Суды қалай тазартады? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді жоспар

 

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3-сынып

Тарау: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.

 Мектеп:

 Модератор: Данабаева М.А.

 Қатысқандар саны:

 Қатыспаған оқушылар:

Күні:

 

Тақырыбы:

 

Суды қалай тазартады?

Оқу мақсаты:

3.3.3.4 суды тазартудың түрлі тәсілдерін ұсыну;

3.3.3.5 суды тазартуға арналған сүзгінің моделін ұсыну;

3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.

Сабақтың мақсаты:

Суды тазартудың түрлі тәсілдерін біледі, суды тазартуға арналған сүзгінің маңызын түсінеді.

Бағалау критерийі

Суды қалдықтардан қалай тазартатынын біледі;

Суды тазалауға арналған сүзгі жасап үйренеді.

Тілдік мақсат

Суды тазартатын түрлі тәсілдерді ұсынып, оны қалай жүргізетіні туралы айта алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Сүзгі.

Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Судың тіршілік үшін маңызын біледі.

 Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

 Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

 Ресурстар

 

Сабақтың басы

2 минут

 

 

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа деген қызығушылығын ояту үшін «Суқұбыры» стратегиясы арқылы әр балаға тілек жазылған парақшаларды тарату.

Суқоймалардағы су.

Мақсаты: Судың адам өміріне қажет екенін әңгімелеу, суды не үшін пайдаланатынын анықтау.

«Диафильм» әдісі арқылы оқушыларға қалалық және ауылдық жерлердегі суқоймалардың суреттері көрсетіледі. Жетекші сұрақтар арқылы ішуге жарамды және ішуге жарамсыз суқоймаларды анықтайды. Судың ластану себептерін сипаттайды. Ойларымен бөліседі?

Сұрақтар:

  • Кез-келген суқоймалардан суды ішуге болады ма? Неге? Ойыңмен бөліс.
  • Ағынды немесе ағынсыз суқоймаларда адам денсаулығына зиянды не болуы мүмкін?
  • Суқоймалар неге ластанып жатады? Оның салдары не деп ойлайсың?
  • Адамның іс әрекеті судың ластануына себепші болады ма? Ойыңды дәлелдей түс.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

 Шаттық шеңбері

Слайд №1

 

Жергілікті суқоймалардың суреттері

 Слайд №2

 

Сабақтың ортасы

3 минут

1 минут

1 минут

7 минут

3 минут

1 минут

4 минут

2 минут

4 минут

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

Ауызсу. Оқулық кейіпкерлерінің диалогін оқып, талдау. Жазғы уақытта адамдар неге көп шөлдейтінін анықтап, сипаттау. Ойларымен бөлісу.

Адам денсаулығы үшін суды тазарту керектігін сипаттау. Сұрақтар:

  • Таза су мен лас судың айырмашылығы неде? Қалай ойлайсыңдар?
  • Лас суқұбырларынан су ішуге болады ма?
  • Лас суды қалай тазартуға болады? Ойыңмен бөліс.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Топқа біріктіру. Үш түрлі маркерлер арқылы топқа біріктіру.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты: Суды арнайы сүзгінің көмегімен тазартуға болатынын анықтау.

Ресурстарды тарату. Стақан немесе мөлдір ыдыстағы суға салынған қағаз қыстырғыштар, кепсердің тесіктерінен өтпейтін жарма дәндері, құм, суды құюға арналған бос стақандар, қасық, магнит, кепсер, ұсақ елеуіш, барлық топқа сүзгіш қағаз немесе қалың майлықтар.

Зерттеудің жоспарын құру.

-Барлық заттарды стақанға бөлу.

-Лас суды тазарту жолдарын анықтау.

  • Магниттің ерекшелігін анықтау.
  • Су бетіндегі қоқыстарды тазарту. Кепсермен сүзу.
  • Суды құмнан тазарту.
  • Суды дәке мен сүзгіш қағаздардан өткізу.
  • Нәтижесін кестеге толтырады.

Саралау. Ынтасы жоғары оқушыларға суды тағы қалай тазартуға болатынын ойлап табуға нұсқау беру.

Зерттеу жұмысын қорытындылау.

Арнайы сұрақтар арқылы зерттеу жұмысының қорытындысын шығару. Сұрақтар:

Судағы заттарды немен шығардыңдар?

Олардың айырмашылығы бар ма? Неліктен олай ойлайсың?

Сүзгі дегеніміз не? Ол не үшін керек?

Ұсақ қоқысты үлкен сүзгілермен алуға болады ма?

ҚБ. Мұғалімнің «Менің сөзім» стратегиясы арқылы қалыптастырушы бағалауы.

Ойлан. Оқушылар ата-аналарымен саяхатта жүргенде таза ауызсу таусылып қалса, не істеуге болатынын «Микрофон» ойыны арқылы өз ойларымен бөліседі.

Оқушыларға суды таза матадан өткізіп қоқыстан тазартуға болатынын және суды қайнату кезінде жоғары температурада бактериялар мен микробтар өз күштерінен айырылатынын айтып өту абзал.

Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

Сұрақтар.

-Сабақтың үстінде жаттығулар жасаудың маңызы қандай?

-Егер сергіту жаттығуларын жасамаса не болады?

Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?

Қалаларда суды суқұбырмен жүргізу үшін оның тазартып, залалсыздардыратынын сипаттау.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

55-жұмыс парағы. «Суды қалай тазартады?», 57-б.

Сүзгінің бөліктері. Суретте берілген сүзгінің құрамдас бөліктерінің атын жазады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Сүзгінің құрамдас бөліктерін біледі;

-Сүзгінің құрамдас бөліктерін жазады.

Дұрыс – дұрыс емес. Суды тазартуға байланысты сөйлемдердің дұрыс нұсқаларына белгі қояды.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Суды бактериялардан тазарту үшін оны хлорлайтынын біледі;

-Суды толық тазарту үшін қалың қабатталған мақтаны пайдалануға болатынын түсінеді.

56-жұмыс парағы. «Суға арналған сүзгі», 58-б.

Сүзгінің үлгісі. Сүзгі үлгісін ойлап тауып, оның суретін салып, әр бөлігінің атауын жазады.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

-Сүзгі үлгісін ойлап табады;

-Сүзгінің суретін салады;

-Сүзгінің әр бөлігінің атауын жазады.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша бағалауы.

Түрлі түсті маркелер

 

 Слайд №3

 

 

 

 

 

 

 Маркерлер

 

 

 Стақан немесе мөлдір ыдыстағы суға салынған қағаз қыстырғыштар, кепсердің тесіктерінен өтпейтін жарма дәндері, құм, суды құюға арналған бос стақандар, қасық, магнит, кепсер, ұсақ елеуіш, барлық топқа сүзгіш қағаз немесе қалың майлықтар.

 

Слайд №4,5

 Микрофон

 

 

 

 

 https://www.youtube.com/watch?v=Xn6Q73aB5XM

 

 

 

 

 

 

 

 Слайд №6

 

 

 

 Дәптермен жұмыс

 

 

 

 Слайд №7

 Сабақтың соңы

1 минут

 

 

 Кері байланыс.

 Бағалау терезесіне оқушылар стикерлерді жабыстырады.

 

 

 Бағалау терезесі

 Слайд №8

 Қосымша ақпарат

 Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

 Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу