Қандай топырақ құнарлы? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Заттар және олардың қасиеттері . Табиғат ресурстары

Мектеп:

Модератор: Увалиева А.К

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Қандай топырақ құнарлы?

Оқу мақсаты:

3.3.4.4 топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу; 3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылар:

топырақтың құнарлылығы оның құрамына байланысты екенін түсінеді;

Эксперимент жасап, қорытындысын диаграмма түрінде көрсетеді

 Бағалау критерийі

Эксперимент сұрағы және болжамы, болжамының сәйкестігіне қарай бағалау

Барлық топ мүшелерінің ұйымдаса жұмыс жасауын бағалау.

Тілдік мақсат

Оқушылар: топырақ туралы сұрақтарға жауап береді;

Топырақ құнарлылығына болжам жасап, өз ойларымен бөліседі, пікір алмасады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

қаратопырақ

 Құндылықтар

Топырақты қорғау

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

 АКТ қолдану

 дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Топырақтың қасиеттерін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру.

«Аралас. Жұптас. Пікірлес»

Өткен сабақты еске түсіру.

Оқушылар сынып ортасына шығып араласып жүреді. Белгі берілгенде жұптасып тұрады да, төмендегі сұрақтар бойынша пікір алмасады.

• Топырақтың құрамында не бар?

• Топырақтың қасиеттерін ата.

• Құнарлылық дегеніміз не?

Бірнеше рет жұптармен алмасуға болады. Кез келген жұптың жауаптарын тыңдау. Қажет болған жағдайда жауаптарға толықтырулар мен түзетулер енгізуге рұқсат беру.

Сұрақтар тізбегі

Сабақтың ортасы

  • Әртүрлі топырақ.

Суреттерді салыстыру. Су басқан және құрғақ алқаптың суретін көрсетіп, салыстыру. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айту. Суреттер бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Суреттерде не бейнеленген?
  • Оларға не ортақ?
  • Олардың ерекшеліктері неде?
  • Суреттегі өсімдіктер өсіп тұрған жердің топырағы жайлы не айтар едіңдер?
  • Неліктен бір алқапта су топыраққа сіңбеген? Екіншісінде сіңіп кеткен деп ойлайсың?
  • Олардың қайсысы құнарлырақ?
  • Зертте. Өрік ағашын отырғызу үшін қандай топырақ қолайлы?

Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Оқулықтағы кесте бойынша жұмыс жасау. Берілген кестедегі ақпараттарға талдау жасау.

Сұрақтармен жұмыс:

- Кестеде топырақтың қандай түрлері

- Әр түрлі топырақта ағаштың биіктігі әр жылда қалай өзгереді?

- Ағаштың биіктігі қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

- Оны басқа өлшем бірліктерімен алмастыруға бола ма?

- Жеміс ағашының көшетін отырғызу үшін берілген кестедегі деректерді қалай қолданасыңдар?

- Қай жылдар бойынша салыстыру жасалған?

3. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

• Кесте берілген мәліметтерді пайдаланып, зерттеуші күнделігіне диаграмма салу, көшет биіктігін жылдарға байланысты сантиметрмен көрсету. Әр топыраққа белгілі бір түсті таңдап, бағандар салу.

• Қорытынды шығару: Ойды аяқта. Жеміс ағашын (өрікті) құнарлы топыраққа отырғызса, тез өседі. Өйткені......

Ең құнарлы топырақ – қаратопырақ екенін өздері айтуға бағыттау. «Қаратопырақ» сөзінің мағынасын түсіндіру үшін мәтінмен жұмыс жасау.

  • Мәтінмен жұмыс.

Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу. Үштен бірігу. Біріншісі – қаратопырақ, екіншісі- сазды топырақ, үшіншісі-құмды топырақ рөліне еніп, өздері туралы ақпараттарды бір-біріне айту. Мысалы: Мен-қаратопырақпын. Менің қабатым 1 м жетеді. Менің бойымда қоректік заттар көп. Менде өскен өсімдік жайқалып өседі тсс.

  • Топырақ және адам. Топтық жұмыс.

Топырақты құнарландыру жолдарын топпен ақылдаса отырып кестеге жазу және өз ойларымен басқа топтармен бөлісу.

Топырақты құнарландыру жолдары:

1.

2.

3.

6. Ойлан.

- Қыста топырақта қандай өзгеріс болатынын сұрау. (Ол қардың астында тынығады.)

- Көктемде қар қайда кетеді? (Қар ериді, суы топыраққа сіңеді)

- Адам құрғақ топырақты барынша ылғалмен қамтамасыз ету үшін не істеуі қажет? (Қыс мезгілінде алқаптарға көбірек қар үю қажет.)

Осындай әрекет «қар тоқтату» деп аталатынын айту. 7. Сен білесің бе? Өсімдік тіршілігіндегі топырақтың маңызы жайлы айту.

суреттер

Өрік ағашы суреті

Диаграмма

кесте

Сабақтың соңы

Рефлексия

  • Топырақтың құнарлылығы неге байланысты?
  • Қандай топырақта қоректік заттар көп болады?
  • Топырақ құнарлылығын қалай жақсартуға болады?
  • Қыста топырақ құнарлылығын арттыру үшін не істеуге болады?

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тыңайтқыш деген не? ақпарат іздестіру

Сызған диаграмманы бағалау.

Топтық жұмыс жасауда тәртіп ережелерін сақтау.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу