Заттардың шығу тегі мен агрегаттық күйі. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Заттар мен олардың қасиеттері.

Заттардың типтері»

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:

Сынып:3

 Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Заттардың шығу тегі мен агрегаттық күйі

Осы сабақта

қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтемеу)

3.3.1.1 - заттарды шығу тегі мен агрегаттық күйі бойынша жіктеу

Сабақ мақсаттары

Тәжірибе жасау барысында заттардың шығу тегі мен заттардың агрегаттық күйін анықтау, салыстыру, жіктеу.

 Бағалау критерийлері

  • Заттарды шығу тегіне және агрегаттық күйіне қарай ажыратады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар заттарды сипаттай және көрсете алады.

Пәндік сөздік және терминология:

Ғылыми дерек, мәлімет, ақпарат,жаңалық,ғылым,ғалымзаттың агрегаттық күйі, заттың шығу тегі, дене, зат,

 Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды орындау барысында топтық, жұптық жұмыстарында бір-біріне деген сыйластық, құрмет, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Адам ағзасы

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

3-7 минут

Бастапқы іс-әрекет

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ.Психологиялық дайындық кезеңі «Бес саусақ»

Мақсаты:Оқушылардың көңіл-күйін реттеу

Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, саусақтарын кезекпен қосып тұрып, төмендегі сөздерді айтады:

Мен бүгін саған сәттілік тілеймін!Рахмет!

ІІІ.Қызығушылық-мотивациялық кезеңі

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырып, сабақтың тақырыбын анықтау.

(Т,Қ)«Ойлан.Бірік.Талқыла» стратегиясы

-Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау үшін суретке назар аударып, ойланыңдар.Суретте бейнеленген заттарды салыстырып, ортақ қасиеті мен айырмашылықтарын анықтаңдар.

Оқушыларға суреттер беріледі.Оқушылар жеке отырып, суреттер бейнеленген заттар жайлы ойланады.Топтарға бірігіп, өз ойларын ортаға салады.Топта ақылдаса отырып, бір шешімге келеді.Әр топ өз шешімін айтады.

/оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Солардың негізінде оқушылар бағалау критерийлерін анықтайды.Мұғалім бағалау критерийлерін тақтаға жазып, сабақтың соңында аталған б.к. оралатындарын ескертеді.

Слайд топтамасы

суреттер

Сабақ ортасы

7-17 минут

17-25 минут

25-30 минут

30-35 минут

(ОТ,Т)Зерттеу жұмысы

Мақсаты:Заттарды зерттеу арқылы олардың шығу тарихын анықтау, қорытынды жасау.

1-топ оқушыларына 4 сызғыш (ағаш, пластмасса, темір,әйнек) беріледі.

2-топ оқушыларына 4 стақан (фарфор, пластмасса, пластик, әйнек, ағаш) беріледі.

Топтарға -Бұл денелер қандай заттардан жасалынған? деген сұраққа жауап беру үшін осы денелердің қандай заттан жасалғанын топта талқылап, сызба жасау және зерттеу жұмысы бойынша қорытынды жасау тапсырмасы беріледі.

Оқушылардың жауаптарын кезекпен тыңдап, талқылау.

3- топ оқушыларына пластмасса және 4-топ оқушыларына темір беріледі.

Топтарға –Бұл заттан қандай денелер жасалуы мүмкін? деген сұраққа жауап беру үшін осы денеден қандай заттар жасалынуы мүмкін екенін топта талқылап, постер жасау және зерттеу жұмысы бойынша қорытынды жасау тапсырмасы беріледі.

Оқушылардың жауаптарын кезекпен тыңдап, талқылау.

(Қ)Қорытынды: Бір дене әр түрлі заттан жасалуы мүмкін және бір заттан әр түрлі денелер жасалуы мүмкін.

) «Топтастыру» стратегиясы

4-топқа суреттер таратып беріледі. Суреттердегі заттардың белгілері бойынша топтастыру ұсынылады.Оқушылар топта ақылдаса отырып, суреттердегі заттарды табиғи денелер мен жасанды денелер деп бөлуі мүмкін.Айналадағы заттарға назарын аударту.

-Балалар, суреттегі заттарды бойынша екі топқа топтастыра қойыңдар.

-Қандай екі топ шықты?

-Балалар, айналамызда қандай денелер көбірек?

-Жасанды денелерді кім жасайды?

-Оларды жасау үшін қандай табиғи заттар қолданылған?

(Қ)Қорытынды:Денелер табиғи және жасанды болады.Жасанды дене адамның өз қолымен жасалған.

Проблемалық сұрақ:

-Барлық суреттерді қосып, тағы мұқият қарап шығыңдар.Бұл суреттерден қандай басқа екі топ құруға болады?

/Оқушылардың жауаптарын тыңдау, толықтыру/

(Қ)Қорытынды:Табиғаттағы денелер жанды және жансыз болып бөлінеді.

(Т,Қ)Зерттеу жұмысы

Мақсаты:Заттарды агрегаттық күйі бойынша ажырату.

Оқушыларға тас, су және үрленген шар беріледі.

Оқушыларға –Бұл заттардың күйі қандай?- сұрағына жауап беру үшін заттарды зерттеп, ерекшеліктерін анықтау ұсынылады. Оқушылар тас -қатты, су- суйық ал шардағы ауа - газ екенін тұжырымдау керек.

(Қ)Қорытынды:Табиғаттағы заттар үш күйде болады:қатты, сұйық, газ күйінде.

Дифференциация:Мотивациясы жоғары оқушыларға қосымша тапсырма беріледі:Заттардың агрегаттық күйіне мысалдар келтіру, өз ойларын дәлелдеу.

(МК,Ө,Қ) «Өзіңді тексер» айдары

Мақсаты:Сабақта алған білімдерін анықтап тексеру.

Тапсырма: Тест сұрақтарына дұрыс жауабын анықтап, жауабының нөмірін жазу..

Жауап нөмірі

+/-

балл

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Максималды балл

10 балл

Тапсырма орындалып болған соң оқушылар кестелерімен ауысып, бір-бірін тақтада шығарылған дайын нұсқа бойынша тексереді және дескрипторлар бойынша бағалайды.

Сызғыштар, стақандағы су, өшіргіш

Кесте

Сыныптағы барлық заттар, мүлік,т.б.

Сюжетсіз суреттер

Тастар, су, ауаға толтырылған шарлар

Бейнежазба, кестелер, дескрипторлар

Сабақтың соңы

35-40 минут

Бірлесіп талқылау

1/ Рефлексия:

-Бүгін сабақта не білдік?

-Қандай қорытындылар жасадық?

-Қандай бағалау критерийлерін құрдық?

3/ «Баспалдақ» арқылы оқушылардың тақырыпты қай деңгейде түсінгендерін анықтау, бағалау.

Тақтада сызылған баспалдақ пен бағалау критерийлері, бағалауға арналған стикерлер

Дифференциация – оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұпта және топтық жұмыстарда ресурстар бойынша дифференциация

Топтық, зерттеу жұмыстары барысындағы бақылау арқылы бағалаймын және өздік жұмысының нәтижесімен бағалаймын.

«Баспалдақ» арқылы өзін-өзі бағалау

Зертеу жұмысы барысында қауіпсіздік ережелерін иқайталау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу