Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
|
| ||||||||||
| |||||||||||
| Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар | ||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.3.1.1 заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау. | ||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Заттардың шығу тегін жіктей алады. | ||||||||||
Бағалау критерийі | Заттардың шығу тегін біледі; Заттарды агрегаттық күйі бойынша жіктейді; Ақпарат көздерінің түрлерін анықтайды. | ||||||||||
Тілдік мақсат |
| ||||||||||
Құндылықтар | Оқушыларды өзара құрмет көрсетуге, бір біріне түсіністікпен қарауға тәрбиелеу. | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, математика. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | ||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Заттардың шығу тегі туралы, жасанды және табиғи заттарды біледі. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 1 минут 4 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа қызығушылықты ояту мақсатында төмендегі өлең жолдарын айту. Бір-біріне жақсы сөздер, тілек айту. Біз бақытты баламыз,Ойнап күліп аламыз,Жетілсін деп санамыз,Оқып білім аламыз! Сұрақтар:
Не ортақ? Мақсаты: Заттардың әртүрлі күйде болуын еске түсіру. Оқулықта берілген суреттерге мұқият қарап, оларды салыстырады. Айырмашылығын анықтайды. Тапсырманы орындау барысында суреттердің арасында қандай байланыс барын анықтайды. Қорытынды шығару: заттардың үш күйде болатынын анықтау, қатты, сұйық, газ тәрізді ұғымдарын еске түсіру. Кесте толтыру.
ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. | Слайд №1 Өзен, мұз түйіршіктері, қайнап тұрған шәйнектің суреттері Оқулықпен жұмыс Слайд №2,3 | |||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 6 минут 3 минут 1 минут 4 минут 1 минут 3 минут 6 минут | Заттың күйлері. Мақсаты: Заттарды белгілі бір күйлеріне байланысты топтастыру. Оқушылар оқулықтағы суреттерге мұқият қарап, оларды белгілі бір белгілеріне қарай топтастырады. Өз жауаптарын дәлелдейді, сыныптастарының жауаптарымен салыстырады. Жетекші сұрақтар арқылы қатты заттарды, сұйық заттарды, газ тәрізді заттарды ажыратады. Сұрақтар: Қатты заттар қандай болады? Мысал келтір. Сұйық заттардың ерекшеліктері қандай? Мысал келтір. Неліктен газ тәрізді деп атаймыз? Ойыңмен бөліс. ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы. Зерттеу жұмысы. Мақсаты. Заттардың газ тәрізді болуын, сұйықтық ретінде болуын және қатты болуын анықтайды. Тапсырма жұптасып орындалады. Ресурстарды тарату: шарлар, шөлмек тығыны, стақан, шыны аяқ, кесе (немесе кез келген бірдей көлемдегі үш түтік), су, бір реттік қолданылатын инесіз шприц, заттардың үш агрегаттық күйі туралы бейнеүзінді. Зерттеу барысы.
Саралау. Ынтасы жоғары оқушылар жұбына заттардың қатты, сұйық және газ тәрізді болу ерекшелігі туралы ой қорыту ұсынылады. Зерттеу жұмысын қорытындылау: Заттардың газ тәрізді болуын, сұйықтық ретінде болуын және қатты болуын анықтай келе олардың пішіндерінің өзгеруі туралы ой қорыту. «Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру.
ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы Ойлан. Мақсаты: Кез келген заттың үш күйде де бола алуын анықтау. Денелердің барлығы бірдей бір күйден басқа күйге ауыса алмайтындығын түсіну. Жетекші сұрақтар арқылы бір заттың қалай бір күйден екінші күйге ауысқаны туралы ой қозғайды. Қорытынды жасайды. Егер мұз түйіршіктерін қолға ұстаса, не болады? Егер ыдысқа су құйып, оны отқа қойса не болады? Темірді қыздырғанда не болады деп ойлайсыңдар? Барлық денелер бір күйден екінші күйге ауыса алады ма, қалай ойлайсыңдар? Ағашты қыздырса, не болады? ҚБ Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы Заттардың өзгеруі. Мақсаты: Заттардың өзгеруін анықтау, олардың өзгеріске ұшыраған күйлерін сипаттау. Оқулықта берілген суреттер бойынша бірнеше сұрақтарға жауап беру. Жетекші сұрақтар: - Шыныда қандай зат бар? - Қант түйірлерін қандай? - Қантты шайға салып, толық ерігенше араластырса не болады? - Шайға қантты салса түсі өзгереді ме? - Қант неге жоқ болып кетті? Оқулықтағы екінші сурет бойынша сұйық күйдегі жаңа сауылған сүт және ашыған сүт, қатты күйдегі құрт туралы ой бөлісіп, қорытындылау. Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау. Сен білесің бе? Оқушыларға Жер бетіндегі су үнемі қозғалыста болатынын және күйін ауыстыратыны туралы әңгімелеп беру. Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады. 47-жұмыс парағы. «Заттың күйлері», 49-б. Үш күй. Заттардың атауын оқып, кестенің сәйкес бағанына орналастырады. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар:
48-жұмыс парағы. «Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар», 50-б. Сәйкестігін тап. Оқушылар су күйінің атауын, оның қасиетін және сәйкес суретін сәйкестендіреді. Бағалау. Дескриптор: Оқушылар:
ҚБ Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы
| Оқулықпен жұмыс Слайд №4,5,6 Шарлар, шөлмек тығыны, стақан, шыны аяқ, кесе (немесе кез келген бірдей көлемдегі үш түтік), су, бір реттік қолданылатын инесіз шприц Зерттеушінің күнделігі Кесте Оқулықпен жұмыс Оқулықпен жұмыс https://www.youtube.com/watch?v=fY0N407XXj0&list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX Дәптермен жұмыс Слайд №7,8 | |||||||||
| Кері байланыс. Оқушылар кері байланысқа стикерлерді тиісті орынға жабыстырады. | Тазалық тақтасы Слайд №9 | |||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Сабақ барысында -мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау. -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?