Қанайналым жүйесі. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Жанды табиғат. Адам

Мектеп:

Модератор: Увалиева А.К

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Қанайналым жүйесі

Оқу мақсаты:

3.2.3.4 қанайналым жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылар:

қанайналым жүйесі мүшелерімен танысады;

қантамырлар адам ағзасын қоректік заттармен қамтамасыз ететінін түсінеді.

 Бағалау критерийі

қанайналым жүйесін құрайтын мүшелердің орналасуын және қызметін біледі

Тілдік мақсат

Оқушылар:

қанайналым мүшелерінің қандай болатынын және қалай аталатынын айтады;

қанайналым жүйесі бойынша сұрақтарға жауап береді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

жүрек, күретамыр, көктамыр, қылтамыр

 Құндылықтар

жүректің қалыпты жұмысын жақсарту және сақтау

 Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу

 АКТ қолдану

 дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Тыныс алу мүшелерін және олардың қызметін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Жұмбақ жасыру.

Жанды мотор сынбайды,Күні – түні тынбайды.Кейде оның жүрісінДәрігерлер тыңдайды. (Жүрек)

Тарам - тарам бір ғалам,Айқыш - ұйқыш шырғалаң.Толған ағыс тоқтаса,Жоғалады бірге адам. (Қан тамырлар)

Оқушылардың алғашқы білімдерін анықтау.- Жүрек қайда орналасқан? - Қанайналым жүйесі туралы не білесіңдер?

-Жүректің қызметі қандай?

Сабақтың ортасы

Суретпен жұмыс. Оқулықтағы суретке қарап, сұрақтарға жауап алу.

  • Қанайналым жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
  • Күретамыр қандай болады?
  • Көктамыр қандай болады?
  • Қылтамыр ше?
  • Олар қайда орналасады?
  • Қандай қызмет атқарады?

Мотор

Көбіне жүректі моторға теңейді. Мұндай салыстыру қалай пайда болды деп ойлайсың? Оқушылардың ойларын тыңдау.

- Қолдарыңды кеуделеріңе қойып тыңдаңдар. Не сезіледі? Жүрек тоқтамай жиырылып және босаңсып тұрады. Сондықтан да біз оның бірқалыпты соғуын естиміз.- Кеуделеріңде соғып тұрған жүректің мөлшерін білгілерің келе ме?

- Жұдырықтарыңды түйіңдер. Кеуделеріңе дәл осы көлемде жүрек соғып тұр. Жүрек –бұлшық ет.

- Неліктен үлкен әрі бойы биік адамның жүрегі бойы аласа адамның жүрегіне қарағанда үлкенірек болады?- Қалай ойлайсыңдар, жүректің қызметі  қандай?

- Қоректік заттар ағзамызға қалай жетеді?

- Оттек қалай келеді?

- Қалдық заттар мен көмірқышқыл газ ағзамыздан қалай шығады?    

Бұл сұрақтарға жауап табу үшін мәтінмен жұмыс жасау.

Модель жасау. Топтық жұмыс

«Қанайналым жүйесін құрайтын мүшелер қалай орналасқан?»

Топтық жұмысқа қажетті заттар: қағаздар, түтіктер, скотч, ермексаз, жапсырмалар, фломастерлер.

Топтық жұмыс жасау кезеңдері:

1.Топта қанайналым жүйесін талдау.

2. Ватман қағазына адамның шынайы өлшемінің сұлбасын салу.

3. Қанайналым жүйесі мүшелерін қолда бар түрлі құралдардан жасау.

4. Сұлбаның ішіне қанайналым жүйесінің мүшелерін орналастыру.

5. Оларды аттары жазылған парақшалармен белгілеу.

6. Басқа топтардың нәтижелерімен салыстырып, ой бөлісу

Ойлан «Жүрегі тас төбесіне шықты» сөзінің мағынасын сөздіктен іздеу.

Білімді бекітуге арналған жеке тапсырма.

1.Жүрек кеуде қуысының қай жерінде орналасқан? _____________________________________________

2. Неліктен жүрек кеуде қуысының ішінде орналасқан? __________________________________

3. Жүрекке келген қан қайда тарайды?____________

4. Қандай қан тамырларын білесің?________________

______________________________________________

5. Сәйкестендір. Сызықпен қос

6. Қан ағзаны немен қамтамасыз етеді? ____________

7. Жүрек   ______________________ мүшесі.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 40, 41-жұмыс парағы (42, 43 б.)

Сабақтың соңы

Рефлексия. Өзін-өзі бағалау. «Оқу нысанасы»

Сабақ туралы ойланып, бүгінгі алған білімді анықтайтын нысананы бояу.

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр адамның дені сау және жүрегі мықты болу үшін не істеу керек? тақырыбына өз ойларын жазып келу

Модель жасау және білімді бекітуге арналған тапсырманы бағалау

Топтық жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу