Суқұбырдың қызметі. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Заттар және олардың қасиеттері . Заттардың типтері

Мектеп:

Модератор: Увалиева А.К

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Суқұбырдың қызметі

Оқу мақсаты:

3.3.3.4 суды тазартудың түрлі тәсілдерін ұсыну;

3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылар:

судың үйге қалай жететінін және оның қайда кететінін біледі;

сарқынды суларды тазарту қажеттілігін түсінеді.

 Бағалау критерийі

Судың қалай тазаланатынын біледі;

Ортақ жұмысқа шығармашылықпен қарайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

өз ойларын айтады, талдайды және қорытынды жасайды,

сұрақтарға ойланып жауап береді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Суқұбыр, сарқынды су

 Құндылықтар

Суды қорғау, үнемді болу

 Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу

 АКТ қолдану

 дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Суды тазарту жолдарын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Проблемалық жағдаят.

Алмас бақша суарып жүрген еді. Досы Айдос:

- Алмас, жылдам кел! Футбол ойнаймыз,- деп шақырды. Алмас бақша суарып жатқан шлангіне жерге тастады да, досына жүгірді.

Айдос одан:

- Алмас, сен тым жылдам келдің, шлангіні жаптың ба?-деп сұрады.

Алмас: - Жоқ, жаппадым. Жауып не керегі бар, аға берсін, онсыз да су көп емес пе, содан соң жабармын, -деді.

  • Балалардың ісіне баға беріңдер. Олар дұрыс істеді ме?

- Қалада барлық үйде су бар. Ол су қайдан келеді, не арқылы келеді және қайда кетеді, білесіңдер ме?

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

сурет

Сабақтың ортасы

Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аудару.

Жұпта жұмыс жасау. Судың жүретін жолын көрсеткі бағыты арқылы бір-біріне айту. Жұптарды тыңдау. Басқа оқушылардың жауапты толықтыруын сұрау.

Жетекші сұрақтар:

- Су бастауы қай жерден басталады?

- Сорғыларда қандай үдеріс болады?

- Өзеннен су ішуге бола ма?

- Қандай су ішу керек?

Мұғалімнің түсіндіруі. Су ішуге және жалпы қолдануға жарамды болу үшін микробтардан, жағымсыз дәм мен түстен тазартылады.

Су сорғылар арқылы көлдерден, өзендерден немесе су қоймаларынан алынады, ал үлкен құбырлармен су тазарту құрылыстарына жіберіледі. Мұнда қалдықтар, бұтақтар, басқа ірі бөтен заттарды алып тастау үшін су сүзіледі. Содан кейін суды химиялық заттармен тазартады, одан кейін тас пен құмның қабаттарынан өткізеді. Одан кейін судағы микробтарды жою үшін арнайы бактерияларды қосады, хлорлайды. Тек содан кейін ол үйге құбырлар арқылы өтеді.

- Адамдар жақын маңда суқоймалар болмаса, суды қайдан алады?

- Құдықтағы су қайдан пайда болады?

- Құдықтан және ұңғымалардан алған суды тазарту қажет пе?

- Құдыққа қоқыстардың түсуі мүмкін бе?

- Құдыққа қоқыс түспес үшін не істеу керек?

Суды тазарту.

  • Пайдаланған су қандай болады?
  • Қандай суларды сарқынды су деп атайды?
  • Су пайдаланғаннан кейін қайда барады?
  • Лас су сол күйі өзенге құйылса, не болар еді?
  • Неге зияны тиюі мүмкін?
  • Мұндай жағдай болмас үшін қандай шараларды сақтау қажет?

Модель жаса.

Топтық жұмыс. Қажетті ресурстар алдын-ала дайындалады. Пластикалық стақан – тұтынушылар, ал ыдыстағы су – су көзі.

  • Ыдыстағы су бірнеше тұтынушыға жетуі үшін не істеу қажет деп ойлайсыңдар?

Әр топ эксперимент жүргізуге арналған жоспар жасайды. Сыныппен жоспарларды талқылау, қажетті жоспарды таңдау.

Нұсқаулық

  • Екі орта диаметрлі түтікшені алып, үлкен диаметрлі түтікшеге салу.
  • Байланысқан жерді скотчпен орау.
  • Орта диаметрлі түтікшеге ең кіші диаметрдегі екі түтікшені салу.
  • Жалғасқан жерді скотчпен орау.
  • Кішкентай диаметрлі төрт түтікшенің астына стақандар қою.
  • Үлкен диаметрлі түтікшені құйғышпен біріктіру.
  • Зерттеушінің күнделігіне эксперимент барысының суретін салу.
  • Қорытынды жасау.
  • Эксперименттің бастапқы жоспарымен эксперименттің жүргізілу барысын салыстыру.

Талдау сұрақтарымен жұмыс.

  • Модель жасау үшін тағы қандай материалдар қолданар едің?
  • Шынайы суқұбыр мен үлгінің қандай айырмашылығы бар?
  • Суқұбырдың құбырлары қандай болуы керек?

Ойлан.

- Адамдар өзенді не үшін пайдаланады?

- Қаладағы суқұбыр жолының соңынан су тартуға бола ма?

- Суды қай жерге ағызған дұрыс?

Сен білесің бе? Бұрынғы кезде Сарайшық қаласының орнында қазба жұмыстарының нәтижесінде суқұбырлар табылғанын айту.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 57, 58-жұмыс парағы (59, 60 б.)

сурет

коктейльге арналған әртүрлі диаметрдегі үш түтікше; скотч орамы, құйғыш, суы бар ыдыс, штатив, пластикалық төрт стақан.

Сабақтың соңы

Рефлексия

  • Бүгін .................білдім.
  • Мені ...................таңғалдырды.
  • Мені .................ойландырды.
  • Мен басқаларға .....................түсіндіре аламын.

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өз суқұбырының макетін ойластыру (жеке, жұпта)

Модель жасау

Қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу