Суды қалай тазартады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


 Әдістемелік нұсқаулық.

3-сынып. Жаратылыстану. Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.

Суды қалай тазартады?

 Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін «Суқұбыры» стратегиясы арқылы әр балаға тілек жазылған парақшаларды тарату.

 Суқоймалардағы су.

 Мақсаты: Судың адам өміріне қажет екенін әңгімелеу, суды не үшін пайдаланатынын анықтау.

 «Диафильм» әдісі арқылы оқушыларға қалалық және ауылдық жерлердегі суқоймалардың суреттері көрсетіледі. Жетекші сұрақтар арқылы ішуге жарамды және ішуге жарамсыз суқоймаларды анықтайды. Судың ластану себептерін сипаттайды. Ойларымен бөліседі?

 Сұрақтар:

  • Кез-келген суқоймалардан суды ішуге болады ма? Неге? Ойыңмен бөліс.
  • Ағынды немесе ағынсыз суқоймаларда адам денсаулығына зиянды не болуы мүмкін?
  • Суқоймалар неге ластанып жатады? Оның салдары не деп ойлайсың?
  • Адамның іс әрекеті судың ластануына себепші болады ма? Ойыңды дәлелдей түс.

 ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

 Ауызсу. Оқулық кейіпкерлерінің диалогін оқып, талдау

 Жазғы уақытта адамдар неге көп шөлдейтінін анықтап, сипаттау. Ойларымен бөлісу. Адам денсаулығы үшін суды тазарту керектігін сипаттау. Сұрақтар:

  • Таза су мен лас судың айырмашылығы неде? Қалай ойлайсыңдар?
  • Лас суқұбырларынан су ішуге болады ма?
  • Лас суды қалай тазартуға болады? Ойыңмен бөліс.

 ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

 Топқа біріктіру. Үш түрлі маркерлер арқылы топқа біріктіру.

 Зерттеу жұмысы.

 Мақсаты: Суды арнайы сүзгінің көмегімен тазартуға болатынын анықтау.

 Ресурстарды тарату. Стақан немесе мөлдір ыдыстағы суға салынған қағаз қыстырғыштар, кепсердің тесіктерінен өтпейтін жарма дәндері, құм, суды құюға арналған бос стақандар, қасық, магнит, кепсер, ұсақ елеуіш, барлық топқа сүзгіш қағаз немесе қалың майлықтар.

 Зерттеудің жоспарын құру.

  • Барлық заттарды стақанға бөлу.
  • Лас суды тазарту жолдарын анықтау.
  • Магниттің ерекшелігін анықтау.
  • Су бетіндегі қоқыстарды тазарту. Кепсермен сүзу.
  • Суды құмнан тазарту.
  • Суды дәке мен сүзгіш қағаздардан өткізу.
  • Нәтижесін кестеге толтырады.

 Саралау. Ынтасы жоғары оқушыларға суды тағы қалай тазартуға болатынын ойлап табуға нұсқау беру.

 Зерттеу жұмысын қорытындылау. Арнайы сұрақтар арқылы зерттеу жұмысының қорытындысын шығару. Сұрақтар:

 Судағы заттарды немен шығардыңдар?

 Олардың айырмашылығы бар ма? Неліктен олай ойлайсың?

 Сүзгі дегеніміз не? Ол не үшін керек?

 Ұсақ қоқысты үлкен сүзгілермен алуға болады ма?

 ҚБ. Мұғалімнің «Менің сөзім» стратегиясы арқылы қалыптастырушы бағалауы.

 Ойлан. Оқушылар ата-аналарымен саяхатта жүргенде таза ауызсу таусылып қалса, не істеуге болатынын «Микрофон» ойыны арқылы өз ойларымен бөліседі.

 Оқушыларға суды таза матадан өткізіп қоқыстан тазартуға болатынын және суды қайнату кезінде жоғары температурада бактериялар мен микробтар өз күштерінен айырылатынын айтып өту абзал.

 Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

 Сұрақтар.

 -Сабақтың үстінде жаттығулар жасаудың маңызы қандай?

 -Егер сергіту жаттығуларын жасамаса не болады?

 Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?

 Қалаларда суды суқұбырмен жүргізу үшін оның тазартып, залалсыздардыратынын сипаттау.

 Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

 55-жұмыс парағы. «Суды қалай тазартады?», 57-б.

 Сүзгінің бөліктері. Суретте берілген сүзгінің құрамдас бөліктерінің атын жазады.

 Бағалау. Дескриптор:

 Оқушылар:

 -Сүзгінің құрамдас бөліктерін біледі;

 -Сүзгінің құрамдас бөліктерін жазады.

 Дұрыс – дұрыс емес. Суды тазартуға байланысты сөйлемдердің дұрыс нұсқаларына белгі қояды.

 Бағалау. Дескриптор:

 Оқушылар:

 -Суды бактериялардан тазарту үшін оны хлорлайтынын біледі;

 -Суды толық тазарту үшін қалың қабатталған мақтаны пайдалануға болатынын түсінеді.

 56-жұмыс парағы. «Суға арналған сүзгі», 58-б.

 Сүзгінің үлгісі. Сүзгі үлгісін ойлап тауып, оның суретін салып, әр бөлігінің атауын жазады.

 -Сүзгі үлгісін ойлап табады;

 -Сүзгінің суретін салады;

 -Сүзгінің әр бөлігінің атауын жазады.

 ҚБ. Мұғалімнің жазбаша бағалауы.

 Қосымша ақпарат.

 Суды тазарту жолдары оның қандай заттармен және қаншалықты ластануына қарай жүргізіледі. Ерімейтін қоспалардан тұндыру немесе сүзу арқылы тазартуға болады. Еріген қоспалардан суды айдау арқылы тазартады.

 Ауыз суын табиғи суларды тазарту арқылы алады, ол үлкен қалаларды сумен қамтудың ең басты мәселесі. Ол үшін табиғи суды алдымен тұндырып, содан кейін сүзгіден өткізіп алып, зиянды бактериялардан тазарту үшін хлорлау және озондау өдістері колданылады. Осы үрдістердің барлығы сумен жабдықтау стансаларында арнайы қондырғыларда жүргізіледі.

 Суды хлорлау (Хлорирование воды) — ауыз суды зарарсыздандыру үшін хлормен өңдеу. Хлорлауды қолдану судың бактериалды ластануын азайтады.

 Шаруашылық ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын бұлақтардың суын хлорлау үшін көрсеткіштерді белгілеу мақсатында, сондай-ақ хлорлау режимі жөнінде негізгі ережені әзірлеу үшін су көзін алдын ала санитарлық және эпидемиологиялық тексеру жүргіледі, ол қолданыстағы нормативтерде көзделген бағдарламаға сәйкес орындалады.

 Мұнан басқа ірі өндіріс орындарының өндірісте қолданған суларын да тазартпай ағын суға жіберуге болмайды, сол үшін қатаң экологиялық шектеу қойылып, үнемі тексеру жүргізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу