Күн мен түн неліктен алмасады? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
Жаратылыстану 3-сынып Жер мен ғарыш Уақыт және кеңістік | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: | Күн мен түн неліктен алмасады? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Жердің өз осінен айналуы себебінен күн мен түннің ауысатынын түсіну; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Күндіз бен түннің айырмашылығын атайды;
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат: |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар: | Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, дүниетану, қазақ тілі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Уақыт, тәулік, мезгіл туралы біледі, күнделікті тұрмыста қолданады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Адасқан әріптер Мақсаты: Өткен білімін еске түсіру, қайта жаңғырту, сабақтың тақырыбын анықтау. Р Ы Ж А Қ Ө І К З (Жарық көзі)
Суретпен жұмыс. Жарық көздерін атау. Оқулықпен жұмыс. Эврика Негештен қолындағы тізімнен табиғи жарық көздерінің атауын табуды сұрады. - Балалар, қағазда қандай жарық көздері жазылған? - Жарық көздерінің ішінде қайсысы жарығырақ? - Оның ғаламшарымыз үшін маңызы қандай? - Ендеше, бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ? Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Бағалау критерийін құрастыру. - Сабақтың соңында біз
Тәулік мезгілдерін анықтаймыз. | Таныстырылым; Суреттер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы
3 минут 7 минут 3 минут 5 минут 10 минут 1 минут 3 минут | Ғаламшарымыздың «құпиясы» неде? Зертте. Глобуспен жұмыс Мақсаты: Жердің өз осінен айналуын талқылау.
(Глобустың пішінін, түсін, т.б.атайды). Глобусты сәл қозғалысқа келтіру.
Ось – ойша алынған Жер шары айнала қозғалатын сызық. Жер білігін глобустан көргенімізбен, шын мәнінде жоқ.
Бейнежазба. Мақсаты: Жердің өз осінен Күнді айнала қозғалуындағы өзгерістерді анықтау Тапсырма:
Практикалық жұмыс. Топтық жұмыс Мақсаты: Жердің Күнді айналуынан болатын өзгерісті тәжірибе арқылы көрсету. Ресурстар: жарық көзі (шам, фонарь, май шам), глобус (доп), стикер немесе жалауша. Топтарға бір-бір глобустан беру. Глобустан жердің осін көрсету.
Глобуспен жұмыс істеуді жалғастыру. 1-топ: Үндістанда күндіз болса, қай мемлекеттерде түн болады? 2-топ: Венгрияда күндіз болса, қай мемлекеттерде түн болады? 3-топ: Канада күндіз болса, қай мемлекеттерде түн болады? 4-топ: Аустралияда күндіз болса, қай мемлекеттерде түн болады? «Галерея» әдісі бойынша тексеру, бағалау Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі Өздік жұмыс. Мақсаты: Жердің Күнді айналуының салдарын нақтылау, бекіту. Оқушыларға мәтін және кесте таратылып беріледі. Тапсырма: берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер. 1-топ: Жер шары қозғалысы барысында бірнеше заңдылық туады. Нәтижесінде түрлі қозғалыстар қалыптасады. Солардың ішінде ең маңыздылары – Жердің өз осінен айналуы мен Күнді айнала орбита бойымен қозғалысы. Бұл қозғалыс ішінде Жер бір жыл ішінде Күнге бірде жақындап, бірде алыстап отырады. Жердің Күнді айналуға кеткен уақыты жылдеп аталады, міне, содан Жердің Күнді айнала қозғалысы Жердің жылдық қозғалысы деп аталады
2-ші топ: Жер Күнді 365 күн 6 сағатта бір айналып шығады, әр жылғы 6 сағат жинақталып, 4 жылда 24 сағат немесе 1 тәулікті құрайды. Жер Күнді 366 күнде айналса, ол жыл «кібісе жылы» деп аталады. «Кібісе жылы» ақпан айы 29 күнге толады, қалған 3 жылда ақпан айы 28 күнмен аяқталады.
3-топ: 23 қыркүйекте жерде күн мен түн теңеледі, бұл құбылыс күзгі күн теңелу деп аталады. Екі жарты шарға күннің жарығы бірдей түссе де, Солтүстік жарты шарда күз, ал Оңтүстік жарты шарда көктем басталады. 22 желтоқсанда қысқы күн тоқырауы байқалады. Күнге жердің оңтүстік жартысы қараған уақытта, Оңтүстік жарты шарда жаз, Солтүстік жарты шарда қыс басталады. Оңтүстік жарты шарға жарық көп, Солтүстік жарты шарға жарық аз түседі. 21 наурызда жерде күн мен түн теңеледі, бұл көктемгі күн теңелу деп аталады. Экваторда түсте күн төбеде тұрады. Солтүстік жарты шарда көктем, оңтүстік жарты шарда күз түседі
/Топтық жұмыс «Екі жұлдыз бір тілек» бойынша бағаланады/ Тұжырым жаса. Мақсаты: Күн мен түннің ауысуы жер осіне байланыстылығын анықтау. Оқушылар тапсырма соңында күн мен түннің ауысу себебі жердің өз өсінен айналуы арқылы жүзеге асатындығы туралы қорытынды жасайды. Жұмыс дәптерімен жұмыс. Тапсырма: Жұмыс дәптеріндегі 21- беттегі тапсырма. Сурет бойынша қай елде күндіз қай елде түн екенін анықта. Сұрақтарға жауап бер: 1. Қазақстанда қазір - А)күн В)түн 2. Глобустың қарама-қарсы жағында – А)күн В)түн 3. Қазақстанда түн болғанын көрсету үшін ... А)глобусты Қазақстан аумағына жарық түсетіндей етіп бұру керек; В)глобусты Қазақстан аумағының қарама-қарсы жағына жарық түсетіндей етіп бұру керек Өзара тексеру, бағалау. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут |
Сен бүгін не үйрендің? Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге? Не туралы тағы да көбірек білгің келеді? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Үй тапсырмасын орындау барысында ынтасы жоғары оқушыларға қосымша ақпарат ізденуге тапсырма беру. | Оқушылар топтық және жұптық жұмыстар арқылы білімдері бағаланады: Қалыптастырушы бағалау. Мұғалімнің ауызша кері байланысы; мұғалімнің жазбаша кері байланысы; өзара бағалау | Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | |
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?