Табиғатты тану әдістері жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: ғылымға кіріспе Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Заттар мен олардың қасиеттері. Заттардың типтері. Сынып: 3 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева. А.К. Қатысқаны: Қатыспағаны:
| ||||||
Сабақ тақырыбы | Табиғатты тану әдістері жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2 Табиғатты тану әдістері | ||||||
Сабақ мақсаттары | 3.1.2.4 - жүргізілген эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Жетістік критерийлері | Эксперимент нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсетіп, қорытынды жасай алады. | ||||||
Сөздік қор | Эксперимент, диаграмма, глобус, Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхит. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Жер бетіндегі кездесетін су қоймаларын қорғауға бейімдеу. | ||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесін неміс географы және саяхатшысы жайлы әлем деңгейіндегі білімді меңгере тұрып, оқушы ақпарат көздері арқылы жүргізілген эксперимент нәтижесін, құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсетіп, қорытынды жасайды. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, | ||||||
АКТ | Презентация | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіру Ауыз суды қолдану судың тіршілік үшін маңыздылығын біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақ тың жоспар ланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурс тар | |||||
Сабақтың басы 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі.
| Презентация | |||||
Сабақ ортасы 35 минут | (МК) Оқушыларға глобус немесе дүниежүзі картасын көрсету. Глобус – жердің кішірейтілген пішіні екені пысықталады. Глобус - Жер шарының бірнеше есе кішірейтіліп берілетін нақты бейнесі. Ең бірінші глобусты неміс географы және саяхатшысы М. Бехайм жасаған (1492ж) деп саналады. (Т) Мүмкіндік болса әр топқа кішкентай глобус беру. Глобуста қандай түс көбірек кездесетінін сұрау. Көк түстің көп кездесетінін байқайды. Көк түспен боялған су екенін айтады. (МК, Ж) Жер бетіндегі кездесетін су қоймаларын атап шығыңыздар. Оқушыларға мұхит, теңіз, өзен, көл, бұлақтың суреттерін және жеке қағаздарға жазылған табиғи су көздерінің сипаттамаларын таратып беру. Оқушылар ақпараттарды талқылап, сурет пен сипаттамаларын сәйкестендіреді. Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Тынық мұхиты ғаламшардағы ең үлкен мұхит болып табылады. Шығысынан батысына 19 мың км, ал оңтүстігінен солтүстігіне дейін 16 мың км созылып жатыр. Оның суы оңтүстігінде көбірек, ал солтүстігінде аз болып келеді. Атлант мұхиты Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит. Оны ежелгі гректер Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған. Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы. Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Көл – теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ағынды көл – өзен ағып шығатын көлдер. Ағынсыз көлдерге өзендер келіп құйғанымен, ағып шықпайды. Каспий теңізі — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар құяды. (МК) Мұхит – Жер бетінің көпшілік бөлігін алып жатыр. Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды мұхит. (қ) Оқушылардың мұхиттарды ажырата алатындығына көз жеткізу. (Ж, Т) Келесі жұмыста жұптарға немесе кіші топтарда су көздерін салыстыру үшін тапсырма беру. Яғни, өзен мен көл; көл мен теңіз; мұхит пен теңіз; бұлақ пен өзен; мұхит пен көл; т.с.с су көздері жұптарын ұсынуға болады. Салыстыру жұмыстарында жоғарыда қолданылған суреттер мен сипаттамаларды қолдануға болады. Салыстыру нәтижелерін кестеге жазу. Қазақстанның су қоймаларының суының ащы немесе тұщылығы туралы ақпарат көздерінен ақпараттарды тауып, салыстыруды ұсыну. Кестеге нәтижесін тіркеп қояды. (МК) Каспий теңізін неліктен теңіз деп атайды деген сұраққа жауап берулерін сұрау. Көлемі үлкен болғандықтан ол теңіз екендігін айтып түсіндіру. Қазақстанның физикалық картасын көрсету. Қазақстанда қандай ірі су қоймалары бар екенін сұрау. Жауаптарын талқылау. Қазақстан аумағында 85022 өзен бар. Оның 84694 – шағын (100 км), 305 - і орташа (500 км), 23 - і ірі (500 – 1000 км). 1000 км-ден асатын 7 өзен бар. Олар Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу. Республиканың барлық өзендері Солтүстік мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алабына құяды. Қауіпсіздік ережесін қайталау. (Ұ) Егер жергілікті жердегі су қоймасы болса, топсаяхатқа апару. Алдын ала сұрақтармен таныстыру: Ол көл немесе өзен, теңіз екенін, ағынды немесе ағынсыз, суының ащы немесе тұщы екенін анықтау. (қ) Судың негізгі табиғи көздерін анықтауды үйренеді. ҚБ тапсырмасын орындайды. | Қазақ тілі терминдері нің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. Мұхит, теңіз, өзен, көл, бұлақтың суреттері 1.Балаларға арналған танымдық энциклопе дия. География лық аймақтар, 16-бет 2. "Қазақ Энциклопе диясы" 3. Балаларға арналған танымдық энциклопе дия. География лық аймақтар, 30-бет | |||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия. «Алған әсерім» Не үйрендім? ... Не ұнады?... Не ұнамады? ... |
| |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Әр оқушының жауабы мадақталады. Ұйымдастыру қабілеті жоғарылау оқушылар | Оқушылардың | Сергіту сәті өткізіледі. Театр ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді? Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме? Сабақтың уақыттық сатылары болды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||
Жалпы рейтинг Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)? 1: 2: Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?