Заттар қандай болады? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Заттар және олардың қасиеттері . Заттардың типтері

Мектеп:

Модератор: Увалиева А.К

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Заттар қандай болады?

Оқу мақсаты:

3.3.1.1 заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылар:

дененің неден жасалатынын біледі;

заттардың шығу тегі туралы түсінік алады.

 Бағалау критерийі

Дене қандай заттардан құралатынын біледі;

Табиғи және жасанды заттарды ажыратады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Заттардың шығу тегі жайлы өз ойын түсіндіреді;

Заттарды әртүрлі белгілеріне қарап сипаттайды.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

зат, дене

 Құндылықтар

табиғи заттар мен денелерді сақтау

 Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

 АКТ қолдану

 дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Жасанды және табиғи заттар

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру. «Жасырынған затты тап» ойыны.

Алдын-ала 4 қорапқа 4 зат салынады: темір қасық, сөздік кітапша, қарындаш, доп.

Әр топтан бір оқушы шығып, қораптағы затты қарайды, бірақ не екенін оқушыларға айтпайды. Басқа оқушылар оған сұрақтар қою арқылы табу керек. Ал тақтадағы бала оқушылардың сұрағына «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Сынып оқушылары ол затты тапқанша сұрақ қою жалғаса береді. Егер оқушылар таба алмай жатқан жағдайда тақтадағы бала оқушыларға шешімін табуға көмектеседі.

1 топқа темір қасық, 2-топқа сөздік кітапша, 3-топқа қарындаш, 4-топқа доп беру.

Топ мүшелері бұл денелер туралы не білетіндерін ортаға салу.

Сұрақ: - Қасық неден жасалған?

  • Сөздік кітапша неден жасалған?
  • Қарындаш неден жасалған?
  • Ойыншық неден жасалған?
  • Бқл заттар не үшін пайдаланылады?

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Заттар: қасық, сөздік кітап, қарындаш, доп.

Сабақтың ортасы

Бізді қоршаған әлем – ол ....

Бізді қоршаған әлем дене деп аталатынын айтып, мысалдар келтіру.

.

  • Дене мен заттың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?

Топқа сабақ басында берілген денелердің затын анықтау.

Қасық- дене, зат – темір. Сөздік кітапша-дене, зат- қағаз, қарындаш-дене, зат-ағаш, ойыншық-дене, зат-резіңке.

Дене заттан құралатынын және дене мен заттың айырмашылығын айту.

Саналуан денелер.

Жұппен жұмыс жасау. Суреттерді мұқият қарап шығып, бейнеленген денелерді топқа бөлу.

  • Табиғатта жаратылған заттарды қалай атауға болады?
  • Адамдар қолмен жасаған заттарды ше?

Табиғи Жасанды

Денелер мен заттар

Сынып бөлмесінен табиғи заттардан жасалған бес дене, жасанды заттардан жасалған бес дененің атын жазу. Олардың қандай заттардан құралғанын айту.

Табиғи дене

Жасанды дене

Мәтінмен жұмыс. Табиғи және жасанды денелер туралы ақпаратпен танысу.

Зертте. Дене қандай заттардан құралуы мүмкін? Оқулықтағы суреттегі денелердің атауын жазу. Әрбір дене атауының жанына қандай заттардан жасалғанын жазу. Табиғи немесе жасанды екенін белгілеу.

Дене атауы

Денені жасаған зат

табиғи

жасанды

үй

кірпіш

+

Жұмысты жұппен ұйымдастыруға болады. Қай жұп көбірек дене атауларын жазғандарын анықтау.

Жазған денелер бойынша жасанды немесе табиғи дене диаграммасы сызылып, қайсысы көп екенін анықтау.

Ойлан

-Біздің айналамызды жасанды заттарсыз елестетіп көрейік. Адам қолымен жасалған жасанды денелер көбейіп келеді. Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Әркімге пікірлерін айтқызу. Қорытынды шығару.

Жеке жұмыс. Дене мен затты анықтау. Сызық арқылы байланыстыру. Өзін-өзі бағалау.

Тексеру.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 45, 46-жұмыс парағы (47-б. 48-б.)

Суреттер

Суреттер

Сызба

Кесте

Кесте

Жұмыс парағы

Сабақтың соңы

Рефлексия

  • Бүгін қандай жаңа ақпарат алдың?
  • Қандай жұмыс саған ерекше ұнады?
  • Қай тапсырмада қиналдың?
  • Жұмысыңды одан әрі жақсарту үшін не істейсің?

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Заттар мен денелер жайлы диафильм түрінде буклет дайындау

Зерттеу тапсырмасын және жеке жұмысты бағалау

Сабақ үстінде тәртіп ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Алия
    Оқырман Алия 20.11.2024 17:04
    0 + 0 -
    Керемет