Судың тіршілік үшін маңызы. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім : Заттар мен олардың қасиеттері. Су

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 2-тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Судың тіршілік үшін маңызы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.3.4 - судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру

3.1.2.1 - ақпарат көзінің түрлерін анықтау

 Сабақ мақсаттары

судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру;

• ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіру;

• ақпарат көзінің түрлерін анықтау .

 Бағалау критерийлері

мемлекеттік және ұлттық мерекелерді ажырата алады

 Тілдік мақсаттар

Ауызсу,үнемдеу, тиімді пайдалану

 Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

Судың адам үшін маңыздылығын біледі

 Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілікті ынтымақтастылық, қайырымдылық құндылықтарын дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі және әдебиеті, математика пәндерімен байланысады.

 АКТ

таныстырылым жасайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар судың қасиетін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық дайындық.Күлім қағып қолымды,Бір, екі, үш деп соғайын.Қарап тұрған көршіме,Қолымды мен бұлғайын.Жылы - жылы жүзбенен,Маңдайынан сипайын.Жылы - жылы сөзбенен,Жүрегімді сыйлайын.Ыстық алақаныммен,Қолыңды бер қысайын.Амандасып өзіңмен,Құшақтап бір алайын

ОМ таныстыру судың тіршілік үшін маңыздылығын білесің

Миға шабуыл3 шыны ыдысқа сүт, су, сұйық май әкеліп, осылардың ішінен суды табулары сұралады- Қалай таптыңдар? (оқушы пікірін тыңдау)

Суды пайдалану

Оқушыларға жұппен немесе 3 адамнан шағын топтарға бірігіп, бірнеше суреттен жасалған коллажды талқылауды тапсыру. Олар коллаждағы суреттердің ұқсастықтарын анықтап, әр коллажға ат қоюлары керек. Оқулықтағы суреттер мен өз білімдеріне сүйене отырып, оқушылар «Су не үшін қажет?» деген сұраққа жауап береді.

Жауаптары

Су адамдар мен жануарларға ішу үшін, тамақ дайындау үшін, гигиеналық шараларды орындау үшін, киімдерді жуу, еденді тазарту, өсімдікті суару, шомылу үшін қажет. Өзендер, теңіздер мен мұхиттарда кемелер жүзеді. Суда жануарлар мен өсімдіктер тіршілік етеді. Судың көмегімен электр энергиясы өндіріледі.

Сабақ ортасы

33 минут

 

(Ұ) Оқушылармен су тапшылығы бар елдер туралы не білетіні туралы әңгіме жүргізу. Құрғақшылықта өмір сүретін мемлекеттер туралы бейнефильм көрсету.

(Ұ)

-Жер асты сулары туралы не білесіңдер?(оқушы пікірін тыңдау.

(МК) Адам көзінен тыс жер астында жасырынған су айдындары жер асты сулары деп аталады.

-Күнделікті өмірде өзіміз пайдаланатын қандай минералды суларды білесіңдер? (оқушы жауабын тыңдау)

Еліміздің бірталай өңірінде өте тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар.

(Ө) Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері туралы қосымша оқуға тапсырма беру

Сусыз тіршілік жоқ. Су кез келген тірі табиғат үшін маңызды екенін түсінеді.

(Қ) Судың тіршілік үшін маңыздылығы туралы эссе жазуға тапсырма беру.

Судың жарамдылығы.

Оқушылардың назарын екі стақандағы суға аудару

- Суды сипаттап беріңдерші (мөлдір, түссіз, иіссіз).

- Судың дәмін көріңдер «Ауызсу ретінде қай

стақандағы суды таңдар едіңдер?

Неліктен?»

Қандай су адамдардың пайдалануына жарамды екен? Қорытынды жаса. (Ауызсу үшін тұщы суды пайдаланған дұрыс.)

Ол суды қайдан табуға болады? (Ол өзендерде, кейбір көлдерде, бұлақтарда, құдықтарда болады, сонымен қатар су құбырынан ағатын су да ауызсу үшін жарамды).

Тұзды емес су тұщы су деп аталады.

-Барлық тұщы су ішуге жарамды ма?

Кейбір оқушылар тұщы су көзі ретінде жаңбыр мен шалшық суды атауы да мүмкін. Мұндай су көздерінен ішу өте қауіпті екенін түсіндіру Ауызсу – ішуге жарамды су.

Зертте. Оқушыларды шағын топтарға бөлу.

Барлық топқа ватман қағазы мен фломастерлер

дайындап қойыңыз. Бұл тапсырманы орындау үшін

оқушыларға экология туралы балаларға арналған журналдар мен газеттердегі мақалалар, суды үнемдеу ережелері немесе керісінше суды ұқыпсыз пайдалануға қатысты көріністер бейнеленген суреттер мен иллюстрациялар беру

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық.

 • Оқушыларға «Суды үнемдеу керек пе, өздерің суды үнемдеу үшін не істей аласыңдар?» деген сұрақ қойылады.

 - Инфрографика деген не?

 - Оның сырт көрініс қандай? (Қысқаша мәліметтер жазылған сызба немесе суреттер)

 • Берілген ресурстардың ішінен зерттеу жұмысын жүргізуге қажеттілерін таңдайды.

 • Суды үнемді қолдану жайлы инфографика жасайды.

 • Инфографиканы постер түрінде рәсімдейді.

 Зерттеу жұмысын аяқтаған соң оқушылардан постерлерін таныстырады. Зерттеу жұмысында оқушылар суды үнемдеу тәсілдерін ұсынатын болады.

 -Бұрын үнемдеу сөзін естідіңдер ме?

  –Мысалы, керекті затты алу үшін, ойын-сауыққа ақша шығындаудың қажеті жоқ. Міне, бұл үнемдеу деп аталады. Оқушыларға заттарды үстел үстіне пайдалануға ыңғайлы етіп қоюларын сұрау. Мұндай реттіліктің «тиімді» деп аталатынын жеткізу

Бұл тапсырма оқушыларға дереккөз түрлерін анықтап, жұмысқа қажеттілерін таңдай білуге үйретеді.

Ойлан.

Жұптасып «Егер су болмаса, Жер бетіндегі тіршілік қалай өзгерер еді, сусыз тіршілік болуы мүмкін бе?»

- Су кімге қажет? (Адамдарға, жануарларға,өсімдіктерге).

- Адам сусыз қанша уақыт өмір сүре алады? (2-3 күн).

- Түйе туралы не білесіңдер? (Ол шөлге өте төзімді жануар).Түйе сусыз 7-10 күн бойы өмір сүре алады.

Судың болмауы құм мен тастарға қалай әсер етеді?(Оларға су қажет емес). Оқушылар сусыз өз өлкесінің қандай күйде болатыны жайлы әңгіме құрастырып немесе

бейнелеп сурет салады.

Сен білесің бе?

Суды қандай мақсатта көп қолданасыңдар?»

Олар дене күтімі және үй тазалығы туралы ғана айтса, саяжайда не бақшада көргендері туралы сұрауға болады. Талқылау барысында оқушылар мәдени өсімдіктерді суару үшін көп су пайдаланатыны туралы қорытынды жасай алады.

Мысалы1 килограмм картоп өсіру үшін 300 литр су жұмсалады екен.

Жұмыс дәптері бойынша нұсқаулар

53-жұмыс парағы. «Судың маңызы»

-Су не үшін қажет? Оқушылар суды әртүрлі салада қолдануға қатысты сызбаны толтырады.

Судың қажеттілігі

Филворд. Оқушылар суды үнемдеуге әсер ететін

факторлар жасырылған сөздерді тауып, жасыл түспен

қоршайды. Судың ластануына әсер ететін факторларды қызыл түспен қоршайды. Одан әрі оқушылар

табылған сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрайды.

«

Сабақтың соңы

2 минут

Бағалау

«Аяқталмаған сөйлем....»

Су....................

Су...................

Су...................

Су................

Рефлексия:

“Баспалдақ” әдісі арқылы көрсетіңдер. -Бүгінгі сабақ кімге қиын болды?

-Кім түсінбеді?

-Кімде сұрақ бар?

-Кім бәрін түсінді, кім алға қарай жылжып басқа білім алуға дайын?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар тақырып бойынша айтқан әңгімелері мен топтық жұмысқа қосқан үлестері үшін мадақталады.

Қабілеті жоғары оқушылар топты сырттай бақылап, көп үлес қосып отырған оқушыларды анықтауға көмектеседі.

Оқушылардың жұмысы сабақ барысында бағаланып отырады. Миға шабуыл - мадақтау, Суды пайдалану - қол шапалақтау, Судың жарамдылығы - бас бармақ , Зертте -смайлик , Ойлан – комментарий арқылы бағаланады.

Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. АКТ-да таныстырылым 2 минутқа жоспарланды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу