Күн мен түн неліктен алмасады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқау
Жаратылыстану
3-сынып
Күн мен түн неліктен алмасады?
Бұл сабақты өткізу барысында 3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау оқу мақсаттары жүзеге асырылады.
Ұйымдастыруды кіріспе тапсырмадан бастауға болады. «Жарық көздерін ата». Оқушылардан олардың өмірінде ата-аналары бір жұмысты істеуді тапсырып, ал олар ойнап кетіп, орындамаған жағдайлар болған-болмағанын айтуды сұраңыз. Эврика не істеуді өтінгенін нақтылаңыз. «Сен қандай жарық көздерін білесің? Олардың ішінен тек табиғи жарық көздерін ғана атап шық». Қағазға мұқият қарап, Эвриканың тізіміндегі сөздерді табуды өтініңіз. Барлық табиғи жарық көздерін естеріңе түсірдіңдер ме? Олардың қайсылары күндіз көрінеді? Қайсылары түнде көрінеді? Жарық көздерінің қайсысы жақсы жарқырайды? (Күн)». Күннің жарық көзі ретінде біздің ғаламшарымыздың тіршілігіндегі маңызына ерекше мән беріңіз. Осы арқылы алдыңғы тарауларда алған білімдері жаңғыртылады. Бұл оқушылардың тарау арасындағы пәнішілік байланыстың мәнін түсінуіне көмектеседі.
Алынатын жауаптар. Тізімде: шам, Күн, жұлдыздар, батарея, жарқырауық қоңыздар, қолшам, от, лазер, найзағай.
Табиғи көздер: Күн, жұлдыздар, жарқырауық қоңыздар, от, найзағай.
Қалыптастырушы бағалау. Ауызша кері байланыс жүргізіңіз.
Сабақ тақырыбын анықтау. Мақсатын айқындау
–Бүгін біз не туралы оқып үйренеміз деп ойлайсыңдар? Оқушылардың пікірін тыңдап алған соң Күн мен түннің алмасуы туралы білетінін хабарлаңыз.
Ғаламшарымыздың «құпиясы» неде? Балалардан Жер шарының үлгісі туралы сұраңыз. (берілген үлгі глобус болып табылады.) Глобусты көрсетіп, сипаттап беруді сұраңыз. Ол айналу үшін сәл қозғалысқа келтіріңіз. «Егер глобус – Жердің үлгісі болса, біздің ғаламшарымыз айнала ма?» – деп сұраңыз. Барлық пікірлерді тыңдап көріңіз. Жер осіне назар аудартыңыз. Жер шарының сондай сызығы бар ма? Глобуста оның көрінетінін, ал шындығында жоқ екенін айтыңыз. Ол ойдан алынған болжалды сызық, оның бойымен біздің ғаламшарымыз қозғалады. Оның аздап қисайып тұратынына назар аудартыңыз. «Қалай ойлайсыңдар, бұны кездейсоқ қателік деп айтуға бола ма?» деп сұраңыз (жоқ, Жер сәл көлбеу тұрады.)
Уақытты анықта. Тапсырманы орындауды топқа бөліп ұйымдастырыңыз. Мүмкіндігінше, әр топқа бір-бір глобустан беріңіз. Егер мүмкіндік болмаса, онда демонстрациялық глобусты қолданыңыз. Оқушыларға глобусты айналдырып көруді тапсырыңыз. Оларға алдымен глобусты тез, сосын баяу айналдыруды тапсырыңыз. «Жер өз осінен бір айналым жасағанда, оның бетінде қанша уақыт өтеді?» – деп сұраңыз. Барлық болжалдарды тыңдаңыз.Балалардың жауаптарын растамаңыз және жоққа шығармаңыз, оларға ол туралы зерттеу жұмыстары барысында біліп алуды тапсырыңыз.
Зертте. Топ бойынша жұмыс істеуді жалғастырыңыз. Әр топқа глобуспен қатар, қолшам немесе үстел шамы қажет болады. Глобусты екі түсті шармен алмастыруға болады.
Зерттеу жүргізу нұсқаулығы
• Глобуста Астана орналасқан жерге жалауша немесе жапсырма жапсыру. Егер сіз тұратын қала немесе облыс орталығы берілсе, оны белгілеуге болады. Егер глобустың орнына екі түсті шар алынса, онда кез келген жеріне жапсырыңыз.
• Бір оқушыға қолшам немесе шамды қосып, оны глобусқа бүйірінен бағыттау керек (доп).
• Жапсырма глобустың қай жағында болғанын зерттеушінің дәптеріне белгілеу. Сұраққа жауап беру: ол жерде күндіз бе, әлде түн бе?
• Жапсырманың орнына назар аудара отырып, глобусты (допты) баяу айналдыра бастау. Белгілі бір елді мекеннің тұсына келгенде күндіз болып тұрғанына ерекше назар аудартыңыз. Неге олай ойлайсыңдар? Неліктен шардың бір жағы жарық бола қалды? (шамның сәулесі түсті.) Ол жерде күндіз қанша уақытқа созылады? (жапсырма шам сәулесінің астында тұрғанша). Күн қалай батады?
• Назар аударыңыз, глобус (доп) қанша уақытта толық бір айналым жасайды? «Қанша уақыт өтті? (тәулік.) Ол қанша сағатқа созылады?
Зерттеуден кейін қорытынды шығаруды тапсырыңыз. «Күн мен түннің алмасуы қалай өткен? Күн айналды ма? Жер қалай айналған?» деп сұрауға болады. Оқушылар күн мен түннің қалай алмасатынын түсінулері керек.
Осы зерттеудің барысында қандай елдерде күндіз, қандай елдерде түн екенін нақты анықтауға бола ма деп сұраңыз (шамамен, бірақ нақты емес). Күн мен түннің алмасуы қашан өтетінін нақты білуге бола ма? (Бұл өте күрделі, тіпті мүмкін емес). Неге? (шам Күн сияқты жарық түсірмейді; өлшемдерді есептеу мүмкін емес). Нәтижесінде, оқушылар ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау қабілеттерін дамытады. Нәтижелер нақтырақ болуы үшін не істеуге болатыны жайлы ойлануды тапсыруға болады (құралдарды айырбастау, өлшемдерді есепке алуға тырысу).
Ойлан. Глобустың көмегімен Қазақстанда түн болғанда қандай елдерде күндіз болатынын және керісінше Қазақстанда күндіз болғанда, қандай елдерде түн болатынын анықтауды тапсырыңыз. Егер бұл тапсырманы орындауға қиналса, онда құрлық немесе әлем бөлігін белгілеуге болады.
Ықтимал жауаптар:
Канадада, Америка Құрама Штаттарында, Мексикада, Эквадорда, Чилиде, Бразилияда.
Сен білесің бе? Егер Жер кенеттен айналуын тоқтатса, оның әсері жылдам келе жатып кенет тоқтаған машинаның әсеріндей болады. Мықты жел көтеріледі, оның күші соншалық, тіпті өрттер мен цунамилер тудырады. Цунамидың пайда болуына мысал келтіріңіз. Оқушыларға цунами мен құйындар туралы баяндама дайындауды тапсыруға болады. Егер техникалық ресурстар тұрғысынан мүмкіндік болса, бейнебаян көрсетуге болады.
Білімді жүйелеу. Сабақтағы жұмысты сұрақтармен қорытындылаңыз. Ол үшін сұрақтарға жауап беруді немесе оқулықтағы мәтін бойынша өздеріне сұрақ құрастыруды ұсынуға болады.
Күн мен түннің ауысуына әсер ететін не?
Жердің осі деген не?
Жердің осі қалай орналасады?
ҚБ (өзара бағалау)
Дәптермен өзіндік жұмысты ұйымдастыру
19-жұмыс парағы. «Күн мен түн», 21-б.
Қазір қай жерде түн? Оқушылар қазір қай елдерде күндізгі мезгіл екенін анықтап, оны бояйды. Қалғандары аттарын жазады. Оқушылар күндізгі мезгіл Жердің Күнге қараған жарық жағында орналасқан елдерде болатындығын түсінулері керек.
Сурет бойынша анықта. Оқушылар Негеш пен Эврикаға арналған тапсырмаларды оқып, дұрыс жауаптардың нұсқаларын қоршай алады.
Жауаптар:
- а) күндіз
- ә) түн
- б) глобусты оның Қазақстан аумағына қарама-қарсы жағына жарық түсетіндей бұру.
20-жұмыс парағы. «Тәулік», 22-б.
Сөйлемдерді толықтыр. Оқушылар бос орындарды толықтырып, жетіспейтін сөздерді суреттермен қоса алады.
Жауаптар:
1. Біз екеуміз алып ғаламшар Жерде тұрамыз.
2. Бізден алыста орасан зор жарық жұлдыз Күн бар.
3. Жер өзінің осінен айналады.
4. Бір айналым дегеніміз – ол бір тәулік.
5. Тәулік дегеніміз – 24 сағат.
6. Жердің Күнге қараған жағында – күндіз.
7. Қарама-қарсы жағында – түн.
Қосымша тапсырмалар
Кейбір оқушылар Жердің Күнді айналу үлгісін көгілдір түсті ермексаздан жасай алады, ортасына ұзын жіп өткізіп, сосын оны қию керек, бірақ соңына дейін емес. Сары түсті ермексаздан құрлықтарды жасау. Үлгінің ортасына Күнді жапсыру. Бұл үлгіні арнайы тұғырға немесе ағаш істікке бекітуге болады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?