Күн мен түн қалай ауысады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқау
Жаратылыстану
Күн мен түн қалай ауысады?
Сабақ барысында Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру; маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу; ақпарат көзінің түрлерін анықтау оқу мақсаттары жүзеге асырылады.
Сабаққа теллурий пайдаланған тиімді болады. Теллурий болмаса, шам мен глобусты пайдалануға болады.
Кіріспе тапсырмада суреттерді сипаттау ұсынылады. Онда күндіз бен түн бейнеленген. Күндіз, түн, уақытты өлшеу бірліктері, атаулары туралы әңгімелесу жүргізіледі.
Сағатты, календарді көрсетіп, бұлар нені өлшейтінін сұрауға болады.
«Пейзаждарды салыстыр» тапсырмасын орындау алдында оқулықтағы суреттермен орындауға болады.
- Суреттер көрсету.
- Суреттерді сипаттау. Басты назарды күннің орналасуына аудару қажет. Неліктен оның әрқалай орналасатыны туралы әңгіме жүргізіледі.
- Суреттерді тәулік бөлігі ретінде дұрыс ретпен орналастыру (таң, күндіз, кеш, түн).
Жеке, жұптық, топтық жұмыс.
Таң, күндіз, кеш, түннің уақыт аралығын анықтау (сағат нешеде басталатыны, нешеде аяқталатыны). Алдымен әркім жеке анықтайды. Одан кейін жұпта талқылайды. Одан кейін топтарда ортақ шешімге келеді.
Сыныпқа хабарлайды. Сынып бойынша ортақ пікірге келу және оны тақтаға/ флипчартқа белгілеп алу.
Зерттеу жұмысы. Қажет ресурстарды тарату. Теллурий немесе үстел шамы мен глобус. Зерттеу екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
Мақсаты: Күн мен түннің біртіндеп алмасуын көрнекі көрсету үшін Жердің Күннің айналасындағы жылдық қозғалысын және Жердің өз осінен тәуліктік айналымын көрсету
- Глобусқа Астананың немесе жергілікті жердің орналасуын анықтап, жапсырма жапсырылады. Шамды қосып, глобусты ақырын айналдыра бастайды.
- Глобусты тоқтатып, «Астана қазір Күннің тікелей сәулесінің астында орналасқан деп айтуға болады ма? Астана тұрғындарына қазір Күн жақсы көріне ме?» деп сұрайды. (жоқ, Күн енді ғана көрініп шығып келе жатыр).
- Глобусты Астанаға барынша жарық түсетіндей етіп айналдырады.
- Қазір қалада тәуліктің қай мезгілі?
- Күн сәулесі қалай түседі?
- Глобусты Астана оның жарық түспейтін жағында болатындай айналдырады. «Енді не айтуға болады? Астана тұрғындары қазір Күнді қалай көріп тұр?» (көкжиектің астында).
Екінші кезең. Модель жасау
Төрт немесе сегіз баладан тұратын топтарға бөлінеді. Көкжиек сызығы бейнеленген және жоғарғы бұрышында көкжиектің төрт бұрышына бағытталған бағыттама көрсетілген үлгіні көрсету.
• Топтың әр мүшесіне тәулік бөлігінің атауы жазылған парақ таратылады.
• Сол сөзге байланысты парақтың тиісті бөлігіне Күнді салады. (Мысалы, Күннің шығуы – шығыста, көкжиектің астында. Талтүс – жоғары, шамамен парақтың ортасында. Күннің батуы – батыста, көкжиектің астында. Түн ортасы – Күн жоқ).
• Әр топ жартылай дұрыс шеңбер құрып, өз суреттерін бір сызық бойында болатындай етіп көтеруі тиіс. Осылайша Күннің тәуліктік жолының болжамды траекториясы жасалуы тиіс.
Күннің аспан бойымен тәулік ішінде қалай қозғалатынын бақылайды, көреді, түсінеді. Зерттеу жұмысынан кейін алынған Күннің тәуліктік жолын диаграмма-графика түрінде бейнелейді.
Ойлан. «Таң атпайын десе де, күн қоймайды» мәтелін талдайды. Неліктен таңның атуы, кештің батуы тоқтамайды? Сызба арқылы бейнелейді.
Сен білесің бе? тапсырмасын орындау үшін глобуста полюстерді көрсетеді. Олардан Жер осі өтетінін бақылайды. Олардың орналасуында қандай ерекшелік бар? Сұрағына жауап іздейді (остің көлбеу болу себебінен бұл жерлерге Күн сәулесі ұзақ уақыт бойы түседі немесе керісінше, мүлде түспейді.).
Поляр күні мен поляр түні туралы не білесіңдер?Ақпарат көзімен жұмыс істейді. Бейнересурс қарау ұсынылады. (Поляр түні түн деп аталғанымен, ол ымыртқа ұқсайды. Күн көкжиектен көп түспейді де, сәулелері көрініп тұрады)
Дәптермен жұмыс. 21-жұмыс парағы. «Тәулік мезгілі»
Өзіңді тексер! Сұрақтарға жауап беріп, тиісті бағанды сызу.
22-жұмыс парағы. «Таң атқаннан күн батқанға дейін»
Тәулік мезгілдерін бейнеле. Сурет атауына қарап, Күнді бейнелеу. Содан кейін, олар суреттерді дұрыс ретпен нөмірлей алады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?