Тыныс алу құпиялары. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3 Жанды табиғат. Адам | Мектеп: Модератор: Увалиева А.К Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||
Күні: | |||||||||||
Тақырыбы: | Тыныс алу құпиялары | ||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау; | ||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушылар: адамның қалай тыныс алатынын біледі; өкпедегі ауаның көлемін зерттейді. | ||||||||||
Бағалау критерийі | Өкпенің көлемін анықтап үйренеді; Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда адам денесінде болатын өзгерістерді сипаттайды. | ||||||||||
Тілдік мақсат |
| ||||||||||
Құндылықтар | тазалықты сақтау | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | әдебиеттік оқу | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | презентация | ||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Тыныс алу мүшелерін біледі | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы
| Ұйымдастыру. «Иә, жоқ» Белсенді оқушыларды анықтау. Оқушыларды шеңбер жасап тұрғызу.1. Ауасыз өмір сүре аламыз. (жоқ)2. Ауаны жылытып, ылғалдандыратын мүше-мұрын. (иә)3. Ауа тек қана далада болады. (жоқ)4. Оттегі таза ауа. (иә)5. Асқорыту мүшесі – өкпе. (жоқ)6. Ауамен тек қана адамдар демалады. (жоқ)7. Таза ауа өкпеге кеңірдек арқылы енеді. (иә)8. Күн сайын таза ауада серуендеу зиян. (жоқ)9. Дені сау адам аурушаң. (жоқ) 10. Өз денсаулығың өз қолыңда. (иә) Пазлдар Мозайканы жинап, сұрақтарға жауап беру. • Тыныс алу жүйесін қандай мүшелер құрайды? • Ағзада ауа қандай жолдардан өтеді? | ||||||||||
Сабақтың ортасы
|
Мұрынның суретін тақтаға ілу.
Кеңірдектің суретін ілу.
Тыныс алу мүшелерінің суреттерін ретімен ілу.
- Тыныс алу қалай өзгерді? 2) 1 мин демалу - Тыныс алу қалай өзгерді? - Қандай қорытынды шығаруға болады? Қорытынды: қозғалыс жасағанда тыныс алу жиілейді, тыныштанғанда ақырындайды.
Қолдарын кеуделеріне қойып терең тыныс алу және қалыпты тыныс алу. Терең тыныс шығару мен қалыпты тыныс шығару көлемін салыстыру.
Диаграмма.
Терең тыныс шығарудың көлемі қандай болады? Эксперимент жасау. Экспериментке қажетті құралдар: 1. Су құйылған ыдыс 2. Су құйылған 1,5 л пластик бөтелке 3. Пластик түтікше Эксперимент барысы: Су құйылған ыдысқа су құйылған бөтелкені басын төмен қаратып, алақанмен жауып, су бар ыдысқа батырып төңкеру. Бөтелкенің ернеуі суға батып тұратындай етіп ұстау. Пластик түтікшені су құйылған 1,5 л пластик бөтелкенің аузына тығу. Ауамен терең дем алып, демді пластик түтікше арқылы бөтелкеге үрлеу. Бөтелкеден қанша су шыққанын анықтау. Соған байланысты өкпедегі ауаның көлемін білуге болатынын түсіндіру. Барлық топтан мәліметтерді жинақтап, қорытындысын шығару. Қорытынды:түтікше арқылы бөтелкеге кірген ауа суды итеріп шығарды. Шыққан судың деңгейін өлшеу арқылы ауаның да көлемін өлшеуге болады. Әрбір адамның дем шығару көлемі әртүрлі болады.
«Жоқ сөздерді толықтыр» Демді ішке тартқанда өкпе ....................толады, оттек ............. өтеді. Ал демді шығарғанда өкпе қысылып, .................................. газды сыртқа шығарады. Өте терең дем шығарғанда да өкпеде аздаған ................... қалады. Бұл ауа .......................... қатыспайды. Тыныс алуға ...................... көмектеседі. Тыныс алғанда көкет ..................., тыныс шығарғанда .................................... .
Адам неліктен түшкіреді және жөтеледі сұрағына болжам жасау.
| Суреттер: мұрын, кеңірдек, ауатамырлар, өкпе шар маркер парақ Су құйылған көлемді ыдыс, су құйылған 1,5 л пластик бөтелке, пластик түтікше | |||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия: Егер мен сиқыршы болсам...
............................. өзгертуші едім. | ||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Тыныс алу гигиенасы тақырыбында кітапша жасау | Мәтін бойынша білімдерін бағалау | Зерттеу жұмысында қауіпсіздік ережелерін сақтау |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?