Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


 Әдістемелік нұсқаулық.

  •   «Қызықты сұрақтар айдары» ойыны. Сұрақтарды талдау барысында оқушылар жануарлар арасындағы қандай қарым-қатынас болатынын анықтап талдайды. Талқыланатын сұрақтар:

- Олардың әрекетінен не байқадың? (Бәсекелесуде).

- Оны қандай белгілері бойынша анықтай алдыңдар?

- Олардың әрқайсысы қайда өмір сүреді? (Қарақұйрық пен құлан далада, шұбар шымшықтар орман ағаштарында тіршілік етеді.)

- Олар не үшін күресуде? (Азық пен мекен үшін.)

 - Жеңіліп қалғандарына не болады деп ойлайсыңдар? (Олар жаңа мекенге ауысуға мәжбүр болады.)

 2. «Алтын сандық» ойыны арқылы сандық ішінен «Батпақтану», «Құрғақшылық» және «Су тасқыны» сөздерімен танысып, олардың не екенін және бұл құбылыстар суреттердегі көріністің өзгеруіне қалай әсер етуі мүмкін екенін талқылау.

 3. Сызба. Сұрақ қою арқылы жануарлардың тіршілік ортасы жағдайының өзгерісіне байланысты олардың саны да өзгеретінін түсінеді.

  •  Бағыттамалардың неге осылай орналасқан?
  •  Эврика бұл бағыттама арқылы қандай өзгерістер туралы айтқысы келді?
  •  Қашан, не себепті болуы мүмкін?
  •  Егер шалғындық бірте-бірте батпаққа айналса, онда өмір сүретін жануарларға не болады? (Ол жерден басқа жерлерге ауысады.)
  •  Олардың саны азаюы мүмкін бе? (Иә.)
  •  Бұл жерде енді қандай жануарлар тіршілік етеді? (Батпақта мекендейтін жануарлар.)
  •  Батпақта мекендейтін жануарлар саны артады деп айта аламыз ба? (Иә.)

  Оқушылар жауабын салыстырып көріп, жоғарыда аталған тіршілік ортасында өмір сүретін жануарлар тізімін жазу. Оларды қағаз парақшаларға жазып, плакатқа кестедегі қажетті орынға жабыстыру.

 Жауаптары: Баптақтану салдарынан көл мен шалғындық батпаққа айналуы мүмкін. Су тасқыны кесірінен саванна көлге айналады. Құрғақшылық әсерінен саванна шөлге айналып кетуі мүмкін.

 4. Зертте. Зерттеу жұмысын әр оқушы оқулықта және жұмыс парағында берілген кестелері бар А4 пішінді қағаздарға орындайды. Әр оқушы бірнеше жануарды еске түсіріп, оларды кестенің бірінші бағанына жазып шығады. Кестенің қалған бағандарын оқушылар өздері толтырады. Жауаптарын тыңдап, нәтижелерді талқылайды.

 5. Қосымша ақпарат.

 Құрғақшылық - ыстық күнде, ауаның ылғалдылығы төмен болған кезде жауын-шашынның ұзақ уақыт және елеулі түрде жетіспеушілігі.

 Қатты ыстық – қоршаған ауаның орташа плюстік температурасының бірнеше күн бойы 10 және одан да астам градусқа артық болуын айтады.

 Мұның қауіптілігі адамның шамадан тыс ыстықтауы яғни оның денесінің температурасы 37,1°С жоғары болуы немесе дене қызуы бұзылып, 38,8°С жетеді. Ұзақ уақыт және қатты ыстық болуы ыстық өтуіне немесе жүрек қызметінің бұзылуына әкеліп соғады. Ыстық өтудің белгілері: терінің қызаруы, таңдайдың кебуі, қатты шөлдеу. Бұдан ары қарай адам есінен танып, жүрегі немесе тыныс алуы тоқтауы ықтимал.

 Құрғақшылыққа (қатты ыстыққа) қалай дайындалуға болады? Қосымша ыдыстар жинап, қажет болса оларға алдын ала су толтырып қою. Ыстық күнге лайық киімдер, тұрмыстық электр құралдарын (желдеткіштер, кондиционерлер) әзірлеп қою. Егер селолық жерлерде тұратын болсаңыз - жаппалар, қалқалар, даладағы орындықтар құдықтар, сондай-ақ терезе жапқыштар сайлануы тиіс. Мүмкіндігінше электр құралдарының жұмысын қамтамасыз ету үшін электр қуатының автономиялы көздерін сатып алыңыз. Суды үнемдеп пайдаланыңыз. Өзіңіз ыстық өткенде не істеу керектігін оқып үйреніп, бұған отбасы мүшелерін де үйретіңіз.

 Құрғақшылық (қатты ыстық) кезінде не істеу керек? Көтеріңкі температураның әсер етуінен сақтаныңыз. Бас киім киіп, ауа өтіп тұратын мақта-матадан тігілген ашық киім киіңіз. Есіңізде болсын, күйген теріден тер шықпайды, ол өзін өзі суытпайды. Асықпай жылжыңыз, мүмкіндігінше көлеңкеде болуға тырысыңыз. Сыра немесе басқа бір алкогольді ішімдіктер іщпеңіз, бұл ағзаның жалпы жағдайын нашарлатады. Ыстық кезінде қосымша тұз пайдалау керек пе жоқ па, ол жағын дәрігермен кеңесіңіз. Ыстық өтсе дереу көлеңкеге, жел соғып тұрған жерге барыңыз немесе душқа түсіңіз, асықпай көп су ішіңіз. Ыстық өтуден сақтану үшін өз денеңізді салқындатуға тырысыңыз. Айналадағы біреу есінен танып қалса жүрегіне массаж жасап, жасанды тыныс алдыртып тіршілікке оралту шараларын жасаңыз. Есіңізде болсын, құрғақшылық кезінде өрт шығу мүмкіндігі арта түседі.

 Су тасқыны- бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады.  Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

 

 

  Су тасқынына қалай дайындалу керек?

 Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз.

 Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.

 Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек?

 Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз.

 

 

 Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз. Есңктер мен терезелерді жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз. Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз: күндіз – жақсы көрінетін шүберекті ағашқа байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық дабылмен және дауыс беру қажет. Құтқарушылар келген кезде дүрбелең тудырмай, сақтық шараларын сақтай отырып, жүзу құралдарына көшіңіз. Құтқарушылардың талаптарын мүлтіксіз сақтап, жүзу құралдарының шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу керек. Қозғалу кезінде белгіленген орындардан кетпей, бортқа отырмаңыз, экипаждың талаптарын мүлтіксіз орындаңыз. Су басқан ауданнан тек қана зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болғанда жағдайлар, су деңгейінің көтерілуінің жалғасуы, жоғарғы қабаттарды (шатырларды) су басу қаупі болу сияқты себептер болған кезде ғана өздігінен кетуге кеңес береді. Бұл кезде сенімді жүзу құралы болып және қозғалыс бағытын білу керек. Өздігінен шығу кезінде апат дабылын беруді тоқтатпау керек. Суда малтып жүрген және батып жатқан адамдарға көмек көрсетіңіз.

 Сілтеме: https://www.vkgu.kz/sites/default/files/files/azbuka.../kz/navodnenie_kz.docx

 Батпақтану — 1) аймақтың физикалық-географиялық жағдайына байланысты артық немесе мөлшерден көп ылғалданудан, атмосфералық судың іркіліп жиналуынан (топырақта су өткізбейтін қабат болса немесе суды бей-берекет пайдаланғаннан), суармалау процесінің бұзылуынан және грунт суы деңгейінің жер бетіне жақын жатуынан ойпаңды жерлердің, топырақтың суға толығымен қанығуы. Б. екі процестен тұрады: алғашқысы шымтезектену (шала шіріген органикалық қалдықтардың жинақталуынан), екіншісі қорыс-қопалануға (топырақтың артық ылғалдануынан оксидсіз қосылыстардың түзілуі) байла¬нысты өтеді де, батпақты топырақтар түзіледі. Топырақтын батпақтануы оның агрономиялық қасиеттерін нашарлатады. Б. ағыстың тартылуына байланысты топырақ пен жер қыртысының мөлшерден тыс ылғалдануынан, жер асты суларының көтерілуінен немесе булану процесінің бәсеңдеуінен пайда болады. Жердің батпақтануы және жердің шымтезекті түріне айналуы деп сараланатын екі түрі болады; 2) геоботаникалық, топырақтық, гидрологиялық және геологиялық зерттеулердің нәтижесіне негізделген батпақ тұралы ғылым саласы.

 Сілтеме: https://kk.wikipedia.org/wiki/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу