Заттар қандай болады? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
|
| |||||||
| ||||||||
|
| |||||||
Оқу мақсаты: | 3.3.1.1 заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау. | |||||||
Сабақтың мақсаты: | Дененің неден жасалатынын, заттардың шығу тегі туралы беледі. | |||||||
Бағалау критерийі | Заттарды шығу тегі және агрегаттық күй бойынша жіктей алады. Ақпарат көздерінің түрлерін анықтайды. | |||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||
Құндылықтар | Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу. | |||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, математика, көркем еңбек. | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Заттар туралы біледі. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 2 минут 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жайлы ахуал орнату. Әр оқушыға сабақ басталмас бұрын кері байланысқа қызыл және жасыл түсті алмалар таратылады. Шаттық шеңбері. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрып, төмендегі өлең жолдарын айтады. Сәлеметсің бе, Күн Ана! Сәлеметсің бе,Жер Ана! Сәлеметсің бе,Көгілдір аспан! Сәлеметсің бе, сен! Сәлеметсің бе Мен! Неден жасалған? Мақсаты: Әр заттың белгілі бір денеден жасалатынын анықтау. «Төртінші артық» ойыны арқылы кіріспе тапсырманы орындау. Әр қатарда берілген сөздердің қайсысы артық екендігін табу. «Артық» сөздердің арасында қандай байланыс бар екендігін анықтау. Мысалы: Ағаш, ит, мысық, піл. Ағаш оқтау, арыстан, жолбарыс, қоян. Ағаш оқтаудың мұнда ерекшелігін айқындау. Денелердің заттардан жасалатынын талқылау. Талқыланатын сұрақтар: - Әртүрлі заттардан бірдей денелер жасауға болады ма? - Бірдей заттардан жасалған денелер болуы мүмкін бе? ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. | Шаттық шеңбері Слайд №1 Заттардың суреттері Слайд №2,3 «Төртінші артық» ойынына арналған суреттер | ||||||
Сабақтың ортасы 6 минут 1 минут 2 минут 7 минут 2 минут 5 минут 5 минут 1 минут 8 минут | Саналуан заттар. Мақсаты: Берілген суреттерді әртүрлі белгілері бойынша топтастыру, заттардың табиғи және жасанды түрлерін анықтау. Жұптасып, оқулықтағы суреттерді мұқият қарап, бейнеленген денелерді екі топқа бөлу. Оқушылар өз жауаптарын дәлелдеп, қалай топтастырғандарын талқылау. Бірнеше жұптардың жауаптары тыңдалып, жауаптар өзара салыстырылады. «Т-кестесі» стратегиясы бойынша заттарды табиғи және жасанды түрлерін анықтайды.Тапсырманы орындау барысында оқушыларда заттардың табиғи және жасанды түрлерін ажыратады. ҚБ. «Смайликтер» арқылы мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы. Топтарға біріктіру. Оқушылардың заттың түрлеріне сәйкес бірнеше топтарға біріктіру. Мысалы: тамірден жасалған заттар, ағаштан жасалған заттар т.б. Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Заттар не үшін қажет екендігін түсінеді және оларды не үшін пайдаланатынын біледі. Зерттеу жүргізуді оқулықтағы суреттерге назар аударудан басталады. Зерттеушінің күнделігіне зерттеу нәтижелерін жазу үшін кесте құрастырылады. Алдын ала дайындалған кесте ұсынылады. Кестені мұқият толтырады. Заттардың табиғи немесе жасанды екенін белгілейді. Мәліметтерді талдап, салыстыру ұсынылады. Саралау. Ынтасы жоғары оқушыларға кестеге тағы қандай мәліметтерді қосуға болатыны жайлы тапсырма беру. Зерттеу жұмысын қорытындылау: Дененің қандай заттардан құрылғанын анықтайды, заттардың табиғи және жасанды болын сипаттайды. ҚБ. «Бас бармақ» әдісі арқылы өзара бағалау. Неліктен солай бағалағандары тыңдалады. Денелер мен заттар. Мақсаты. Жасанды және табиғи заттарды ажырату. Оқушылар жұптасып «Екі шар» ойыны арқылы табиғи және жасанды заттарды топтастырады. Жетекші сұрақтар арқылы заттарды неліктен жасанды және неліктен табиғи деп аталатындығын анықтайды. Жасанды заттар қандай материалдардан жасалатынын анықтап, сипаттайды. Жасанды заттарды дайындауда адамның іс-әрекетін сипаттайды. Ойлан. Оқушылар айналадағы жасанды заттарсыз өмір сүру мүмкіндігін талқылайды. Тапсырманы «Менің сөзім» ойыны арқылы орындау ұсынылады. Мұнда әр бала өз ойын дәлелді түрде айтып беруі тиіс. Ойынға микрофон немесе диктофон пайдалануға болады. Сергіту сәті. Дене жаттығуларын орындау, билеу. Сұраққа жауап беру. Сабақ барысында неге дене жаттығуларын орындау керек деп ойлайсыңдар? Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады. 45-жұмыс парағы. «Денелер мен заттар», 47-б. Сәйкестігін тап. Оқушылар денелер мен заттарды жасалуына қарай сәйкестендіреді, сызықтармен қосады. Жасыл түсті қарындашпен табиғи заттардың, көк түспен жасанды заттардың аттарының астын сызады. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: - жасанды заттарды атайды; - табиғи заттарды атайды. 46-жұмыс парағы. «Заттардың шығу тегі», 48-б. Таңда. Жасанды денелер жазылған бағанды тауып, бірінші қатарға жазады. Табиғи денелер ғана жазылған бағанды тауып, төртінші қатарға жазады. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар: - жасанды заттарға мысал келтіреді; - табиғи заттарға мысал келтіреді. | Оқулықпен жұмыс Слайд №4,5 Смайликтер Топқа бөлуге арналған суреттер Кесте . Екі шар https://www.youtube.com/watch?v=fY0N407XXj0&list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX Дәптермен жұмыс Слайд №6,7 | ||||||
| «Алма ағашы» кері байланысы. Сабақ басында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма - «Сабақ өте қызықты, бәрі түсінікті болды, көңіл-күйім көтеріңкі.» Қызыл түсті алма – «Бүгінгі сабақты меңгере алмадым, көңіл-күйім жоқ.» | Алма ағашы тақтасы Слайд №8 | ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Саралап оқыту мақсатында қабілеті жоғары оқушыларға кестедегі қатарларды әрі қарай жалғастырып, денелер жасалуы мүмкін заттардың аттарын толықтырып жазып шығуды тапсыру. Тапсырмалар бойынша саралау: Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Сабақ барысында - Қалыптастырушы бағалау құралдары: - смайликтер арқылы бағалау; -мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту); - өзара бағалау: «Бас бармақ» - мұғалімнің жазбаша кері байланысы -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау; - «Алма ағашы» | -Сергіту жаттығуын орындау - әрекеттерді жиі ауыстыру - қауіпсіздік ережелерін сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?