Топырақтың құрамы. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық.

3-сынып. Жаратылыстану. Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары.

Топырақтың қандай қасиеті бар?

 Сабақта қаралатын оқу мақсаттар:

 3.3.4.2 топырақтың негізгі құрамын зерттеу (құм, саз, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа);

 3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу.

 Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды «Шаттық шеңберін» құруға шақыру. Доп лақтыра отырып, тілек айту арқылы оқушылардың жақсы көңіл-күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

 Не ортақ? Тапсырмада берілген сөздердің ішінен артығын табу. Артық сөзі – қант. Ал қарашірік, су, құм, саз және ауа сөздері топырақтың құрамын кіретінін еске түсіру керек. Жетекші сұрақтар арқылы топырақтың құрамын еске түсіру. Сұрақтар:

 -Неліктен қантты артық деп санайсыңдар?

 -Топырақтың құрамына не кіреді?

 -Орманды және далалы жерде топырақтың құрамы бірдей болады ма? Ойыңмен бөліс.

 -Топырақ жақсы болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

 Топырақтың түсі.

 Мақсаты: Топырақтың әр түрлі түсте болуын түсіну. Оқулықта берілген фотосуретке мұқият қарап, топырақтың түсін анықтау. Олар барлық топырақтың құрамы бірдей еместігіне көз жеткізеді. Топырақтың әртүрлі болу себептерін сипаттап, оның құрамына қандай заттар кіретінін болжайды. Сұрақтар:

 -Оқулықта берілген топырақтың түсі неге әртүрлі? Қалай ойлайсыңдар?

 -Топырақтардың құрамы бірдей деп ойлайсыңдар ма?

 -Топырақ түсінің әртүрлі болуына не әсер етуі мүмкін?

 Топырақтың борпылдақтығы. Оқушылар жұптасып, топырақтың борпылдақтығын зерттейді. Олар «Нені анықтауым қажет? Мен нені зерттеудемін?» сұрақтарына жауап бере отырып, зерттеу нысанын нақтылауы қажет. Талқылауға сұрақтар беріледі.

 -Бір уыс топырақты алақанмен қысса не болады?

 -Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?

 Болжам ұсыну. Болжам жасауға тапсырма беру. «Менің ойымша… болады». Оқушылар өз болжамдарын зерттеушінің күнделігіне түртіп жазады.

 Топырақтың басты қасиеті.

 «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы «Құнарлылық» сөзін талдау. Оқушылар жұптасып, құнар сөзіне сипаттама береді.

 Сұрақтар:

 -Құнар сөзін қалай түсінесіңдер?

 -Топырақтың құнар болуы деген не? Ойыңмен бөлңсңп көр.

 -Қандай топырақ құнарлы болады деп ойлайсыңдар?

 -Қаратопырақты неге құнарлы топырақ деп атайды? Ойыңмен бөліс.

 Зерттеу жұмысы.

 Мақсаты: Топырақ суда қалай қозғалатынын анықтау. тапсырма бойынша жоспар құру, тәжірибе жасап, оны қорытындылау.

 Топтарға біріктіру: Топырақта өсетін жемістер арқылы сыныпты шағын топтарға біріктіру.

 Ресурстар таратып беру: Ресурстар әр топқа екі-екіден беріледі. Әр топқа әртүрлі топырақ салынған стақандар, әр партаға үш-үштен қойылатын пластикалық стақандар, төрттен біріне дейін сумен толтырылған стақандар, бөлме өсімдіктеріне арналған борпылдақ топырақ салынған стақандар, ұсақ тастар салынған стақандар, қара түсті майлықтан қиылып жасалған гүлдер.

 Зерттеу мәселесі:Топырақтағы судың қоғалысын зерттеу.

 Жоспар құру:

  •  Тас және топырақ салынған ыдысқа су құйып, суды бақылау, нәтижесін талдап, зерттеу күнделігіне жазу;
  •  Су құйылған стақандарға су деңгейінен кішкене топырақ пен тас салу. Олардың үстіне гүлдерді салу. Қорытынды шығару.

 Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға өз зерттеу нұсқауларын ұсынуға мүмкіндік беру.

 Зерттеу жұмысын қорытындылау.

 Оқушылар зерттеуші күнделігіне зерттеудің нәтижелерін жазады. Бір-бірінің қорытындыларын тыңдап, өз ойларын білдіреді. Топырақтағы су барлық бағыттарда қозғала алатындығын түсінеді.

 Ойлан. Оқушылар жұптасып, топырақтың қалыптасуы жайлы әңгімелеседі. Басқа ғаламшарлар мен Айды Жер ғаламшарын салыстыра отырып, онда топырақтың болмайтындығына көз жеткізеді.

 Сен білесің бе?Арамшөптің өзіне қолайлы жерде өсуі туралы әңгімелеу.

 Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар жасау. Сұрақтар:

 -Көз шаршағанда не істеу керек?

 -Көзге арналған қандай жаттығуларды білесіңдер?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу