Суды қайдан таба аламыз? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3-сынып

Тарау: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.

Мектеп:

Модератор: Данабаева М.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Суды қайдан таба аламыз?

Оқу мақсаты:

3.3.3.1 судың жанды ағзаларда және жансыз табиғатта кездесетінін түсіндіру;

3.3.3.2 судың негізгі табиғи көздерін салыстыру;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

 Сабақтың

 мақсаты:

Судың тірі ағзаларда және жансыз табиғатта кездесетінін түсінеді.

 Бағалау критерийі

Судың тірі ағзаларда және жансыз табиғатта кездесетінін түсінеді;

Судың негізгі табиғи көздерін салыстырады;

Ақпарат көзінің түрлерін анықтайды.

Тілдік мақсат

Судың тірі ағзаларда және жансыз табиғатта кездесетінін сипаттап айта алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Тұщы су.

 Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Судың агрегаттық күйлерін біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 1 минут

1 минут

3 минут

Ұйымдастыру кезені. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында көңіл-күйді білдіретін смайликтер көрсетіледі. Смайликтердің ішінен өздеріне ұнағанын таңдап, таңдаған себебін түсіндіреді.

Топқа біріктіру. Оқушыларды «Шашу» әдісі бойынша бірнеше топтарға біріктіру. Бұл әдісте топ санына сәйкес конфеттерді, суреттерді алуға болады.

Жұмбақ шеш.

Жұмбақты шешу арқылы сабақта қарастыратын зат туралы әңгімелеу. Оқушылардан су туралы тағы қандай жұмбақтар білетінін сұрау.

Ассоциация. Оқушылар топтасып, «Су» ұғымын естігенде туындайтын ассоциацияларын атайды.

Аталған түсініктердің кейбірін оқушылармен талдау, талқылау ұсынылады. Су туралы білетіндерін еске түсіреді.

Тапсырманы орындау барысында оқушылар судың дәмі, түсі, иісі, өз пішіні болмайтынын, судың ағу қасиетіне ие екендігін және су үш түрлі күйде болатынын оның бір күйден екінші күйге ауыса алатындығын еске түсіріп, ой бөліседі.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Слайд №1

Топ санына байланысты әр түрлі кәмпиттнр

Слайд №2

Сабақтың ортасы

4 минут

1 минут

4 минут

1 минут

8 минут

2 минут

2 минут

2 минут

5 минут

8 минут

Барлық жерде су бар.

Мақсаты: Қандай денелерде су болатынын анықтау. Оқулықтағы суретпен жұмыс жасай отырып, қандай денелерде су бар екендігін талқылайды. Жетекші сұрақтарды «Поле чудес» ойыны арқылы қою. Олар:

- Су – ол қандай?

- Судың қасиеті қандай?

- Су қайда көп кездеседі?

-Су қандай денелерде болады деп ойлайсыңдар?

- Өсімдіктерде су болады ма?

- Оларға су қайдан келеді?

- Қандай өсімдіктерде су көп болады?

-Қай өсімдіктерде аз?

- Топырақта су болады ма, қалай ойлайсыңдар?

- Су тастарда болуы мүмкін бе, талдау жасап көріңдер.

- Адам ағзасында су болады ма?

- Көгөністер мен жемістерде су бар ма? Қалай ойлайсыңдар?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Су көздері.

Мақсаты: Су көздерін ағынды, ағынсыз, табиғи, жасанды, тұзды және тұщы деп ажыратып, топтастыру.

Тапсырманы оқушылар топпен орындайды. Барлық топқа әртүрлі суқоймалардың аты жазылған үлестірмелі парақшалар таратылады. Топта оқушылар парақшаларды топтастырады.

ҚБ. Мұғалімнің смайликтер арқылы топтарды бағалауы.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты: Суқоймалардың картада бейнеленуін сипаттау, адамдардың тіршілігінде судың маңызды рөл атқаратынын түсіну. Картамен жұмыс жүргізу білігін қалыптастыру.

Зерттеу жұмысы жұппен орындалады.

Ресурс таратып беру: Қазақстан картасы, зерттеушінің күнделігі.

Зерттеудің жоспарын құру:

  • Картада суқоймалардың белгіленуін сипаттау;
  • «Теңіз», «Өзен», «Су қоймасы», «Көл» деп жазылған кесте бағандарын толтыру;
  • Зерттеуші күнделігіне қорытынды жазу.

Саралау. Ынтасы жоғары оқушыларға алынған мәліметтерден тағы не туралы жазуға болатынын сұрау. Өз ойларын шығармашылықпен орындауға нұсқау беру.

Зерттеу жұмысын қорытындылау.

«Мен зерттеушімін» бөлімін жүзеге асыру.

  • Зерттеу жұмысы барысында қандай дереккөздер пайдаландыңдар?
  • Қай ақпарат көзі пайдаланған тиімді болды?

ҚБ. «Галереяны шаралау» стратегиясы арқылы топтың жауаптарын бағалау.

Сергіту сәті. Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.

Ойлан. Оқушылардан суды қалай тұщыландыруға болатыны жайлы ойларымен бөлісу.

Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?

Оқушыларға картадан Қазақстанның ең үлкен көлін тауып, оның атын атауды сұраңыз. Балқаш – Қазақстандағы ең үлкен көл. Балқаш көлі ерекше. Себебі оның шығыс бөлігінің суы ащы, батыс бөлігінің суы тұщы. Оларды жіңішке Ұзынарал мойнағы бөліп тұрады. Сол себепті екі түрлі су бір-бірімен араласпайды. Балқаш көлі – көлемі жағынан екінші орындағы сарқылмайтын жартылай тұщы көл.

Жеке жұмысқа дәптердегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.

51-жұмыс парағы. «Жердің су байлығы», 53-б.

Кестені толтыр. Оқушылар тірек сөздерді қолдана отырып, су көздерін табиғи және жасанды деп екі топқа топтастырады.

Қазақстанның суқоймалары. Қазақстанның суқоймаларының аттары жазылған тамшыларды ғана тауып, оларды бояйды.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Су көздерін табиғи және жасанды екенідігін ажыратады;
  • Елімізде кездесетін суқоймаларын біледі.

52-жұмыс парағы. «Су көздері», 54-б.

Сызбаны толтыр. Оқушылар берілген сөздердің ішінен сызбаны құрауға қатысты сөздерді тауып жазады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Сызбаға қатысты сөздерді табады.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.

Оқулықпен жұмыс

Поле чудес тақтасына сұрақтардың реті жазылған

Слайд №3

Әртүрлі суқоймалардың аты жазылған үлестірме парақшалары

Слайд №4,5,6

Қазақстан картасы, Зерттеушінің күнделігі

http://balapan.kaztrk.kz

Дәптермен жұмыс

Слайд № 7,8

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс. «СМС» парағы.

  • Сабақта не ұнады?
  • Маған ұнамады!
  • Сабақты өзгерткім келеді.

СМС парағы

Слайд №9

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралауға қосымша сұрақтар мен сын тұрғысынан ойлауға арналған сұрақтарды қою.

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзара бағалау: «Галереяны шаралау»

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау;

-«СМС парағы»

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу