Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


 Әдістемелік нұсқаулық.

  •  Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып өлең жолдарын айтады.
  •  Артығын тап. «Төртінші артық» ойыны арқылы кіріспе тапсырманы орындау. Әр қатарда берілген сөздердің қайсысы артық екендігін табу ұсынылады. «Артық» сөздердің арасында қандай байланыс бар екендігін талдау.
  •  Тірі ағзалар арасындағы байланыс. Оқулықта берілген суреттің ұқсастығы мен байланысын табу. Сұрақтарды талқылау. Өсімдіктер мен жануарлардың қоректенетінін анықтау. Бірінші суретте фотосинтез үдерісі бейнеленгенін табады. Өсімдіктің Күн энергиясын сіңіретінін біледі. Өсімдік бойында оттек пен қоректік заттар түзілетінін айтады. Қоректену арқылы жануарлар күш-қуат алатынын анықтайды. Оқушылар жануарлар да өсімдіктер сияқты қоректе нетінін, өсімдіктерден энергия алатынын біледі.
  •  Өмір үшін маңызды. Суреттерден қандай өмірлік маңызы бар үдеріс жайлы білуге болатынын анықтау.

Талқыланатын сұрақтар:

  • Суреттегі өсімдіктен не байқадың?
  • Тасбақадан ше?
  • Мұны қандай белгілер арқылы анықтадың?
  • Осы үдерісті құрлықта да оңай бақылауға бола ма?
  • Егер тірі ағзалар тыныс алуды тоқтатса, не болады?
  •  Фотосурет көмегімен жауап бер. Суреттегі жануарлардың өсімдіктерге қандай көмегі тиетінін анықтау. Сұрақтарға жауап беру.
  • Бірінші суреттегі жорғаторғай не істеп тұр? (Тұмсығымен емен жаңғағын ұстап тұр).
  • Ол бір жерден екінші жерге емен жаңғағын тасығанда үнемі тұмсығымен ұстап тұра ала ма?
  • Тиін күз бойы қысқа арнап жинаған жаңғақтарының орнын таба ала ма?
  • Келесі суреттегі иттің түгінен не байқалады? (Ит жүгіріп өткен тоғайдағы өсімдіктердің тұқымдары түгіне жабысып қалған.)
  • Олар жерге түсіп қалуы мүмкін бе? (Иә.)
  • Шашылған, жерге түскен, ұмыт қалған тұқымдарға не болады? (Олардан жаңа өсімдіктер өсіп шығуы мүмкін.)
  • Жануарлар өсімдікке қандай пайда тигізеді? (Өсімдік тұқымдарының таралуына көмектеседі.) Тіпті құмырсқалар да дәндерді илеуіне тасып, олардың таралуына жәрдем етеді.
  •  Зертте. Жануарларға пайдалы өсімдіктер туралы мәліметтер жазылып дайындалған үлестірме парақшаларды тарату керек. Плакаттың бір бөлігінің жоғарғы жағына «Өсімдік», екінші жағына «Жануарларға пайдасы» деп жазылады. Жеке бір топқа үлестірме парақшаларды екіге бөліп, әрқайсысына жарты мәтіннен беріледі. Әрбір оқушы ақпаратпен дұрыстап танысуы тиіс. Қажет болған жағдайда энциклопедиядан қосымша мәліметтерді оқу.

 Плакаттың бір бөлігіне өсімдік сипаттамасы жазылған кестені жапсыру.

 Екінші бөлігіне өсімдіктің бөліктерін және олардың жануарларға пайдасын жазу. Мысалы, жусан – жапырақ – қорек.

 Алынған ақпаратпен топ ішінде алмасу.

 Талдау жасау.

  •  Қосымша ақпарат. Жануарлар арқылы таралатын түрлерді зоохорлық өсімдіктер десе, ал олардың таралу жолдарын зоохория деп атайды. Систематикалық түрлеріне қарай жан-жануарлармен жер бетіне таралатын өсімдіктердің де тұқымы мен жемістерінің өзінше икемделіп біткен өскіншелері болады. Мысалы, кейбір өсімдіктер жемісі мен тұқымының сыртында әрқилы келетін түктері, қылшықтары, ілмектері, қармақшалары болады. Сол арқылы жан-жануарлардың жүніне, жылқының жал-құйрығына, түйенің шудасына, қойдың жүніне және т.б. жабысып алып, бір жерден екінші жерге, кейде өте алысқа тарайды. Мұндай жолмен таралатын өсімдіктер: ошаған, кәріқыз, шоңайна, иттікен және басқалар. Мысалы, түйеқарынның үшбүрышты болып келетін жемісінің бір шетінде мүйіз тәрізденген екі аша тікенегі бар, бүлардың әрқайсыларының үшы қармақ сияқтанып, төмен қарай иіліп біткен. Солар арқылы түйеқарынның жемістері жануарлардың жүніне жабысып таралады. Қайсыбір өсімдіктердің жемісінде желмен үшатын қанаты, сумен жүзетін торсылдағы және сол сияқты басқа икемділіктері жоқ болғанымен, оның сыртында темір шегедей қатты және қысқа тікендері болады, олар жануарлардың аяғына, жүрген машина доңғалағына ілесіп жануарлардың немесе машинаның барған жерінде түсіп, қолайлы болса, сол жерде өніп-өсе береді (мысалы, теміртікен жемісі).

 Кейбір өсімдіктердің піскен жемісі мен тұқымының сырты сілемейленіп тұрады. Егер осы кезде жан-жануар сүйкенетін болса, сілемейімен жабысады да, жануармен басқа жаққа кетеді, барып түскен жерінде өніп-өседі, бұған зығырдың, дүңгіршектің, лапыздың, тұңғиықтың және басқа да өсімдіктердің тұқымы мен жемістерін мысалға алуға болады.

 Жемістері мен тұқымдары көбінесе құстар арқылы таралатын өсімдіктер де бар. Таралудың бұл жолын орнитохория деп атайды. Етінің сыртқы қабаты ашық реңді болып пісетін шырынды жемістерді құстар бірден жұтады. Құстың ішек-қарынында жемісі қорытылып, сүйекті тұқымы оның саңғырығымен бірге жерге түседі. Құс саңғырығы тұқымның өніп шығуына ең қолайлы тыңайтқыш болып табылады да, келесі жылы көктемде тұқым сол түскен жерінде өніп шығады. (Мысалы, шие, алша жиде, өрік, т.б.). Кейбір өсімдік тұқымы   құмырсқа   арқылы   таралады .

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу