Жарықтың шағылуы дегеніміз не? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Табиғат физикасы | Мектеп: Модератор: Увалиева А.К Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||
Күні: | |||||||||||
Тақырыбы: | Жарықтың шағылуы дегеніміз не? | ||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.5.2.2 денелердің жарықты шағылдыру қасиетін түсіндіру 3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау | ||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар: әртүрлі заттардың жарықты қалай шағылдыратыны жайлы ақпарат алады; жарықтың шағылуын адамдардың қалай пайдаланатынын түсінеді. | ||||||||||
Бағалау критерийі | Жарықты шағылдыратын өмірде қолданылатын заттарды атайды. Маңызын түсінеді. | ||||||||||
Тілдік мақсат |
| ||||||||||
Құндылықтар | Ынтымақтастықпен жұмыс жасау | ||||||||||
Пәнаралық байланыс |
| ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | ||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | |||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру. Суреттер көрсету Сұрақтар: - Бұл суреттерден не байқадыңдар? Суреттердің ерекшелігі неде?
Сабақтың тақырыбымен таныстыру. | Сөзжұмбақ | |||||||||
Сабақтың ортасы
| Оқушыларды топтарға бөлу. Тапсырма: өз бейнелерін көре алатын және бейнелері көрінбейтін заттардың атын жазу. Жауаптарын тыңдау. Жарықты шағылдыра алатын денелердің арасындағы ортақ қасиетті анықтау . (Барлық заттар тегіс.)
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық - Айнаны тігінен қойып, оған қолшамнан бұрыш жасай отырып, жарық түсіру. - Қорытындысын жазу. - Айнаның орнына қара түсті парақты алып, экспериментті қайталау. - Қорытындысын жазу. - Тағы басқа қандай заттардан күн сәулесін түсіруге болатынын анықтау. - Берілген ресурстардың тізімін құрастыру. 3. Адам жарықтың шағылуын қалай пайдаланады? Оқушыларға калейдоскоп көрсету. Оның қалай ойлап табылғаны туралы айтып беру. Адамдар қандай жарық шағылдыратын заттар пайдаланады? деген сұрақ қою арқылу ойлануға жетелеу. Оқулықтағы суреттердің атын атау. - Неліктен жол ережелері белгілерін жарық шағылдыратын бояумен бояйды? (Егер жай бояу пайдаланса, түнде нашар көрінеді.) - Велосипедке не себепті катафот тағады? (Велосипедшіні алыстан байқау үшін.) - Катафотты велосипедтің қай жеріне таққан дұрыс? (Дөңгелектеріне, рулінің тіреуішіне, артқы дөңгелегіне.) - Неліктен киімге жарық шағылдыратын таспалар тігеді? - Мұндай киімдер кімдерге арналған? (Полиция қызметкерлері мен жол жұмысшыларына) - Неге мәшинеге алыстан көрсететін үш айна қойылады? 4. Ойлан. Кейбір ашық түсті заттар жарықты жақсырақ шағылдыратынын айту. Таза қар күн сәулесі түскенде жарықты шағылдыру мүмкіндігіне ие. - Неліктен тауда шаңғы тебу кезінде адамдар күннен қорғайтын көзілдірік киеді? деген сұрақ қою. Алдымен жұппен талқылап, содан соң топта пікір алмасу. Талқылаудан кейін әр топтың пікірін тыңдап, қандай заттардың жарықты бәрінен де жақсырақ шағылдыратыны туралы қорытынды жасау. (Жарық, тегіс заттар) 5. Айнадағы мәтінді оқы. Оқушыларға хат жазылған парақ тарату. Айнаға қарау арқылы жұпта хатты оқуды тапсыру. Оқушылардан хатта не жазылғандығын сұрау. Оқушыларға мәтінді оқуға тырысуға мүмкіншілік беру. Бірінші айнаға қарама-қарсы белгілі бір бұрышпен екінші айнаны орнату, бірінші айнадағы мәтін екінші айнадан көрінетіндей етіп қою. -Мәтін бірінші айнада қалай көрінді? – деп сұрау. (Ол керісінше жазылған) Қосымша тапсрыма: Жұмыс дәптері: 39-жұмыс парағы. «Жарық қандай денеден шағылады?», 41-б. |
| |||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия . |
| |||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Байқоңыр айлағы туралы қосымша ақпарат іздестіру | Сөзжұмбақ шешу, Ғарышкерлер конференциясында сұрақ дайындау және жауап беру, Ғарыш айлағын құрастыруды бағалау | Топтық жұмыс жасағанда желім, қайшымен қауіпсіздік ережелерін сақтау |
3. Летательный аппарат, на котором летала Баба Яга.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?