Заттар қандай болады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқаулық
3-сынып. Жаратылыстану. Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.
Заттар қандай болады?
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жайлы ахуал орнату. Әр оқушыға сабақ басталмас бұрын кері байланысқа қызыл және жасыл түсті алмалар таратылады.
Шаттық шеңбері. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтады.
Неден жасалған?
Мақсаты: Әр заттың белгілі бір денеден жасалатынын анықтау.
«Төртінші артық» ойыны арқылы кіріспе тапсырманы орындау. Әр қатарда берілген сөздердің қайсысы артық екендігін табу. «Артық» сөздердің арасында қандай байланыс бар екендігін анықтау.
Мысалы:
Ағаш, ит, мысық, піл.
Ағаш оқтау, арыстан, жолбарыс, қоян.
Ағаш оқтаудың мұнда ерекшелігін айқындау. Денелердің заттардан жасалатынын талқылау. Талқыланатын сұрақтар:
- Әртүрлі заттардан бірдей денелер жасауға болады ма?
- Бірдей заттардан жасалған денелер болуы мүмкін бе?
Саналуан заттар.
Мақсаты: Берілген суреттерді әртүрлі белгілері бойынша топтастыру, заттардың табиғи және жасанды түрлерін анықтау.
Жұптасып, оқулықтағы суреттерді мұқият қарап, бейнеленген денелерді екі топқа бөлу. Оқушылар өз жауаптарын дәлелдеп, қалай топтастырғандарын талқылау. Бірнеше жұптардың жауаптары тыңдалып, жауаптар өзара салыстырылады.
«Т-кестесі» стратегиясы бойынша заттарды табиғи және жасанды түрлерін анықтайды.Тапсырманы орындау барысында оқушыларда заттардың табиғи және жасанды түрлерін ажыратады.
ҚБ. «Смайликтер» арқылы мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы.
Топтарға біріктіру. Оқушылардың заттың түрлеріне сәйкес бірнеше топтарға біріктіру. Мысалы: тамірден жасалған заттар, ағаштан жасалған заттар т.б.
Зерттеу жұмысы.
Мақсаты: Заттар не үшін қажет екендігін түсінеді және оларды не үшін пайдаланатынын біледі.
Зерттеу жүргізуді оқулықтағы суреттерге назар аударудан басталады.
Зерттеушінің күнделігіне зерттеу нәтижелерін жазу үшін кесте құрастырылады. Алдын ала дайындалған кесте ұсынылады. Кестені мұқият толтырады. Заттардың табиғи немесе жасанды екенін белгілейді.
Мәліметтерді талдап, салыстыру ұсынылады.
Саралау. Ынтасы жоғары оқушыларға кестеге тағы қандай мәліметтерді қосуға болатыны жайлы тапсырма беру.
Зерттеу жұмысын қорытындылау: Дененің қандай заттардан құрылғанын анықтайды, заттардың табиғи және жасанды болын сипаттайды.
ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы өзара бағалау. Неліктен солай бағалағандары тыңдалады.
Денелер мен заттар.
Мақсаты. Жасанды және табиғи заттарды ажырату.
Оқушылар жұптасып «Екі шар» ойыны арқылы табиғи және жасанды заттарды топтастырады. Жетекші сұрақтар арқылы заттарды неліктен жасанды және неліктен табиғи деп аталатындығын анықтайды.
Жасанды заттар қандай материалдардан жасалатынын анықтап, сипаттайды. Жасанды заттарды дайындауда адамның іс-әрекетін сипаттайды.
Ойлан. Оқушылар айналадағы жасанды заттарсыз өмір сүру мүмкіндігін талқылайды. Тапсырманы «Менің сөзім» ойыны арқылы орындау ұсынылады. Мұнда әр бала өз ойын дәлелді түрде айтып беруі тиіс. Ойынға микрофон немесе диктофон пайдалануға болады.
Сергіту сәті.
Дене жаттығуларын орындау, билеу. Сұраққа жауап беру.
Сабақ барысында неге дене жаттығуларын орындау керек деп ойлайсыңдар?
Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.
45-жұмыс парағы. «Денелер мен заттар», 47-б.
Сәйкестігін тап. Оқушылар денелер мен заттарды жасалуына қарай сәйкестендіреді, сызықтармен қосады. Жасыл түсті қарындашпен табиғи заттардың, көк түспен жасанды заттардың аттарының астын сызады.
Бағалау. Дескриптор:
Оқушылар:
- жасанды заттарды атайды;
- табиғи заттарды атайды.
46-жұмыс парағы. «Заттардың шығу тегі», 48-б.
Таңда. Жасанды денелер жазылған бағанды тауып, бірінші қатарға жазады. Табиғи денелер ғана жазылған бағанды тауып, төртінші қатарға жазады.
Бағалау. Дескриптор:
Оқушылар:
- жасанды заттарға мысал келтіреді;
- табиғи заттарға мысал келтіреді.
«Алма ағашы» кері байланысы.
Сабақ басында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында алма ағашына ілу керек.
Жасыл түсті алма - «Сабақ өте қызықты, бәрі түсінікті болды, көңіл-күйім көтеріңкі.»
Қызыл түсті алма – «Бүгінгі сабақты меңгере алмадым, көңіл-күйім жоқ.»
Қосымша ақпарат.
Заттар көбінесе таза күйінде болмайды, мысалы, табиғи минералдар әр түрлі құрамдас бөліктерден тұрады. Сондыктан табиғи минералдардан өндіріс орындарында бір ғана өнім алынбайды, қосымша заттар түзіледі. Қоспалар құрамына қарай біртекті және әртекті болады.
Таза заттар бірдей молекулалардан, ал коспалар әр түрлі заттардың молекулаларынан тұрады. Біртекті қоспалардың құраушыларының агрегаттық күйлері бірдей болады және оларды жай көзбен көруге болмайды, өйткені олар өте ұсақ күйде болады (газ қоспасы, тұздың, канттың судағы ерітінділері).
Әртекті қоспалардың кұраушылары әр түрлі болады, мысалы, су мен саз екіге бөлініп тұрады. Қоспа кұрамындағы заттар өздерінің қасиеттерін сактайды. Мысалы, тұз бен құмның қоспасын суда ерітсек, тұз ериді де құм ерімей ыдыстың түбіне шөгіп қалады, сөйтіп бөліп алуға болады. Таза заттардың қасиеттері тұрақты болады, ал қоспаның қасиеті өзгеріп отырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?