Ағза аурудан қалай қорғанады? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқау
- «Қорғаныс» кіріспе тапсырмасы. Оқушылар адам денсаулығына не қауіпті болуы мүмкін деген сұраққа кластер құру барысында жауап алады.
Талқыланатын сұрақтар:
- Аурулардан ағза қалай қорғанады?
- Вирустар мен бактериялар адам ағзасына қалай әсер етеді?
- Ағзамыз бұлармен қалай күреседі?
- Иммунитет туралы не білесіңдер?
- Тері. Оқушылар жұптасып, саусақтың дөңес тұсымен айнаны ұстап көреді де, неліктен із қалғанын талқылайды. «Мен журналистпін» ойыны арқылы бір-біріне сұрақ қою арқылы тері туралы ақпарат алмасады. Талқыланатын сұрақтар:
- Маса немесе ара шаққаннан кейін теріміз қалай өзгереді?
- Егер қолымызды кесіп алсақ не болады?
- Ал, сырып алсақ ше?
- Еш жарақаты жоқа тері қалай ағзаны қорғайды?
Тапсырманың соңында оқушылар тері зақымдалмаған күйінде микробтар үшін жақсы тосқауыл бола алатынын түсінеді.
- Мұрын. «Менің сөзім» ойыны арқылы оқушылар жұптасып оқулықта берілген сурет бойынша әңгіме құрастырады. Мұрынның ағза үшін қызметін айтып, ойларымен бөліседі. Талқыланатын сұрақтар:
- Мұрын ауадағы микробтарды қалай тазалайды?
- Суық тиіп ауырған кезде неліктен мұрыннан су ағады?
- Ағзаның белсенді қорғанысы. Оқушылар берілген сурет бойынша өз ойларымен бөліседі, әңгіме құрастырады. Белсенді қорғаныс үдерісінің үйлесімді реттілігін талдау ұсынылады. Төмендегі сұрақтарды талқылай келе, иммундық жүйенің маңызын түсінеді. Сұрақтар:
- Қандай деңгейге жеткенде адамның температурасы жоғарылайды?
- Адам ауырғаннан кейін неліктен өзін әлсіз сезінеді?
- Оқушыларды топтастыру.
Оқушыларды «Мозайка» әдісі бойынша оқушыларды бірнеше топтарға біріктіру.
- Зертте. Оқушылар адамдар тығыз орналасқан жерде вирустық жұқпалы аурулардың таралуын зерттейді.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық.
• Оқушылар вирустық жұқпалы аурулардың адамнан адамға таралу жолын бақылайды.
• Вирустық жұқпалы аурулардың тіршілік ортасы (су, азық-түлік, тұрмыстық заттар) арқылы таралуын түсіндіріп береді.
• Жұқпалы аурулардың таралу жолын білгеннен кейін олардың алдын алу шараларын анықтайды.
Зерттеу барысында оқушылар дереккөздердің артықшылығы мен кемшілігін анықтап үйренеді. Олар жұқпалы аурулардың таралу жолдарын меңгерген соң, ағзаны қорғауға қатысты ережелерді ойлап таба алады. Оқушылар жұқпалы аурудың таралуының екі жолы бар екенін анықтайды: бірі жөтел мен түшкіру – тура жол, екіншісі – су, азық-түлік, сүлгі арқылы (жеке гигиеналық заттар) – сыртқы орта жағдайлары (жанама).
Оқушылар өз ойларын қорытындылап, гигиеналық шараларды сақтау арқылы ағзаны бактерия мен вирустардан қорғауға болатынын түсінеді.
- Асүйде. Оқушылар топтасып, «»Модельдеу» стратегиясы арқылы асханада тамақ дайындағанда және тамақ ішкенде қандай гигиеналық талаптарды сақтау керектігін анықтайды. Талқыланатын сұрақтар:
- Ішек ауруларының алдын алу неліктен осы асханадан басталады деп ойлайсыңдар?
- Неліктен тамақты тоңазытқышта сақтау қажет?
- Қай жерлерді таза ұстау қажет?
- Ас ішер алдында не істеу керек?
- «Модельдеу» стратегиясы - оқушылар модельдеу барысында топпен белгілі бір проблемаға қатысты жауап береді. бірлесе отырып, өз көзқарастарын, пікірлері мен құндылықтарын айтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?