Топырақ неден тұрады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану пәні 3 сынып

5 тарау 2 сабақ

Сабақ тақырыбы: Топырақ неден тұрады?

Ұйымдастыру.

Кіріспе тапсырма. «Көмектес». Оқулықтағы суретке оқушылардың назарын аудару. Сұрақтар қою арқылы тілдік дағдыларын жетілдіру.

  • Негеш пен Эврика не істеп жүр? (Картоп егіп жүр)
  • Сендер картоп отырғызып көрдіңдер ме?
  • Бақшада картоп отырғызып жатқан көріністі байқағандарың бар ма?
  • Картоп өсу үшін не керек?
  • Картоп мол өнім беру үшін не істеу керек деп ойлайсың?

Әрбір оқушыға аз ғана топырақ салынған пластикалық стақан беріледі.

  • Топырақ деген не?
  • Топырақта қандай жануарлар тіршілік етеді?
  • Өсімдік үшін топырақтың маңызы қандай?
  • Адам өмірінде топырақ қандай рөл атқарады?

деген сұрақтар арқылы оқушылардың өткен сабақта алған білімдері тексеріледі.

Сабақтың ортасы:

  • «Тіршілікке керекті жағдайлар» сызбасы еске түсіріліп, толтырылады.
  • Тірі ағзаларға өмір сүру үшін не қажет? (Ауа, су, жылу, жарық, қорек)

Суретке назар аударту.

  • Қай зат барлық жерде таралған? (Ауа)
  • Ауа топырақта болуы мүмкін бе? (иә/жоқ)
  • Су топырақтың құрамына кіре ме? (қағаз салфеткамен топырақты басып көру, дымқыл болатынын айтады)

Топырақ үлгісіне назар аудартып, сипаттату.

  • Топырақта басқа нелерді байқадыңдар?
  • Жер астындағы тіршілік.
  • Суреттерде не бейнеленген?
  • Екі суреттің айырмашылығы неде?
  • Құрт не істеп жатыр? (Топырақты қопсытып жатыр)
  • Егер құрттар болмаса, неліктен су топырақтың беткі қабатында жиналады? (Топырақ тығыз болады да, су сіңе алмайды.)
  • Құрттардың пайдасы қандай екен? (топырақ құрамындағы заттарды араластырады)
  • Құрттардың салған жолының тағы қандай пайдасы бар? (Құм борпылдақ топыраққа тереңірек сіңеді де, барлық қабаттар араласады.)
  • Топырақтың құрамында тағы не бар? (Құм мен саз, ұсақ тастар.)
  • Топырақта. Оқушылардың назарын суретке аударту.
  • Топырақтың беткі қабатында нелер бейнеленген? (Қураған жапырақтар мен шөптер)
  • Ағаштан түскен жапырақтар мен шөп қалдықтары қайда кетеді? (Олар шіриді)
  • Немен араласады? (Топырақпен)
  • Қалдықтар топырақпен қалай араласуы мүмкін? (жәндіктер арқылы)
  • Топырақта тағы не бар? (Тірі ағзалардың қалдықтары)

Оқушылар топырақта өлген жануарлардың да, бунақденелілердің де шіріген қалдықтары болады деген пікірлер айтуы мүмкін.

  • Зертте.

Оқушылар шағын топтарға бөлініп жұмыс жасайды. Әр топқа қажеті ресурстар беріледі: су құйылған стақандар, топырақ салынған стақандар, таяқшалар немесе бір реттік қасықтар, ас үйге арналған жұқа майлық қағаз (салфетка), үлкейткіш әйнектер. Зерттеуді бастамас бұрын оқушылар эксперимент жүргізудің жоспарын құрады.

  • Эксперимент мақсатын жазу.
  • Эксперимент болжамын жазу.
  • Эксперимент нәтижесін жазу.

Эксперимент жасауға арналған нұсқаулық:

  • үлкейткіш әйнекпен топырақты қара.
  • топырақтың түсіне назар аудар.
  • топырақ құрамында нелер барын қарап көр.
  • зерттеушінің блокнотына топырақтың суретін сал.
  • салған суреттеріңді басқа топтардың суреттерімен салыстыр.

Эксперимент барысы:

  • Істелінетін әрекеттерді оқушыларға айтып отыру, өзгерістермен қорытындыны оқушылар зерттеу блокнотына жазады.
  • Кесте беріледі, оқушылар топпен толтырып, нәтижені жазады.

әрекет

өзгеріс

қорытынды

Стақандағы суға топырақ салу

Көбік пайда болды

Ауа бар

Топырақты таяқшамен араластыру

Судың бетінде өсімдік қалдықтары, ұсақ қоқыстар жүзіп жүр, су лайланған

Бетіне жеңіл қалдықтар шықты

Стақанды шайқамай қарау

Түбінде шөгінді, құм мен саз, тастар бар

Түбіне ауыр заттар түсті

Майлық қағазға (салфетка) топырақ салып, алақанмен қысу

Кішкентай дымқыл дақ қалды

Топырақта су бар

Нәтижені жазып болған соң, өздері құрған болжаммен салыстырады. Оқушылар топырақ құрамында су, ауа, тірі ағзалардың қалдықтары бар екені туралы қорытындыларын дәлелдейді. Бір-бірімен жазбаларын салыстырады.

5.Ойлан. Топырақ құрамы қалай өзгере алатынына болжам жасайды.

- Өсімдікке тамырлардың не үшін керек? (Олардың көмегімен өсімдіктер су мен қоректік заттарды сіңіреді)

- Өсімдіктер оларды қайдан алады? (Топырақтан)

- Олар таусылып қалуы мүмкін бе? (Иә)

- Қоректік заттардың қорларын қалай толтыруға болады? (Қарашірік сеуіп, тыңайту)

6.Сен білесің бе? 1 см топырақтың қалыптасуына шамамен жүздеген жылдар керек болатыны жайлы ақпаратпен танысады.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері: 61-жұмыс парағы. «Қабаттар», 5-б. Әр пазлдың орнын зерттеу қорытындыларына негіздей отырып, анықтау.

62-жұмыс парағы. «Топырақтың құрамы», 6-б. Берілген сөздерден топырақ құрамына қатыстыларын таңдау, сол бөліктердің суретін аяқтау және оларды суретке орналастыру.

Рефлексия

  • Топырақ құрамында қандай заттар болады?
  • Эксперимент болжамы мен нәтижесі сәйкес келді ме?
  • Эксперимент жасаған ұнады ма?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу