Суқұбырдың қызметі. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану пәні 3 сынып

4 тарау 7 сабақ

Сабақ тақырыбы: Суқұбырдың қызметі

Ұйымдастыру

Проблемалық жағдаят шешу арқылы сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту.

Алмас бақша суарып жүрген еді. Досы Айдос:

- Алмас, жылдам кел! Футбол ойнаймыз,- деп шақырды. Алмас бақша суарып жатқан шлангіне жерге тастады да, досына жүгірді.

Айдос одан:

- Алмас, сен тым жылдам келдің, шлангіні жаптың ба?-деп сұрады.

Алмас: - Жоқ, жаппадым. Жауып не керегі бар, аға берсін, онсыз да су көп емес пе, содан соң жабармын, -деді.

  • Балалардың ісіне баға беріңдер. Олар дұрыс істеді ме?

Оқушылардың жауабын тыңдап, дұрыстығына көз жеткізіп, кез-келген жағдаятта дұрыс шешім қабылдауға үйрету.

- Қалада барлық үйде су бар. Ол су қайдан келеді, не арқылы келеді және қайда кетеді, білесіңдер ме? деген сұрақ арқылы сабақтың тақырыбы оқушылардың өздеріне тапқызу.

Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аудару.

Жұпта жұмыс жасау арқылы судың жүретін жолын көрсеткі бағыты бойынша бір-біріне айтқызу. Жетекші сұрақтар қою арқылы оқушыларды ретімен дұрыс айтуға бағыттау.

- Су бастауы қай жерден басталады?

- Сорғыларда қандай үдеріс болады? (онда балықтар өмір сүреді, балдырлар өседі, онда микробтар болады, сондықтан су лас, онда қоқыс болуы мүмкін)

- Өзеннен су ішуге бола ма? (жоқ)

- Қандай су ішу керек? (таза)

Мұғалімнің түсіндіруі. Су ішуге және жалпы қолдануға жарамды болу үшін суды тазарту жолдарымен таныстыру. Құдық және оны таза ұстау туралы түсінік беру.

- Адамдар жақын маңда суқоймалар болмаса, суды қайдан алады? (Су көзі ретінде құдықтар мен ұңғымалар қолданылады)

- Құдықтағы су қайдан пайда болады? (Жер астынан алынады)

- Құдықтан және ұңғымалардан алған суды тазарту қажет пе? (Жердің бірнеше қабатынан өткен су тазарып шығады)

- Құдыққа қоқыстардың түсуі мүмкін бе? (Қоқыстар құдықтың жоғары жағынан түсіп кетуі мүмкін)

- Құдыққа қоқыс түспес үшін не істеу керек? (құдықтың бетін қақпақпен жауып қою қажет)

Суды тазарту.

  • Пайдаланған су қандай болады? (Лас.)
  • Қандай суларды сарқынды су деп атайды? (Барлық лас сулар мен жауын-шашын суы. Олар тазартуды қажет етеді.)
  • Су пайдаланғаннан кейін қайда барады? (Қайта өзенге құйылады.)
  • Лас су сол күйі өзенге құйылса, не болар еді? (Бұл өзеннің суын ластайды.)
  • Неге зияны тиюі мүмкін? (Өсімдіктер мен жануарларға, суда тіршілік ететіндерге)
  • Мұндай жағдай болмас үшін қандай шараларды сақтау қажет? (Сарқынды суларды тазарту қажет.)

Модель жаса.

Топтық жұмыс. Қажетті ресурстар алдын-ала дайындалады. Пластикалық стақан – тұтынушылар, ал ыдыстағы су – су көзі.

Әр топ эксперимент жүргізуге арналған жоспар жасайды. Сыныппен жоспарлар талқыланады, қажетті жоспар таңдалады.

  • Екі орта диаметрлі түтікшені алып, үлкен диаметрлі түтікшеге салу.
  • Байланысқан жерді скотчпен орау.
  • Орта диаметрлі түтікшеге ең кіші диаметрдегі екі түтікшені салу.
  • Жалғасқан жерді скотчпен орау.
  • Кішкентай диаметрлі төрт түтікшенің астына стақандар қою.
  • Үлкен диаметрлі түтікшені құйғышпен біріктіру.
  • Зерттеушінің күнделігіне эксперимент барысының суретін салу.
  • Қорытынды жасау.
  • Эксперименттің бастапқы жоспарымен эксперименттің жүргізілу барысын салыстыру.

Талдау сұрақтарымен жұмыс жасалады:

  • Модель жасау үшін тағы қандай материалдар қолданар едің?
  • Шынайы суқұбыр мен үлгінің қандай айырмашылығы бар?
  • Суқұбырдың құбырлары қандай болуы керек?

Ойлан.

- Адамдар өзенді не үшін пайдаланады? (Су бөгеті үшін, шомылу үшін, өсімдіктерді суару үшін.)

- Қаладағы суқұбыр жолының соңынан су тартуға бола ма? (болады, құбыр тазаланады.)

- Суды қай жерге ағызған дұрыс? (Қауіпсіздік үшін қаланың сыртында. Өзен келесі елді мекенге ағып барғанша тазарады, қоқыс қалдықтары өзен түбіне шөгіп қалады )

Сен білесің бе? Бұрынғы кезде Сарайшық қаласының орнында қазба жұмыстарының нәтижесінде суқұбырлар табылғаны жайлы айтылады.

Рефлексия

  • Бүгін .................білдім.
  • Мені ...................таңғалдырды.
  • Мені .................ойландырды.

Мен басқаларға .....................түсіндіре аламын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу