Суды қайдан таба аламыз? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

4-тарау 4-сабақ

Сабақ тақырыбы: Суды қайдан таба аламыз?

Ұйымдастыру. Өткен сабақта алған білімдерін жинақтау үшін тест сұрақтары беріледі.

Жұмбақ жасыру.

Аяғы жоқ, қолы жоқ,Бiрақ тыныш тұрмайды.Сақтамасаң – қорын тек,Барша тiрлiк қурайды.

Су туралы ББҮ кестесінің екі бағанын толтыру.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Барлық жерде су бар.

- Судың негізгі көзі қайда болады? Суды қайда кездестіре аламыз?

- Жер бетінің қанша бөлігін су алып жатыр?

- Су қандай денелерде болады?

- Өсімдік бойында су бола ма? Оларға су қайдан келеді?

- Адам ағзасында су бола ма? Адам денесінде қанша су бар?

- Бізден басқа тағы нелерге су қажет?

- Қандай ағзалар суды мекен ретінде пайдаланады?

Су көздері. Топтық жұмыс.

1. Әлемде теңіздер көп пе? Олардың сулары қандай деп ойлайсың?

2. Біздің жер шарымызда су жердің қандай бөлігін алып жатыр?

4. Теңіздер мен көлдерде, мұхиттар мен өзендерде су көлемі белгілі бір жағдайға байланысты болмаса неге өзгермейді?

Барлық топқа әртүрлі суқоймаларының аты (мұхит, теңіз, өзен, тоған, көл, бұлақ, хауыз, құдық, арық, жылға) жазылған парақшалар тарату. Оқушыларға үлестірмелі парақшаларды екі топқа топтастырып, бөлуді тапсыру. Кейбір білмеген сөздердің мағынасын түсіну үшін түсіндірмелі сөздіктермен жұмыс жасау. Жұмыстарының нәтижесін сыныптастарымен бөлісу.

Зертте Еліміздің аумағында қандай суқоймалар бар?

-ҚР-ның қандай суқоймаларын білесіңдер? Деп сұрақ қою.

Топтарға ҚР-ның картасын беру. Әр топ картадан суқоймаларды топтарға бөліп кестеге жазады. Уақыт аяқталғанда өз жазбаларымен басқа топтарды таныстыру. Бір-біріне толықтырулар енгізу.

Сен білесің бе? Балқаш көлі туралы ақпарат беру.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 51-52 жұмыс парағы (53 б, 54 б.)

ББҮ кестесінің 3-бағанын толтыру.

РефлексияСабақтағы белсенділігіңді алақандағы сызықтар бойынша бағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу