Жарықтың шағылуы дегеніміз не? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану пәні 3 сынып

6 тарау 5 сабақ

Сабақ тақырыбы: Зымыран қай жерден ұшырылады?

Ұйымдастыру. Топтық жұмыс ұйымдастырылады. Сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін сөзжұмбақ жасырылады. Оқушылар сөзжұмбақты шешіп, жасырынған сөзді табады.

«Ғарыш айлағы» сөзін жылдам әрі дұрыс тапқан топ бағаланады.

Сабақтың ортасы:

  • Оқушылардың ғарыш айлағы туралы алғашқы білімдерін тексеру үшін сұрақтар қойылады.
  • Ғарыш айлағы дегеніміз не?
  • Ол не үшін қажет?
  • Ғарыш айлағында нелер болады?
  • Қазақстанның қай жерінде ғарыш айлағы бар?
  • Ғарыш айлағында кімдер қызмет етеді?
  • Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

Сұрақтармен жұмыс жасалған соң сабақтың мақсатын оқушылар өздері анықтайды. Сабақтың мақсаты таныстырылады.

  • Бейнефильм. Қазақстан ғарышкерлері жайлы бейнефильм көрсетіліп, оқушылар бейнефильмнен алған әсерлерімен бөліседі.
  • Ғарышкерлерден сұхбат ал.

Топтық жұмыс ұйымдастырылады. Баспасөз конференциясы жән журналистердің қызметі жайлы әңгіме жүргізіліп, бүгін ғарышкерлермен конференция болатыны ескертіледі. Конференцияға дайындалу үшін оқушылар ғарышқа ұшу туралы қосымша мәліметтермен танысады. Қосымша ақпараттар оқып болған соң, ғарышкер және журналистер болып рөлдерді бөліп алады. Журналистер топта жұмыс жасай отырып нағыз ғарышкерлермен кездесу кезінде қоятын сұрақтарын дайындайды, ал ғарышкер-оқушылар оларға жауап беруге дайындалады. Ғарышкерлермен сұхбат ұйымдастырылады.

Оқушылар бұл тапсырманы орындау барысында ойлы, маңызды сұрақтар құрастырып үйренеді. Ғарышқа ұшуға дайындық туралы қызықты деректермен танысады.

  • Байқоңырға саяхат.

Байқоңыр ғарыш айлағы туралы қосымша ақпаратпен таныстырылады немесе бейнефильм көрсетуге болады. Оқулықтағы ұшу кешені – зымырандар ұшырылатын жер ейнеленген суреттерді ретімен айтады.

  • Ойлан

Оқушыларға картадан немесе глобустан Байқоңырдың орналасқан жері көрсетіледі. Олардан:

  • Неліктен ғарышқа ұшыру алаңы дәл осы жерге салынған? Қалай ойлайсыңдар? – деен сұрақ қойылып, оқушылардың болжамы тыңдалады.
  • Зертте. Қажетті ресурстар алдын-ала дайындалады.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық беріледі:

  • Ғарыш кешенін салуға болатын жердің сипаттамасы жазылған парақшаларды оқу.
  • Қажетті сипаттаманы таңдау.
  • Кешенде орналасқан нысандар бейнеленген суреттерді таңдау.
  • Суреттерді пайдаланып, аппликация жасау.
  • Ғарыш кешенінің барлық нысандарының аттарын жазу.
  • Жұмыстарын қорғау
  • Көрме ұйымдастыру

Жұмысқа қойылатын критерийлерлер арқылы топтардың жұмысы бағаланады. «Галареяға саяхат» жасалып, оқушылар өздеріне ұнаған жұмысқа стикер жабыстырады. Көп стикер жинаған топ анықталады.

Жұмыс аяғында оқушылар ғарышқа ұшыру кешені қандай нысандардан тұратынын, олардың әрқайсысының не үшін қажеттілігін түсінеді.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері. 75, 76- жұмыс парағы. 19, 20-б.

Рефлексия . «Зымыран»

Сабақ түсінікті болса зымыранды жоғары бұлтқа, орташа түсінікті болса төменгі, мүлдем түсініксіз болса төменгі бұлтқа орналастыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу