Өкпені шынықтыру. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

3-тарау 6-сабақ

Сабақ тақырыбы: Өкпені шынықтыру

Спортпен айналысып жатқан балалардың суретін көрсету арқылы сұрақ-жауап әдісін ұйымдастыру.

  • Неліктен спортпен айналысу керек?
  • Дене сымбатты болу үшін не істеу қажет?
  • Тыныс алу мен спорт арасында қандай байланыс бар?
  • Ұзақ жүгіргенде адамдар өздерін қалай сезінеді?
  • Кейбір адамдар неліктен тез және шапшаң жүгіреді?
  • Кім қандай дене шынықтыру жаттығуларымен айналысады?
  • Дене шынықтыру жаттығуларын жасағанда қандай тыныс алу ережелерін сақтау керек?
  • Неліктен кеудені кең жазғанда терең тыныс алу қажет?

Зерттеу жасау. Жұптық жұмыс. алдын-ала қажетті құралдарды дайындау: лента, ұзын сызғыш немесе метрлі таспа, қалам, қағаз.

а) Бірқалыпты тыныс алу кезінде кеуде тұсын лентамен өлшеу. Нәтижені жазу.

ә) Терең тыныс алу кезінде кеуде тұсын өлшеп нәтижені жазу.

б) Терең дем шығару кезіндегі кеуде тұсты өлшеу, нәтижені жазу.

в) Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда кеуде қуысының өлшемінің нәтижелерін салыстыру.

Жеке жұмыс. Бірқалыпты жағдайда және белсенді жаттығудан соң минутына қанша рет тыныс алатынына болжам жасайды және өз болжамын тексеру үшін қозғалыс жаттығуларын жасайды, содан соң бастапқы өздері жасаған болжамдарымен салыстырады. Қорытындысын шығарады.

Тыныс алу

болжам

нақты

орындықта отырғанда

10 рет отырып-тұрғаннан соң

20 рет отырып-тұрғаннан соң

Қорытынды

(Әр адамның өзіндік тыныс алу ырғағы болады)

Сен білесің бе? Марафоншылардың алысқа жүгіру әдісімен танысады.

Қосымша ақпарат. Тыныс алу мүшелерінің көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы штангистерде - 4 л., футболшыларда - 4, 2 л., боксерлерде - 4, 8 л., қайықшыларда - 5, 5 л. Тыныс алу жиілігі спортшыларда минутына 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда - 14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның үнемді қызмет етуінің белгісі.

Жазылым. Оқушылар жеке жазу жұмысымен айналысады. Ойтолғау «Өкпені қалай шынықтыруға болады?».

Жазылым критерийлері:

  • Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып жазады
  • Өз ойын жүйелі және нақты жеткізеді
  • Дәлелдемелер келтіреді
  • Қорытынды жасайды

Жазылым жұмысын орындап болған соң «Автор орындығына» отырып оқу.

Жұмыс дәптері 39-жұмыс парағы (41 б.)

Рефлексия: "Бес саусақ" әдісі. Параққа алақандарын қойып, оны қаламмен айналдырып сызу. Әр саусаққа сабақ туралы ойларын жазу.

  • "Бас бармақ"- Бүгінгі сабақта ең құнды не болды? 
  • "Балалы үйрек"- Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза қылдым? 
  • "Ортан терек"- Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым? 
  • " Шылдыр шүмек "- Сабақ маған ұнады ма? Неліктен? 
  • "Кішкентай бөбек"- Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? 


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу