Ағза аурудан қалай қорғанады? Жаратылыстану, 3 сынып, презентация.


Шатасқан әріптер ойыны

Орны ауысып кеткен әріптерден сөз құрастыру

цияфекин

ИНФЕКЦИЯ

«Білемін. Білгім келеді. Үйрендім» кестесі

ИНФЕКЦИЯ туралы не білетіндерін, не білгілері келетіндерін (1, 2 – бағанды толтыру)

Сабақтың тақырыбы:

Ағза аурудан қалай қорғанады?

- Адам денсаулығына не қауіпті болуы мүмкін?

- Неліктен адамдар ауырады?

- Адам ағзасы қалай қорғанады?

- Қандай инфекциялық ауруларды білесіңдер?

Біз қауіпті аурулар туралы жиі айтамыз. Медицинада мұндай аурулар жұқпалы деп аталады. Латын тілінде «инфекция» деген сөз жұқтыру, бүлдіру дегенді білдіреді. Ауру адамнан немесе жануардан (иттерден, мысықтан) жұғуы мүмкін. Бірқатар жұқпалы аурулардың таралуына қан соратын жәндіктер де қатысады. Инфекция ауа, су, тамақ арқылы таралады. Науқастың қаны инфекция көзі болуы мүмкін. Бұл қан құю немесе медициналық құралдарды бірнеше рет қолдану арқылы туындауы мүмкін.

Біздің ағзамыз бізді қауіптен сақтайды. Алғашқы қорғанымыз ол-тері. Тері бізді түрлі микробтардан қорғайды.

Ойланып көрейік...

Қолымызды кесіп не сырып алсақ, сол жердің терісінен не байқауға болады?

Маса немесе ара шаққаннан кейін теріміз қалай өзгереді?

Ешқандай жарақаты жоқ таза тері инфекцияға неліктен тосқауыл болады деп ойлайсың?

Иммунитет дегеніміз не?

Егер адам ағзасына микроб енген болса, оған ағзаның қорғаныс күші иммунитет қарсы тұрады. Иммунитет дегеніміз адам ағзасының инфекцияға қарсы тұру қасиеті. Оны иммундық жүйе басқарады. Инфекциямен қанның құрамындағы арнайы элементтер күреседі. Иммунитеті жақсы адам аз ауырады.

Бұл қандай ауру?»

Өзін бақытсыз сезінді.

Айым бүгін мектептен келді,

Кітаппен бірге ауру әкелді.

Жөтелді, түшкірді, пысқырды,

Көзінен жас тоқтамай,

Қайта-қайта сүртінді.

Басы ауырып, мұрны ісіп,

Қызуы жоғары көтерілді.

Жұтыну қиынға түсті.

Оған дәрі керегі сезілді.

Ойланып көрейік...

Мұрын – тыныс алу мүшесі. Ол тағы қандай қызмет атқарады?

Өзің ауырып қалған кезің болды ма?

Суық тигенде неліктен мұрнымыздан су ағады деп ойлайсың?

«Менің денсаулығым»

Топтық тапсырма

1.Суретте. Вирустық аурулардың қандай түрлері болады?

2. Салыстыр. Ауру адам мен сау адамның арасындағы айырмашылықты салыстыру.

3. Зертте. Олардың пайда болу себептерін анықтау.

4. Қолдан. Вирустық аурулармен ауырмау жолдары

5. Дәлелде. Вирустық ауруларға көбінесе кімдер шалдығады? 

6. Талда. Вирустық инфекция науқастанған адамнан онымен бір бөлмеде отырған адамдарға қалай тарайды?

Ойыңды айт!

Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады. 

- Бұл не деп ойлайсыңдар?

Досыма хат

Әр оқушы досына ауырмаудың жолдары туралы ақыл-кеңес беретін хат жазу

Жазылым критерийлері:

1. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысады

2. Өз ойын нақты жеткізеді

3. Дәлелдемелер келтіреді

4. Тақырыпқа сай сөз және сөз тіркестері пайдаланылады

5. Қорытынды жасалады

3-ші бағанды толтыру

Рефлексия

1. Бас бармақ - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды? 

2. Балалы үйрек - бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым? 

3. Ортан терек - ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірбие алдым? 

4. Шылдыр шүмек -  шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? 

5. Кішкентай бөбек - көңіл -күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім? 


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу