Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Әдістемелік нұсқаулық.

  •  «Шашу» әдісі бойынша топқа біріктіруде оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Ортаға топ санына байланысты түрлі кәмпиттер шашылады. Бір-бір кәмпиттен алып, қарама-қарсы тұрған оқушыға тілек арқылы сыйлайды. Кәмпиттердің түріне байланысты оқушылар топқа бірігеді.
  •  «Жануарлар қайда мекендейді?» ойынына әр топқа бірнеше жануарлардың суреттерін ұсыну. Олардың қайда мекендейтінін анықтау. Бір жануарды жасырып, оны сыныптастарына ым-ишарамен көрсету. Оларға жануар мен оның тіршілік ортасы туралы айтып беру керек.
  •  Артығын тап. Суретте бейнеленген жануарларды атап және оларды сипаттау керек. Оқушылар суретте құс болғандықтан, құмайды көрсетуі мүмкін. Бұл нұсқа да дұрыс, бірақ тағы да бір нұсқа бар екенін айтып, таудың бейнесіне назар аударту ұсынылады. Талқылау барысында төмендегі сұрақтар қарастырылады.

Сұрақтар:

- Неліктен мұнда таулар бейнеленген?

- Біздің жерімізде тау бар ма?

- Тянь-Шань тауы туралы не білесіңдер?

- Тағы қандай жануарлар тауда өмір сүреді?

 Оқушылар суреттегі артық жануар – қарақұйрық екенін түсінеді, өйткені ол шөлде, шөлейтте де мекендей алады.

  •  Зертте. Зерттеу жұмысын топпен ұйымдастырып, алдын ала әр жерде мекен ететін, сол жерге тән белгілері бар жануарлардың суретін дайындау. Оқушылар топ ішінде таңдаған суреттерімен танысу керек.

 Бір топқа тән белгілерді анықтап, күнделігіне жазып, түртіп отыру ұсынылады.

 Фотосуретті плакаттағы қажетті орынға жапсырып, нәтижесін топта талқылау.

 Өз топтастырулары туралы дәлелдер келтіре отырып, тұжырымдау.

 Жұмыс барысында талдауға араласып, өз ойдарын қорытындылау.

  •  Қосымша сұрақтар.
  • Жануарлар тіршілік ету үшін не қажет?
  • Қандай жан-жануарларды білесің?
  • Сүтқоректілерге не жатады?
  • Жер бетінде жануалардың қанша түрі бар?
  • Омыртқасыз жануарлар деп қандай жануарларды айтамыз?
  • Омыртқасыз жануарларға қандай жануарлар жатады?
  • Бақа, жылан қандай жануарларға жатады?
  • Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар қозғалысында қандай айырмашылық бар?
  • Қандай жыртқыш жануарларды білесің?
  • Жәндіктерге не жатады?
  • Сүтқоректілер неше топқа бөлінеді?
  • Құстар неше топқа бөлінеді?
  • Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
  • Бунақденелілер қалай көбейеді?
  • Жәндіктер немен қоректенеді?
  • Балықтың қандай түрлерін білесің?
  • Қандай құстарды білесің?
  • Қандай жорғалаушыларды білесің?
  • Жан-жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
  • Үй жануарларына не жатады?
  • Ең күшті жануар не?
  • Жан-жануарлар қалай қоректенеді?
  • Қандай жануар балды жақсы көреді?
  • Жануарларды қалай бағып күтесің?
  • Қандай бауырмен жорғалаушыларды білесің?
  • Бунақденелілерге не жатады?
  • Бунақденелілер қайда өмір сүреді?
  • Бейімділік деген не?
  • Төрт түлікке не жатады?
  • Төрт түліктің қандай пайдасы бар?
  • Сын тұрғысынан ойлауға арналған сұрақтар. «Иә-жоқ»1. Жануарлар суда, құрлықта, топырақ арасында тіршілік етеді. 2. Табиғат беске бөлінеді. 3. Жануарлар тірі табиғатқа жатады. 4. Жануарлар өз тіршілігіне қолайлы жерде мекендейді. 5. Жануарлар тіршілік ортасына бейімделмеген. 6. Жануарлардың өздерінің қолайлы жерде тіршілік етуін мекен орта дейміз.7. Түйе сулы жерде мекендейді. 8. Балық суда мекендейді. 9. Тиін құрлықта мекендейді. 10. Жылан шөп арасында мекендейді. 11. Аю орманда мекендейді. 12. Құстар құрлықта мекендейді. 13. Жан-жануарлардың ортаға бейімді болуын бейімділік дейміз.14. Табиғатқа өсімдіктің пайдасы мүлдем жоқ. 15. Жануарлар өсімдіктің көбеюіне көмектеседі. 16. Өсімдік топырақ арқылы тыныс алады.17. Өсімдіктердің тұқымын құстар таратады. 18. Жыртқыш аңдар өсімдікке зиян келтіреді.19. Тоқылдақ орман емшісі. 20. Құстар мен қоңыздың өсімдік үшін пайдасы жоқ. 21. Үй жануарлары адам үшін пайдалы. 22. Жануарлардың адам үшін пайдасы жоқ .23. Өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын жерді қорық дейміз.24. Өрмекші, қарлығаш, аққу қасиетті жәндіктер 25. Табиғат адамның тіршілік ететін мекені.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу