Қандай топырақ құнарлы? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


 Әдістемелік нұсқаулық.

 3-сынып. Жаратылыстану. Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары.

 Қандай топырақ құнарлы?

 Сабақта төмендегі оқу мақсаттары қарастырылады:

 3.3.4.4 топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу;

 3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.

 Оқушылардың қызығушылығын сабаққа аудару үшін шеңбер бойымен тұрып «Ыстық лебіз» ойыны арқылы бір-біріне тілек айту. Сабаққа деген жақсы көңіл-күйлерін ояту оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.

 Жедел жауап. Тапсырманың мақсаты: Өткен тақырыпты қайталап, жаңа тақырыппен байланыстыру. «Алтын көпір» ойыны арқылы оқушылар топырақтың құрамына не кіретінін, топырақтың қасиеттерін және құнарлылық дегенді еске түсіреді. Тапсырма жұптасып орындалады. Жетекші сұрақтар арқылы тақырыпты ашу. Сұрақтар:

 -Топырақ қандай болады?

 -Топырақты не үшін қолданады?

 -Топырақтың құрамында не болады?

 -Топырақтың қандай қасиеті бар?

 -Құнарлылық деген не?

 -Топырақпен не істеуге болады?

 Әртүрлі топырақ. Тапсырманың мақсаты: топырақтың құнарлығы онда өсетін өсмдіктерге байланысты екенін түсіну.Тапсырманы оқушылар жұптасып, екі суретті салыстырады. Суреттерді салыстыра келе біреуі сазды, ал екіншісі құмды екендігін анықтайды. Қай топырақ құнарлырақ екендігін талқылайды. Берілген екі алқаптан өсімдіктердің өсу ерекшелігін талдайды. Сұрақтар:

 -Екі суретте не берілген?

 - Олардың айырмашылықтары бар?

 - Екі суретте не бейнеленген?

 -Суреттегі топырақтар қандай?

 -Екі алқаптан бірдей өнім шығады ма? Ойыңмен бөліс.

 Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Қаратопырақтың құнарлы болуын түсіну. Зерттеудің жоспарын құру: Берілген кестені талдау арқылы диаграмма құрып, қорытынды шығару. Ресурстарды тарату. Әр жұпқа кесте, диаграмма сызуға арналған құралдар. Талқыланатын сұрақтар:

 -Кестеден қандай мәлімет алуға болады?

 -Топырақтың қандай түрлері берілген?

 -Ағаштың биіктігі үш жылда қалай өзгерген?

 -Қай топырақ ағаштың өсуіне қолайлы?

 -Ағаш қай топырақта аз өсті?

 -Қай топырақ жеміс ағашын отырғызу үшін қолайлы? Ойыңмен бөліс?

 -Қаратопырақ сөзінің мағынасы қандай деп ойлайсыңдар?

 Саралау. Ынтасы жоғары оқушылар жұбына топырақ құнарлы болу үшін не істеу керектігін ойластыру. Ойларын тыңдау.

 Зерттеу жұмысын қорытындылау. Зерттеудің жоспары мен оның барысын салыстырып, қорытынды шығару. Оқушылар тапсырманы орындай отырып топырақтың қалай құнарлы және құнарсыз болуын түсінеді.

 Топырақ және адам. Мақсаты: Тұрғылықты аймақтың топырағын сипаттау. Топырақтың барлық жерде бірдей құнарлы болмауын түсінеді. Топырақтың құнарлылығын жақсарту үшін адамның әрекеті әсер ететінін біледі. Оқушылар топтасып топырақты жақсарту үшін не істеу керектігін анықтайды, сызбасын сызады. Жетекші сұрақтар арқылы тапсырманы орындайды. Сұрақтар:

 -Еліміздің барлық өңірлерінде топырақ бірдей болады ма?

 -Топырақтың құнарлылығын қалай көтеруге болады? Оған адамның әрекеті әсер ете алады ма?

 -Топырақтың құнарсыздануына адамның іс-әрекеті әсер ете алады ма?

 Оқушылардың сызбаларын, берген жауаптарын мұқият тыңдап, қалыптастырушы бағалау ретінде «Смайликтерді» пайдаланса болады.

 Ойлан. Қыс мезгіліндегі топырақтың күйін сипаттау. Топырақта тіршілік ететін ағзалардың қысқы ұйқыға кетуі мен топырақтың тынығу үдерісі болатынын талдау.

 Сен білесің бе? Кейбір өсімдіктердің топырақсыз өсе беретінін және топырақ өсімдіктің тік өсуіне керек екендігін талдау. Кейбір өсімдіктердің суда өсе беретінін айту. Нақты мысалдармен дәлелді сөйлеу.

 Қосымша мәліметтер.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу