Күн мен түн неліктен алмасады? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспар

Жаратылыстану

3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Күн мен түн неліктен алмасады?

Оқу мақсаты:

3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру

3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

Сабақтың мақсаты:

Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру

Бағалау критерийі

Жердің өз осінен айналатынын түсінеді;

Күн мен түннің ауысуын Жердің өз осімен айналуымен байланыстыра алады

Тілдік мақсат:

Жаңа ұғымдарды тақырып бойынша құраған сөйлемдерінде қолдана алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

ось

тәулік

Құндылықтар:

Дүниетанымын кеңейту, құбылыстарды түсінуге ынталандыру; өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика

Алдыңғы меңгерілген білім

негізгі уақыт өлшем бірліктерін ажыратады,

ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсінеді

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру.

Кіріспе тапсырма.

-Сен қандай жарық көздерін білесің?

-Қандай табиғи жарық көздерін білесің?

-Барлық табиғи жарық көздерін естеріңе түсірдіңдер ме?

-Олардың қайсылары күндіз көрінеді?

-Қайсылары түнде көрінеді?

-Жарық көздерінің қайсысы ең жарық? (Күн).

Жарық көздерін ата.

Эвриканың тізіміндегі сөздерді табу

-Жарық көзінің қайсысы біздің ғаламшарымыздың тіршілігінде маңызы зор?

Жауаптар

Тізімде: шам, Күн, жұлдыздар, батарея, жарқырауық қоңыздар, қолшам, от, лазер, найзағай.

Табиғи көздер: Күн, жұлдыздар, жарқырауық қоңыздар, от, найзағай.

ҚБ (мұғалімнің ауызша кері байланысы)

Сөздер жазылған тізім

Сабақтың ортасы

Сабақ тақырыбын анықтау. Мақсатын айқындау

–Бүгін біз не туралы оқып үйренеміз деп ойлайсыңдар?

Күн мен түннің алмасуы туралы білетінін хабарлау.

Ғаламшарымыздың «құпиясы» неде?

Жер шарының үлгісі атау (глобус)

Глобусты көрсетіп, сипаттап беру.

Ол айналу үшін сәл қозғалысқа келтіру.

–Егер глобус – Жердің үлгісі болса, біздің ғаламшарымыз айнала ма?

Жер осіне назар аудару, көрсету.

–Қалай аталады?

–Шынайы жер шарының осындай сызығы бар ма? (Глобуста оның көрінетінін, ал шындығында жоқ сызық. Ол ойдан алынған болжалды сызық, оның бойымен біздің ғаламшарымыз қозғалады.)

Оның аздап қисайып көлбеу тұратынына назар аудару. –Бұл кездейсоқ деп айтуға бола ма? (жоқ, Жер сәл көлбеу тұрады.)

ҚБ. Жер моделін зерделеу арқылы, Жер шарының көлбеулігін, осі сипаттауға белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

Уақытты анықта.

Топтық жұмыс ұйымдастыру.

Ресурстар: мүмкіндігінше, әр топқа бір-бір глобустан тарату. Егер мүмкіндік болмаса, онда демонстрациялық глобус қолдану.

Оқушылар глобусты айналдырып көреді: алдымен глобусты тез, сосын баяу айналдыру

–Жер өз осінен бір айналым жасағанда, оның бетінде қанша уақыт өтеді?

Барлық болжамдарды тыңдау, балалардың жауаптарын растамау және жоққа шығармау. Ол туралы зерттеу жұмысы барысында білетінін хабарлау.

Зертте.

Топтық жұмыс.

Ресурстар: әр топқа глобус, қолшам немесе үстел шамы. (Глобусты екі түсті шармен алмастыруға болады).

Зерттеу жүргізу барысы:

• Глобуста Астана орналасқан жерге жалауша немесе жапсырма жапсыру. Тұрғылықты жерді де белгілеуге болады. Егер глобустың орнына екі түсті шар алынса, онда кез келген жеріне жапсыруға болады.

• Бір оқушыға қолшам немесе шамды қосып, оны глобусқа бүйірінен бағыттауды тапсыру (доп).

 • Жапсырма глобустың қай жағында болғанын зерттеушінің дәптеріне белгілеу. Сұраққа жауап беру: ол жерде күндіз бе, әлде түн бе?

 • Жапсырманың орнына назар аудара отырып, глобусты (допты) баяу айналдыра бастау.

Белгілі бір елді мекеннің тұсына келгенде күндіз болып тұрғанына назар аударту.

–Неліктен шардың бір жағы жарық бола қалды? (шамның сәулесі түсті.) Ол жерде күндіз қанша уақытқа созылады? (жапсырма шам сәулесінің астында тұрғанша). Күн қалай батады?

–Глобус (доп) қанша уақытта толық бір айналым жасайды? Қанша уақыт өтті? (тәулік.) Ол қанша сағатқа созылады?

Зерттеу жұмысын қорытындылау.

Сұрақтар: Күн мен түннің алмасуы қалай өтті? Күн айналды ма? Жер қалай айналды?

Күн мен түннің қалай алмасатынын тағы пысықтау.

Сұрақтар:

–Осы зерттеу арқылы қандай елдерде күндіз, қандай елдерде түн екенін нақты анықтауға бола ма? (Шамамен анықтауға болады).

–Күн мен түннің алмасуы қашан өтетінін нақты білуге бола ма? (Бұл өте күрделі, тіпті мүмкін емес).

–Неге? (шам Күн сияқты жарық түсірмейді; өлшемдерді есептеу мүмкін емес).

Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау туралы оқу мақсатын жүзеге асыру.

–Нәтиже нақтырақ болуы үшін не істеуге болады? (құралдарды айырбастау, өлшемдерді есепке алуға тырысу).

ҚБ (мұғалімнің ауызша кері байланысы)

Ойлан. Глобустың көмегімен анықтау. Саралау тапсырмасы. Ынтасы жоғары оқушылар тобына:

–Қазақстанда түн болғанда қандай елдерде күндіз болады?

–Қазақстанда күндіз болғанда, қандай елдерде түн болады?

Басқа топтарға құрлық немесе әлем бөлігін белгілеп беру: Солтүстік жартышарда, Оңтүстік жартышарда, Африкада, Солтүстік Америкада, т.с.с.

Ықтимал жауаптар:

Канадада, Америка Құрама Штаттарында, Мексикада, Эквадорда, Чилиде, Бразилияда.

ҚБ (өзара бағалау)

Сен білесің бе? Егер Жер кенеттен айналуын тоқтатса, оның әсері жылдам келе жатып кенет тоқтаған машинаның әсеріндей болады. Мықты жел көтеріледі, оның күші соншалық, тіпті өрт мен цунами тудырады. Цунамидың пайда болуына мысал келтіру. Оқушыларға цунами мен құйындар туралы ақпарат дайындауды тапсыру. Егер техникалық ресурс мүмкіндігі болса, бейнебаян көрсету.

Білімді жүйелеу.

Күн мен түннің ауысуына әсер ететін не?

Жердің осі деген не?

Жердің осі қалай орналасады?

ҚБ (өзара бағалау)

Күндіз және түнде болатын оқиғаларды анықтау

Кестемен жұмыс

Өзіндік жұмыс. 19-жұмыс парағы. «Күн мен түн»,

Қазір қай жерде түн? Оқушылар қазір қай елдерде күндізгі мезгіл екенін анықтап, оны бояйды. Қалғандары аттарын жазады. Оқушылар күндізгі мезгіл Жердің Күнге қараған жарық жағында орналасқан елдерде болатындығын түсінулері керек.

Сурет бойынша анықта. Оқушылар Негеш пен Эврикаға арналған тапсырмаларды оқып, дұрыс жауаптардың нұсқаларын қоршай алады.

20-жұмыс парағы. «Тәулік»

Сөйлемдерді толықтыр. Оқушылар бос орындарды толықтырып, жетіспейтін сөздерді суреттермен қоса алады.

ҚБ (мұғалімнің жазбаша кері байланысы)

 ватмандар мен маркерлер;

 • әр топқа арналған глобустар немесе бір демонстрациялық глобус;

 • топтардың санына қарай дайындалған екі түсті шарлар немесе глобустар мен шамдар;

 • жіптер мен ермексаз.

 Интернет-ресурстар:

• «Егер Жер айналуын тоқтатса, не болады?» тақырыбындағы бейнебаян.

Сабақтың соңы

Рефлексия

- Бүгінгі сабақта ........ білдім.

- Маған ........... түсініксіз болды.

- Мен ........… есіме сақтадым

ҚБ (мұғалімнің ауызша кері байланысы)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Сұрақ қою арқылы саралау.
  • Ресурстар арқылы саралау.
  • Топқа біріктіру арқылы саралау.
  • Тапсырма арқылы саралау.
  • Қолдау көрсету арқылы саралау.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

  • «Жетістік өлшеуіші»;
  • Мұғалімнің ауызша кері байланысы
  • «Бағдаршам»;
  • «Плюс-минус»;
  • «Жұлдызқұрт»
  • Мұғалімнің жазбаша кері байланысы
  • «Пантомима» белсенді әдісі;
  • Іс әрекетті жиі ауыстыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу