Күн мен түн қалай ауысады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқау
Жаратылыстану
3-сынып
Күн мен түн қалай ауысады?
Сабақ барысында Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру; маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу; ақпарат көзінің түрлерін анықтау оқу мақсаттары жүзеге асырылады.
Сабаққа теллурий пайдаланған тиімді болады. Егер теллурий жоқ болса, шам мен глобустың арасындағы ең тиімді қашықтықты анықтау үшін алдын ала тәжірибе жүргізіп байқаңыз.
Кіріспе тапсырма. «Өлшем бірліктері». Алдымен уақыт өлшем бірліктерін қайталап алыңыз. Оқушыларға суретте берілгендерді қандай уақыт бірліктерімен өлшейтінін анықтауды тапсырыңыз (1 – сағат/сағат, минут, 2 – аудармалы күнтізбе/апталар, тәуліктер, 3 – секундомер/секунд, 4 – жылдық/ айлық күнтізбе). «Жыл неден құралады? (айлар, апталар, күндер). Апталар? (тәуліктер). Тәулікті қандай бөліктерге бөлуге болады?» Сұрақтар қойыңыз, мысалы, оқушылар қашан ұйықтайды? Қашан таңғы асты ішеді? Оқушылар тәулік бөліктерінің аттарын айтуы керек: таң, күндіз, кеш, түн.
Сабақтың тақырыбын мақсатын айқындау. Оқушылармен әңгімелесіңіз. Сонымен, біз бүгін сабақта нені оқып білеміз деп ойлайсыңдар? Олар жоғарыдағы тапсырманы ескеріп «Тәулік, уақыт, мезгіл», т.с.с. атаулары мүмкін. Тәулік бөліктері, аталуы, олардың ауысуы туралы оқып үйренетіндерін айтыңыз.
Пейзаждарды салыстыр. Суреттерді сипаттауды тапсырыңыз. Кейбір оқушыларға дала туралы сипаттама-әңгіме құруды тапсырыңыз. Пейзаж – табиғатты суреттейтін бейнелеу өнерінің жанры екенін естеріне салыңыз. Содан соң, мына пейзаждар немен ерекшеленеді деп сұраңыз (әртүрлі тәулік мезгілдері.) Әрқайсысына ат қоюды өтініңіз (мысалы, «Даладағы таң», «Күндіз», «Даладағы кеш», «Түнгі дала»). Суреттерді дұрыс ретпен орналастыруды тапсырыңыз (таң, күндіз, кеш, түн). Кімге қандай пейзаж және неге ұнайтынын сұраңыз.«Адамдар таңды не үшін жақсы көреді? Кешті ше?». Кейбір оқушыларға әртүрлі тәулік мезгілдеріндегі табиғат туралы өлең/тақпақ айтуды тапсырыңыз.
Таң қашан басталатынын сұраңыз. Жұп немесе шағын топ бойынша жұмыс істеуді тапсырыңыз. Жауаптарды тыңдаңыз. «Түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар үшін таң қашан басталады?» деп сұраңыз. Бәлкім, біреулері үшін таң олар оянған уақыт, ал қалғандары үшін – кеш деп айтуы мүмкін. Ерте заманда, жасанды жарық көздері болмаған кезде, адамдар таңды Күннің шығуымен басталады деп есептегенін түсіндіріп беріңіз. Бірақ, қазіргі заманғы өмірге бұл жарамайды, өйткені нақтылық жоқ. Сол себепті, көпшілік елдерде тәулікті, яғни жиырма төрт сағатты өзара тең төрт аралыққа бөлу қабылданған. Таңғы, күндізгі, кешкі, түнгі мезгілдердің нақты уақыттарын және олардың қанша сағат созылатынын есептеуді тапсырыңыз.
Суреттердің әрқайсысындағы Күннің орналасқан орнына назар аудартыңыз. «Не болып жатыр? деп сұраңыз. Оқушылар Күн аспан бойымен жылжып бара жатқандай көрінетінін айта алады. Күн жолының траекториясын көрсетуді тапсырыңыз. Шын мәнінде не жылжып жатқанын сұраңыз: Күн бе әлде Жер ме? Алдыңғы сабақта өткенді естеріне түсіріңіз. Оқушылар шын мәнінде, Жердің өз осінен айналатыны туралы қорытындыға келуі тиіс. Бұл Күннің көрінетін тәуліктік жолы деп аталатынын айтыңыз. Көрінетін дейтін себебі, адамдар оны байқайды. Тәуліктік дейтін себебі, мұндай қозғалыс әр тәулік бойы болып тұрады.
Зертте. Берілген тапсырма екі кезеңде орындалатындай етіп ұйымдастырыңыз.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
Бірінші кезең.
Күн мен түннің біртіндеп алмасуын көрнекі көрсету үшін Жердің Күннің айналасындағы жылдық қозғалысын және Жердің өз осінен тәуліктік айналымын көрсетуге арналған құралды – теллурийді пайдала ныңыз. Егер ол жоқ болса, үстел шамы мен глобусты пайдаланыңыз. Осы кезеңде сұрақтар қоя отырып, тәжірибе көрсетіңіз.
• Глобусқа Астана немесе оқушылар тұратын елдімекен орналасқан жерге жапсырма жапсырыңыз. Шамды қосыңыз. Глобусты ақырын айналдыра бастаңыз.
• Жапсырма шам жарығы түсетін аймаққа жеткен кезде глобусты тоқтату қажет. «Астана қазір Күннің тікелей сәулесінің астында орналасқан деп айтуға болады ма? Астана тұрғындарына қазір Күн жақсы көрінеді ме?» -деп сұраңыз (жоқ, Күн енді ғана көрініп шығып келе жатыр).
• Глобусты Астанаға барынша жарық түсетіндей етіп айналдырыңыз. «Қазір қалада тәуліктің қай мезгілі? Күн сәулесі қалай түседі?».
• Глобусты Астана оның жарық түспейтін жағында болатындай етіп айналдырыңыз. «Енді не айтуға болады? Астана тұрғындары қазір Күнді қалай көріп тұр?» (көкжиектің астында).
Екінші кезең
Сыныпты төрт адамнан тұратын топтарға бөліңіз. Оқушыларға парақтар таратып беріңіз. Көкжиек сызығы бейнеленген және жоғарғы бұрышында көкжиектің төрт бұрышына бағытталған бағыттама көрсетілген үлгіні көрсетіңіз.
• Әрбір топ мүшесіне тірек сөздердің біреуін таңдау қажет.
• Парақтың тиісті бөлігіне Күнді салу (Күннің шығуы – шығыста, көкжиектің астында. Талтүс – жоғары, шамамен парақтың ортасында. Күннің батуы – батыста, көкжиектің астында. Түн ортасы – Күн жоқ).
• Әр топ жартылай дұрыс шеңбер құрып, өз суреттерін бір сызық бойында болатындай етіп көтеруі тиіс. Осылайша Күннің тәуліктік жолының болжамды траекториясы жасалуы тиіс.
• Бірнеше тәуліктегі Күннің тәуліктік жолын құрастырыңыз. Ол үшін барлық оқушыларға реттілік бойынша жартылай шеңбер құрып тұруды ұсыныңыз (таң ату, талтүс, кеш бату, түн ортасы).
Балалар Күннің аспан бойымен тәулік ішінде қалай қозғалатынын түсінеді. Зерттеу жұмысынан кейін алынған Күннің тәуліктік жолын диаграмма-графика түрінде бейнелеуді тапсырыңыз. Содан соң оларды бір кестеге «қосуға» болады. «Қандай сызық шықты? (толқынды). Ол нені көрсетеді? (бұл диаграмма Күннің күнделікті тәуліктік жолын көрсетеді» деп сұраңыз. Берілген тапсырма жоспар бойынша жүргізілген эксперимент нәтижелерін диаграмма түрінде жазу, қорытындыларды тұжырымдау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Ойлан. Оқушылардан неліктен таңның атуымен, кештің батуымен тәуліктің «сырғып» өтетінін сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз. Осы пікірге инфографика құруды ұсыныңыз
Сен білесің бе? Глобуста полюстерді - жер осі өтетін жерлерді көрсетуді тапсырыңыз. «Олардың орналасуында қандай ерекшелік бар? (остің көлбеу болу себебінен бұл жерлерге Күн сәулесі ұзақ уақыт бойы түседі немесе керісінше, мүлде түспейді.)». Поляр күні мен поляр түні туралы айтыңыз. Поляр түні түн деп аталғанымен, ол көбірек ымыртқа ұқсайтынын айтыңыз. Күн көкжиектен көп түспейді де, сәулелері көрініп тұрады. Бейнекөріністі пайдаланыңыз.
Дәптермен жұмыс. 21-жұмыс парағы. «Тәулік мезгілі»
Өзіңді тексер! Оқушылар өз беттерінше сұрақтарға жауап беріп, тиісті бағанды сыза алады.
22-жұмыс парағы. «Таң атқаннан күн батқанға дейін»
Тәулік мезгілдерін бейнеле. Суреттердің аттарына қарап, Күнді бейнелейді. Содан кейін, олар суреттерді дұрыс ретпен нөмірлей алады.
Қосымша тапсырмалар.
1)Оқушыларға тәулік мезгілдері туралы жұмбақтар ойлап шығаруды немесе түрлі дереккөздерден іздестіруді тапсырыңыз.
2) Ойын «Ақиқат па, жалған ба? «
1. Күн жүйесінің жалғыз жұлдызы - Күн.
2. Жер өз осінен 24 сағатта толық айналып шығады.
4. Ғаламшарлардың кейбірі - жұлдыз
5. Жұлдыздар мен ғаламшарлар жарық шығарады
6. Күн жүйесінде сегіз ғаламшар бар
7. Жер Күнге жақын төртінші ғаламшар
8. Күн мен түннің ауысуы Жердің өз осінен айналуы салдарынан болады
9. Күндіз жұлдыздар сөнеді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?