Жануарлар арасындағы қарым-қатынас. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқаулық.
- «Сұрақ қоюшы қалпақ» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру. Бір оқушы қалпақты киіп, берілген сұрақтарды оқиды. Сұрақтар:
- Туыстық қатынас қандай болады? (Анасы мен қызының, әкесі мен ұлының, ағасы мен інісінің арасындағы және басқа да қатынастар.)
- Жұп болып, бір-біріңе туысқандарыңды атаңдар.
- Олардың барлығы бір қалада/ бір ауылда тұра ма?
- Жануарлардың туысы бола ма, қалай ойлайсыңдар?
- Олар бір жерде өмір сүре ме әлде әртүрлі жерді мекен ете ме?
2. Зертте. оқулықтағы суреттерді қарап шығып, әр суретке сәйкес атауды табу. Алдын ала әр жерде тіршілік ететін (деректік материалдарда көрсетілген) туыстас (бір түрге жататын) жануарлардың суреттерін дайындап қою ұсынылады. Зерттеу жүргізуде:
Суреттерді үстел үстіне қойып, оларды мұқият қарап шығу.
Бір-біріне ұқсас жануарларды екіден, үштен топтастырып, туыстас жануарларды табу.
Топтастырған жануарлардың суреттерін плакатқа жапсыру.
Топ ішінде нәтижелерін талқылау.
Туыстас жануарлардың сыртқы ұқсастығын табу. Кейбір оқушыларға жануарлардың қайсысы қай жерде мекен ететініне (орманда, тауда, ашық кеңістікте) болжам жасатуға болады.
Өз пікірлеріне нақты дәлелдер келтіру.
Барлық топтың плакаттарын салыстырып, жауаптарын тыңдап, талқылау.
3. Жақын «туыстар». Суреттерге назар аудартып, ондағы жануарларды сипаттау. Сұрақ қою барысында жануарлардың ұқсастығы, қарым-қатынасы жайында талқылау. Сұрақтар:
- Суреттегі жануарларды «туыстас» жануарлар деуге бола ма? (Иә.)
- Неліктен олай деп ойлайсыңдар? (Сыртқы ұқсастықтарына байланысты.)
- Бірінші суреттегі бұғылар не істеп жатыр? (Бір-бірімен сүзісіп жатыр.)
- Құстар не істеп жатыр? (Бірі екіншісін қуып жатыр.)
- Қалай қуып жатыр? (Айбат шегіп, шоқып, дыбыстап.)
- Жануарлар не үшін таласып жатыр деп ойлайсыңдар?
Барлық болжам жауаптарды тыңдап , құстардың дыбыс шығаруы басқаларына сол жердің бос емес екенін білдіретінін, көбінесе жануарлар тіршілік ортасы мен азық үшін күресетінін, мұндай қарым-қатынас түрі бәсекелестік деп аталатынын айтып өту.
4. SWOT талдау стратегиясы арқылы сабаққа кері байланыс беру. Оқушыларға жеке парақтар беріледі. Онда олар сабақтың басым тұстарын (артықшылығын), даму мүмкіндіктерін (сабақ бойынша алдыға қойған жоспарлары), сабақтың әлсіз жақтарын (кемшіліктерін) және сабақтың қауіпті жақтарын жазып, ойларын талқылайды.
5. Қосымша ақпарат. Жылқылар тұқымдасы (Equidae) — үшінші саусағы жақсы дамып, екінші, төртінші саусағы терінің астында жататын кішкене шаша немемсе шабақ сүйекке айналған. Жылқылардың ұзын құйрығы және өскелең түгі болады.
Жылқылардың құйрығы түбінен ұшына дейін ұзын қылдармен жабылып тұрады. Олардың көпшілігінде біркелкі болады. Атақты саяхатшы Н. М. Пржевальский ашқан жабайы жылқылардың бір ғана түрі Орталық Азияның батыс бөлігіндегі таулы далаларды мекендейді. Оларды осы ашқан оқымыстының атымен Пржевальский жылқысы деп атайды.
XIX ғасырдың орта кезінде жабайы жылқылар орыс дала-сының оңтүстік бөлімдерінде мекен еткендігі анықталған. Ол жылқыны тарпан деп атаған. Гептнердің (1955) соңғы зерттеуіне карағанда тарпандар өз алдына жеке түр емес, Пржевальский жылқысынан географиялық орны жағынан жекеленген түр тармағы болып саналады. Тарпандар Днепрдің төменгі ағысында өткен ғасырдың 70 жылдарының басында тіршілік еткен. Соңғы тарпанды осында 1876 жылы өлтірген. Жылқылардың барлығы да үйір құрап, тіршілік етеді. Ашық далалы жерлерді мекендеуіне байланысты көптеген бейімделушіліктер пайда болған; тез қозғалу, құлынын ұзақ уақыт көтеру және құлыны туысымен анасына ілесіп жүріп кету тағы басқалар. Кондилатрлардан таралған. Палеоценнен белгілі. Дамуының жоғарғы денгейі эоценмен олигоценде байқалған, (500 түрі болған). Көпшілігі миоценде жойылған. Тақтұяқтылар ірі жануарлар. Қазіргі уақытта 3 тұқымдастары бар: жылқы, салпы ерін және мүйізтұмсық тәрізділер, рика, Азия, оңтүстік Америкада таралған. ТМД-да Жылқы тәрізділер кездеседі, тарпан, 1 жойылған) мен құлан. Шөлді далалық, орманды-далалық кейбір түрлері тропикалық орманда тіршілік етеді. Шөп қоректілер. Полигамдар. Желіні жұп емшекті. Бір кұлын табады. Тарпан мен жабайы есек қолға үйретілген. ХТҚО Қызыл кітабымен, (12 түр мен 3 түрше) КСРО Қызыл кітабына, (1 түрше) енгізілген.
Қазіргі жылқылар туысына төрт түрі жатады.
- Зебра немесе жолақты ат (лат. E.hipptigris). Бұл жануарлар Африканың ашық далалы жерлерін мекендейді. Оның құйрығының ұшында ғана қылы болады.
- Есек (лат. Equus asinus) — түсі біркелкі, құлағы ұзын, құйрығы зебрдікіндей. Жабайы есектер Эфиопияның солтүстігінде, Сомалиде және Эритриде сақталған. Үй есектері солардан шыққан.
- Құлаңдар мен онагрлар (лат. Equus hemionus) — оларды жиірек есектерге ұқсатады, көпшілік ғалымдар жылқының қарапайым түрі деп те атайды. Түсі ашық, құлағы қыска, Азияның шөлейтті жерлерінде (Түркмения, Иран, Ауғанстан, Моңғолия, Қытай, Тибет, Батыс Үндістан т.б.) кездеседі.
- Нағыз жылқылар (лат. Equus prgewalskii). Олардың түсі біркелкі болады. Құйрығы түбінен ұшына дейін ұзын қылдармен жабылып тұрады. Атақты саяхатшы Н.М.Пржевальский ашқан жабайы жылқылардың бір ғана түрі, осы заманда Орталық Азияның далаларын мекендейді. Пржевальский жылқысына ұқсас жабайы жылқының бір түрі тарпан (E.gmelini) Украина жерінде осыдан жүз жыл бұрын құрыған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?