Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

  • Пән: Жаратылыстану
  • Сынып: 3-сынып
  • Күні:
  • Тақырыбы:
  • Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы.
  • Мектеп:
  • Модератор: Данабаева М.А.
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

 Сабақтың

 мақсаты:

Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысын біледі.

 Бағалау критерийі

  • Жануарлардың қоректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын біледі;
  • Өсімдіктер мен жануарлардың ортақ ұқсастықтарын ажыратады;
  • Өсімдіктер мен жануарлардың байланысын көрсететін үдерістерді жазады.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Өзара байланыс

Жануарлардың өсімдіктер сияқты қоректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын айта алады.

 Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі.

 АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдіктер мен жануарлардың ерекшеліктері.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

1 минут

3 минут

Әр оқушыға сабақ басталмас бұрын кері байланысқа қызыл және жасыл түсті алмалар таратылады.

Шаттық шеңбері. Оқушыларды шеңбер бойымен тұрып, төмендегі өлең жолдарын айту.

Сәлеметсің бе, Күн Ана!

Сәлеметсің бе,Жер Ана!

Сәлеметсің бе,Көгілдір аспан!

Сәлеметсің бе, сен!

Сәлеметсің бе Мен!

Топқа бөлу. Оқушыларды жануарлардың суреттері арқылы шағын топтарға біріктіру.

Артығын тап. «Төртінші артық» ойыны арқылы кіріспе тапсырманы орындау. Әр қатарда берілген сөздердің қайсысы артық екендігін табу. «Артық» сөздердің арасында қандай байланыс бар екендігін анықтау.

Шаттық шеңбері

Слайд №1,2,3

Жануарлардың суреттері

Слайд №4,5

«Төртінші артық»

ойынына арналған суреттер

Сабақтың ортасы

3 минут

3 минут

5 минут

4 минут

7 минут

2 минут

2 минут

7 минут

Тірі ағзалар арасындағы байланыс. Оқулықта берілген суреттің ұқсастығы мен байланысын табу.

Сұрақтарды талқылау.

- Өсімдіктер мен жануарлар не істейді?(Қоректенеді.)

- Бірінші суретте қандай үдеріс бейнеленген? (Фотосинтез үдерісі.)

- Өсімдік нені сіңіреді?(Күн энергиясын.)

- Одан әрі не болады? (Өсімдік бойында оттек пен қоректік заттар түзіледі.)

- Қоректену арқылы жануарлар не алады? (Күш-қуат алады.) Осылайша оқушылар жануарлар да өсімдіктер сияқты қоректенетінін, өсімдіктерден энергия алатынын біледі.

Өмір үшін маңызды. Суреттерден қандай өмірлік маңызы бар үдеріс жайлы білуге болатынын анықтау.

Талқыланатын сұрақтар:

  • Суреттегі өсімдіктен не байқадың?
  • Тасбақадан ше?
  • Мұны қандай белгілер арқылы анықтадың?
  • Осы үдерісті құрлықта да оңай бақылауға бола ма?
  • Егер тірі ағзалар тыныс алуды тоқтатса, не болады?

Фотосурет көмегімен жауап бер. Суреттегі жануарлардың өсімдіктерге қандай көмегі тиетінін анықтау. Сұрақтарға жауап беру.

  • Бірінші суреттегі жорғаторғай не істеп тұр? (Тұмсығымен емен жаңғағын ұстап тұр).
  • Ол бір жерден екінші жерге емен жаңғағын тасығанда үнемі тұмсығымен ұстап тұра ала ма?
  • Тиін күз бойы қысқа арнап жинаған жаңғақтарының орнын таба ала ма?
  • Келесі суреттегі иттің түгінен не байқалады? (Ит жүгіріп өткен тоғайдағы өсімдіктердің тұқымдары түгіне жабысып қалған.)
  • Олар жерге түсіп қалуы мүмкін бе? (Иә.)
  • Шашылған, жерге түскен, ұмыт қалған тұқымдарға не болады? (Олардан жаңа өсімдіктер өсіп шығуы мүмкін.)
  • Жануарлар өсімдікке қандай пайда тигізеді? (Өсімдік тұқымдарының таралуына көмектеседі.) Тіпті құмырсқалар да дәндерді илеуіне тасып, олардың таралуына жәрдем етеді.

 Мұғалімнің түсіндіруі.

 Өсімдіктер фотосинтез үдерісі кезінде Күн сәулесінің энергиясын қоректік зат энергиясына айналдырады. Жануарлар өсімдіктермен қоректенген кезде сол қоректік заттарды бойына сіңіреді. Өсімдіктер фотосинтез үдерісінде көмірқышқыл газды оттекке айналдырады.

 Өсімдік тұқымын таратуда жануарлардың маңызы зор. Жорғаторғай мен тиін қысқа құрғақ жеміс жинайды. Бір жерден екінші жерге жасырып жүріп, оларды жоғалтады, орнын ұмытып қалады. Бұл жемістерден жаңа өсімдік өсіп шығады.

Түйежапырақ, итошаған сияқты өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың жүніне жабысып, басқа жерге түсіп қалады. Жолжелкен сияқты шөптесін өсімдік тұқымдары сүтқоректі жануарлардың тұяқтарына жабысу арқылы таралады.

Зертте. Бұл тапсырманы орындау үшін жануарларға кейбір мүшелері пайдалы өсімдіктер туралы мәліметтер жазылып дайындалған үлестірме парақшаларды тарату керек. Плакаттың бір бөлігінің жоғарғы жағына «Өсімдік», екінші жағына «Жануарларға пайдасы» деп жазылады. Жеке бір топқа үлестірме парақшаларды екіге бөліп, әрқайсысына жарты мәтіннен беріледі.

 Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

 • Әрбір оқушы ақпаратпен дұрыстап танысуы тиіс. Қажет болған жағдайда энциклопедиядан қосымша мәліметтерді оқу.

 • Плакаттың бір бөлігіне өсімдік сипаттамасы жазылған кестені жапсыру. Керісінше, екінші бөлігіне өсімдіктің бөліктерін және олардың жануарларға пайдасын жазу. Мысалы, жусан – жапырақ – қорек.

 • Алынған ақпаратпен топ ішінде алмасу.

 • Талдау жасау.

Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?

Бөріжөкенің суретін көрсетіп, оның улы өсімдік екенін айту. Оны жануарлар жемейтінін, тек құстар ғана оның жидегімен қоректенетінін айту. Оның улы өсімдік екенін, денсаулыққа зиян екенін ескерту.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

20-жұмыс парағы. «Өсімдіктер мен жануар-

лардың өзара байланысы», 22-б.

Өзара байланыс. Зерттеу нәтижелері бойынша оқушылар кесте толтырды (Ықтимал жауаптары:

Су қарақұмығы. Өсімдік мүшесі: тұқымы; Қандай жануарлар: үйрек, қаз; Не үшін қажет: қоректенеді.

Інжугүл. Өсімдік бөлігі: жемістері; Қандай жануар: бұғылар және т.б.; Не үшін қажет: асқазанды емдейді.

Батпақ аққанаты. Өсімдік бөлігі: сабағы, собығы. Қандай жануарлар: бұлан, ондатр, құндыз және т.б. Не үшін қажет: асқазанды емдейді.

Утамыр (цикута). Өсімдік бөлігі: сабақтары; Қандай жануарлар: құндыз; Не үшін қажет: асқазанды емдейді).

21-жұмыс парағы. «Байланысын анықта», 23-б.

Өсімдіктер мен жануарлар. Оқушылар өсімдіктер мен жануарлардың байланысын көрсететін үдерістерді жазады. Кейбірі қажетті сөздерді де қолдана алады. Сөздерді суреттермен сәйкестендіріп, одан әрі оларды бояйды (Жауаптары:

Қоректену. (2) Бұта; (6) Бұлан.

Емделу. (3) Қой (жусанмен емделеді).

Тыныс алу. (1) Құндыз; (5) Балдыр.

Таралу. (4) Ит).

Бағалау.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Өсімдіктер мен жануарлардың байланысын біледі

  • Жануарлардың өсімдіктер сияқты қоректенетінін түсінеді;
  • Жануарлардың өсімдіктерден энергия алатынын біледі;
  • Өсімдіктер мен жануарлардың ортақ ұқсастықтарын ажыратады;
  • Өсімдіктер мен жануарлардың байланысын сипаттайды.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықпен жұмыс

Слайд №6

Слайд №7

А3 пішіміндегі қағаз бен үлестірме парақшалар жиынтығы

https://www.youtube.com/watch?v=fY0N407XXj0&list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

2 минут

«Алма ағашы» кері байланысы.

Сабақ басында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында алма ағашына ілу керек.

Жасыл түсті алма - «Сабақ өте қызықты, бәрі түсінікті болды, көңіл-күйім көтеріңкі.»

Қызыл түсті алма – «Бүгінгі сабақты меңгере алмадым, көңіл-күйім жоқ.»

Алма ағашы тақтасы

Слайд №8

Қосымша ақпарат

Саралауоқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ынтасы жоғары оқушыларға өсімдіктер мен жануарлардың байланысы туралы брошюра жасауды тапсыру.

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу