Қанайналым жүйесінің жұмысы. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3

Жанды табиғат. Адам

Мектеп:

Модератор: Увалиева А.К

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Қанайналым жүйесінің жұмысы

Оқу мақсаты:

3.2.3.4 қанайналым жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;

 Сабақтың

 мақсаты:

Оқушылар:

қанайналым жүйесінің жұмысы жайлы терең түсінік алады.

жүрек жұмысын жақсарту шараларымен танысады.

 Бағалау критерийі

Эксперимент жасау арқылы қанайналым жүйесінің жұмысын зерттейді;

денеге күш түскенде тамырдың соғуының өзгеретініне көз жеткізеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

«Қан айналысы» сөзінің мағынасын түсінеді.

Жасаған эксперимент туралы жазба жұмысын жазады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

тамырдың соғу

 Құндылықтар

денсаулықты шынықтыру

 Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу

 АКТ қолдану

 дағдылары

презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Қанайналым мүшелерін және олардың қызметін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Жедел жауап

- Қанайналым жүйесі мүшелерін ата.

- Жүрек қайда орналасқан?

- Жүректің құрылысы қандай?

- Адамның жүрегінің салмағы қанша?

- Бұл жүйе неліктен қанайналым жүйесі деп аталады? - «Қан айналысы» сөзінің мағынасын түсіндір.

Жүрек сөзіне ассоциация жасау.

Сабақтың ортасы

Қалай жұмыс істейді? Сызбамен жұмыс.

Қанайналымның неше шеңберін көріп тұрсың? Күретамырдағы қан қай бағытта ағады? Көктамырдағы ше?

Суретке қарап зерттеу тақырыбын анықтау.

Зерттеу тақырыбы: Тамыр соғу жиілігі. Эксперимент: 1 минуттағы тамыр соғу жиілігін зерттеу.

Эксперимент жоспарын құру үшін оқушыларға бағыт беру:

  • Зерттеу тақырыбының мақсаты қандай болуы мүмкін?
  • Қандай болжам жасауға болады?
  • Экспериментке қандай құралдар қажет?
  • Эксперимент нәтижесі қайда жазылады?
  • Қорытындысы қалай шығарылады?

Топта оқушылар:

  • Эксперимент мақсатын жазады
  • Экспермент болжамын жасайды
  • Эксперимент жүргізу кезеңдерін жазады
  • Қажетті құралдар тізімін жасайды
  • Қорытындысын шығарады

Оқушылар топта критерийге сай эксперимент жоспарын құрастырады.

Эксперимент барысы:

  • Оқушылар орындарында отырады. Мұғалім уақытты белгілейді, әр оқушы қолындағы тамыр соғысын есептеп, кестеге толтырады.
  • Содан соң барлық оқушыларды дәлізге немесе ойын алаңына шығару. Оқушылар 1 мин дәлізде жылдам жүріспен жүреді. Уақыт аяқталған соң тамыр соғуын санап, кестеге толтырады.
  • Ойын алаңында немесе дәлізде жүгіру. Уақыт аяқталған соң тамыр соғуын санап, кестеге толтыру.

Іс-әрекет

Жүрек қағысы

(1 минутта)

Комментарийлер мен ескертулер

Демалып отырған уақыт

Ойын алаңында жылдам жүріспен жүру

Ойын алаңында 2 айналым жүгіру

Жалпы комментарийлер мен ескертулер

Топтық жұмыс. Оқушылар топқа жиналып, өз деректерімен бөліседі. Бірлесе отырып диаграмма жасайды.

Демалып отырғандағы тамыр соғуы:

Жылдам жүргендегі тамыр соғуы:

Жүгіргендегі тамыр соғуы:

Қорытындысын шығару. Басқа топтармен ой бөлісу.

Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 42-жұмыс парағы (44 б.)

Сабақтың соңы

Рефлексия

10 сөйлем

Эксперимент туралы есеп

Сөйлемді толықтыр.

Маған ........... тапсырмаларды жасаған ұнады.

Маған ............. тапсырмаларды жақсырақ істеуге болар еді.

Маған ................ тапсырмалармен жұмыс жасау керек.

Маған бұл ............... түсінуге көмектесті.

Мен .............. мақтанамын.

.................. еске сақтау оңай болды.

Сабақта ..................қиын болды

Келесі жолы .............. істеу керек.

Мен ..............түсіндіре аламын.

........... есімде қалды.

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жүрекке не пайдалы, не зиян? пайдалы кеңестер кітапшасын жасау

Топтық жұмысты бағалау

Эксперимент жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу