Қанайналым жүйесі. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

3-тарау 7-сабақ

Сабақ тақырыбы: Қанайналым жүйесі

Сабақтың басында жүрек және қан тамырлары жайлы жұмбақ жасыру.

Жұмбақ жасыру.

Жанды мотор сынбайды,Күні – түні тынбайды.Кейде оның жүрісінДәрігерлер тыңдайды. (Жүрек)Тарам - тарам бір ғалам,Айқыш - ұйқыш шырғалаң.Толған ағыс тоқтаса,Жоғалады бірге адам. (Қан тамырлар)

Оқушылардың жүрек жайлы алғашқы білімдерін анықтау.- Жүрек қайда орналасқан? - Қанайналым жүйесі туралы не білесіңдер?

-Жүректің қызметі қандай? Сабақтың тақырыбын оқушылар өздері анықтайды.

Оқулықтағы уретпен жұмыс жасай отырып, сұрақтарға жауап алу.

  • Қанайналым жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
  • Күретамыр қандай болады?
  • Көктамыр қандай болады?
  • Қылтамыр ше?
  • Олар қайда орналасады?
  • Қандай қызмет атқарады?

Мотор

Қолдарын кеуделеріне қойып жүрек соғысын тыңдату.

- Не сезіледі?

- Көбіне жүректі моторға теңейді. Мұндай салыстыру қалай пайда болды деп ойлайсың? Оқушылардың ойларын тыңдау. - Кеуделеріңде соғып тұрған жүректің мөлшерін білгілерің келе ме?

- Жұдырықтарыңды түйіңдер. Кеуделеріңе дәл осы көлемде жүрек соғып тұр. Жүрек –бұлшық ет.

- Неліктен үлкен әрі бойы биік адамның жүрегі бойы аласа адамның жүрегіне қарағанда үлкенірек болады?- Қалай ойлайсыңдар, жүректің қызметі  қандай?

- Қоректік заттар ағзамызға қалай жетеді?

- Оттек қалай келеді?

- Қалдық заттар мен көмірқышқыл газ ағзамыздан қалай шығады?    

Мәтінмен танысу.

Модель жасау. Топтық жұмыс

«Қанайналым жүйесін құрайтын мүшелер қалай орналасқан?»

Топтық жұмысқа қажетті заттар: қағаздар, түтіктер, скотч, ермексаз, жапсырмалар, фломастерлер тарату.

Топтық жұмыс жасау кезеңдерімен таныстыру:

1.Топта қанайналым жүйесін талдайды.

2. Ватман қағазына адамның шынайы өлшемінің сұлбасын салады.

3. Қанайналым жүйесі мүшелерін берілген құралдардан жасайды.

4. Сұлбаның ішіне қанайналым жүйесінің мүшелерін орналастырады.

5. Оларды аттары жазылған парақшалармен белгілейді.

6. Басқа топтардың нәтижелерімен салыстырып, ой бөліседі.

Ойлан «Жүрегі тас төбесіне шықты» сөзінің мағынасын сөздіктен іздеу. Жүректі күту шараларымен таныстыру.

Білімді бекітуге арналған жеке тапсырма арқылы жеке жұмыс жасап, сұрақтарға жауап жазу

Рефлексия. Өзін-өзі бағалау. Оқу нысанасы. Әр оқушы сабақ туралы ойланып, білімін анықтайтын нысананы бояйды

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу