін оқушылармен талқылау. (Бұлшық еттер көп қимылдамағандықтан әлсірейді.) Ұзақ сапарлар кезінде ғарышкерлер тағы қандай қиындықтарға тап болуы мүмкін екенін топта талқылап, басқа топтармен ой бөлісу.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері. 71, 72- жұмыс парағы. 15, 16-б.

Сурет

Энциклопедия, қосымша ақпараттар

сурет

https://yandex.kz/video/search?text=ғарыш%20туралы%20видео&path=wizard&noreask=1&filmId=6355188945731707873

Сабақтың соңы

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ынтасы жоғары оқушыларға ғаламтордан, энциклопедиялардан ғарышты игеру арқасында тағы қандай заттардың пайда болғанын оқып, олардың тізімін жасау.

Зерттеу, инфографикамен жұмыс, қосымша ақпараттармен сұрақ құрастыруды бағалау

Топтық жұмыстарда тәртіп ережесін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу