Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 3-сынып Күні: Тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды? | Мектеп: Модератор: Данабаева М.А. Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату; 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау. | |||||||||
Сабақтың мақсаты: | Жануарлардың тіршілік ортасын анықтайды. | |||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||
Құндылықтар | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, математика. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жануарлардың топтастырылуы. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 1 минут 3 минут | Ойсергек. Сәттілік біздер тілейік. Мен саған, сен маған, Күндей күліп жүрейік. Күннің нұрын төгейік, Мен саған, сен маған. Ассоциация. «Жануарлар» ұғымын естігенде туындайтын ассоциацияларын атайды. Аталған түсініктердің кейбірін оқушылармен талдау, талқылау. Жануарлар туралы білімдерін анықтау. Сұрақтар:
| Слайд №1,2 Слайд №3 | ||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 2 минут 3 минут 4 минут 5 минут 5 минут 2 минут 2 минут 8 минут | Топқа біріктіру. «Шашу» әдісі бойынша топқа біріктіру. «Жануарлар қайда мекендейді?» ойынына әр топқа бірнеше жануарлардың суреттерін ұсыну. Олардың қайда мекендейтінін анықтау. Бір жануарды жасырып, оны сыныптастарына ым-ишарамен көрсету. Оларға жануар мен оның тіршілік ортасы туралы айтып беру. Жануарлар тобы. Негеш суреттен орман жануарларын, ал Эврика ашық даланы мекендейтін жануарды табу керек. Оларға көмек бере отырып, өз шешімдерін түсіндіру. Ортақ қандай байланысы барын анықтау (Жауаптары: Орман жануарлары: жалқауаң, бұлан, ақкіс, теңбілшер. Ашық кеңістік жануарлары: қабылан, киік, құм эфасы (жылан), көртышқан). Суқойма жануарлары. Суретте бейнеленген жануарлардың әрқайсысы қайда тіршілік ететін анықтау. Әр суретке сәйкес келетін жазуды табу. Артығын тап. Суретте бейнеленген жануарларды атап және оларды сипаттау. Оқушылар суретте құс болғандықтан, құмайды көрсетуі мүмкін. Бұл нұсқа да дұрыс, бірақ тағы да бір нұсқа бар екенін айтып, таудың бейнесіне назар аударту. Сұрақтар: - Неліктен мұнда таулар бейнеленген? - Біздің жерімізде тау бар ма? - Тянь-Шань тауы туралы не білесіңдер? - Тағы қандай жануарлар тауда өмір сүреді? Оқушылар суреттегі артық жануар – қарақұйрық екенін түсінеді, өйткені ол шөлде, шөлейтте де мекендей алады. Зертте. Зерттеу жұмысын топпен ұйымдастырып, алдын ала әр жерде мекен ететін, сол жерге тән белгілері бар жануарлардың суретін дайындау. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық • Оқушылар топ ішінде таңдаған суреттерімен танысу. • Бір топқа тән белгілерді анықтап, күнделігіне жазып алу. • Фотосуретті плакаттағы қажетті орынға жапсыру. • Нәтижесін топта талқылау. • Өз топтастырулары туралы дәлелдер келтіре отырып, тұжырымдау. • Жұмыс барысында талдауға араласу. Мұғалімнің түсіндіруі. Ашық кеңістікті қарақұйрық, киік, арыстан, ақтүлкі сияқты жануарлар мекендейді. Олар жемтігін қуып жету не жауынан қашу үшін тез жүгіруге бейімделген. Шөп қалың өсетін ашық даланы кеміргіштер мен бунақденелілер мекендейді. Шөл және шөлейт жерлерде бауырымен жорғалау-шылар көп кездеседі. Ормандарды ірі жануарлар мекендейді. Оларға аю, бұлан, жабайы қабан жатады. Тропикалық ормандарда жалқауаң, піл тіршілік етеді. Орман жануарларының көбі ағаштарға өрмелей алады. Су жануарларының денесі сү-йірленіп келеді. Олардың жүзу қанаттары не аяқ саусақтарының арасында жүзу жарғақтары болады. Оларға құрбақа, суаршын қандала, балық және басқалар жатады. Тау жануарларының жүні қалың болады. Арқар тәрізді жануарлардың жалпақ, қозғалғыш тұяқтары болады. Тау құстары тез ұшады, олардың жүні үлпілдек болады. Таудағы бунақденелілердің түсі қара, қоңырқай болып келеді. Сергіту сәті. Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу. Мұғалім-оқушы диалогі.Сен білесің бе? Шағыл мысығы туралы бейнекөріністі көрсетіңіз. Оны сипаттап беруін сұраңыз. Оның сыртқы көрінісін алдамшы дей аламыз ба? Жануардың сыртқы көрінісі немесе күнделікті өмірде сырттай алдамшы болып көрінген сәттерін естеріне түсіруін өтініңіз. Жеке жұмысқа дәптердегі тапсырмаларды орындау ұсынылады. 25-жұмыс парағы. «Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды?», 27-б. Жануарлардың топтары. Оқушылар жануарларды сурет арқылы анықтап, сәйкес топпен байланыстыруы қажет. (Жауаптары: Тау жануарлары – күшіген, қодас, арқар; ашық кеңістік жануарлары – ақтүлкі, арыстан, тарпаң; суқойма жануарлары – құндыз, мөңке, акула; орман жануарлары – макака, аю, теңбілшер). 26-жұмыс парағы. «Тобын анықта», 28-б. Сипаттамасы бойынша тап. Оқушылар кестенің астына әр топтан кез келген үш жануардың атын жазып, сипаттамасымен сәйкестендіреді. (Жауаптары: Бұл топтың тұяқты жануарларының тегіс емес, биік жерлерге өрмелейтін ірі қозғалмалы тұяқтары болады. Тау жануарлары. Бұл топтың сүтқоректілерінің ұзын аяқ-қолдары, мықты әрі төзімді денелері, бұлшықетті мойындары болады. Ашық кеңістік жануарлары. Бұл топта омыртқасыздар және қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар мен балықтар көп. Суқойма жануарлары. Бұл топтың сүтқоректілері едәуір ірі, төзімді болады. Орман жануарлары). Бағалау.
| Түрлі кәмпиттер Жануарлардың суреттері Оқулықпен жұмыс
Оқулықпен жұмыс Слайд № 4 Оқулықпен жұмыс Слайд №5,6,7 А1 парақтары, үлестірме материалдар, суреттер Зерттеу күнделігі http://balapan.kaztrk.kz Дәптермен жұмыс | ||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс. «СМС» парағы.
| СМС парағы | ||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Саралауға қосымша сұрақтар мен сын тұрғысынан ойлауға арналған сұрақтарды қою. Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Сабақ барысында -мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау. -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?