Жануарлар арасындағы қарым-қатынас. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
|
| |||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарым- қатынас түрлерін сипаттау; 3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау. | |||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Бәсекелестік, түрішілік бәсекелестік, түраралық бәсекелестік пен бейтарап қарым-қатынас ұғымдарын түсінеді. | |||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||||||||||
Құндылықтар | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу | |||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі. | |||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жануарлардың тіршілік ортасы. | |||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 минут 3 минут | Ойсергек. Сәттілік біздер тілейік, Мен саған, сен маған Күндей күліп жүрейік, Күннің нұрын төгейік, Мен саған, сен маған. «Сұрақ қоюшы қалпақ» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру. Бір оқушы қалпақты киіп, сұрақтарды оқиды. Сұрақтар: - Туыстық қатынас қандай болады? (Анасы мен қызының, әкесі мен ұлының, ағасы мен інісінің арасындағы және басқа да қатынастар.) - Жұп болып, бір-біріңе туысқандарыңды атаңдар. - Олардың барлығы бір қалада/ бір ауылда тұра ма? - Жануарлардың туысы бола ма, қалай ойлайсыңдар? - Олар бір жерде өмір сүре ме әлде әртүрлі жерді мекен ете ме? | Слайд №1,2 Қалпақ
| ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 2 минут 1 минут 7 минут 4 минут 4 минут 7 минут 2 минут 2 минут 4 минут | Салыстыр, жауап бер. Оқушыларды жұптастырып, кианг жылқысы мен құланның ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау. (Ұқсастығы: сыртқы белгілері ұқсас, басы, құлағы бірдей болып келеді. Айырмашылығы: кианг жылқысының терісінің түсі қоңырлау, жалы қалыңдау, сыртқы тұрқы мықты әрі ірі көрінеді). Топқа біріктіру. Оқушыларды мақал-мәтелдер арқылы топқа біріктіру.
Зертте. Оқулықтағы суреттерді қарап шығып, әр суретке сәйкес атауды табуы тиіс. Алдын ала әр жерде тіршілік ететін (деректік материалдарда көрсетілген) туыстас (бір түрге жататын) жануарлардың суреттерін дайындап қою. Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық • Суреттерді үстел үстіне қойып, оларды мұқият қарап шығу. • Бір-біріне ұқсас жануарларды екіден, үштен топтастырып, туыстас жануарларды табу. • Топтастырған жануарлардың суреттерін плакатқа жапсыру. • Топ ішінде нәтижелерін талқылау. • Туыстас жануарлардың сыртқы ұқсастығын табу. Кейбір оқушыларға жануарлардың қайсысы қай жерде мекен ететініне (орманда, тауда, ашық кеңістікте) болжам жасатуға болады. • Өз пікірлеріне нақты дәлелдер келтіру. • Барлық топтың плакаттарын салыстыру. Бір-бірінің жауаптарын тыңдап, талқылау. Жақын «туыстар». Суреттерге назар аудартып, ондағы жануарларды атау. Сұрақтар: - Суреттегі жануарларды «туыстас» жануарлар деуге бола ма? (Иә.) - Неліктен олай деп ойлайсыңдар? (Сыртқы ұқсастықтарына байланысты.) - Бірінші суреттегі бұғылар не істеп жатыр? (Бір-бірімен сүзісіп жатыр.) - Құстар не істеп жатыр? (Бірі екіншісін қуып жатыр.) - Қалай қуып жатыр? (Айбат шегіп, шоқып, дыбыстап.) - Жануарлар не үшін таласып жатыр деп ойлайсыңдар? Барлық болжам жауаптарды тыңдап , құстардың дыбыс шығаруы басқаларына сол жердің бос емес екенін білдіретінін, көбінесе жануарлар тіршілік ортасы мен азық үшін күресетінін, мұндай қарым-қатынас түрі бәсекелестік деп аталатынын айтып өту. Көршілер. Суреттегі қай жануарлар жұбының арасында бәсекелестік бар екенін анықтау. Талқыланатын сұрақтар:
Мұғалімнің түсіндіруі. Бейтарап қарым-қатынас жасайтын жануарлар бір-біріне тиіспейді, әртүрлі азықпен қоректеніп, әртүрлі жерлерді мекендейді. Әртүрлі ортада тіршілік ететін «туыстас» жануарлар бір-біріне сырттай қатты ұқсағанымен, өзара айырмашылығы болады. Мысалы, тау шалғынын мекендейтін түкті араның түсі дала арасына қарағанда қоңырқай келеді. Қарсақтың денесі орман түлкісіне қарағанда кішілеу. Орман түлкісінің құлағы үлкен, ағашқа оңай өрмелеу үшін тырнағы өткір болады. Жануарлар бір-бірімен қорек және тіршілік ортасы үшін жиі бәсекелеседі. Мысалы, бір аймақта бұғы көп болса, онда сол жердегі қорек тез таусылады. Енді оларға жаңа мекен іздеуге тура келеді. Бұл ұрпақ өсіруге қиындық туғызады. Сондықтан бұғылар мекен үшін таласып, жиі шайқасады. Көктемде құстардың шырылдаған дыбысы қатты естіліп жатады. Олар өз дыбысымен бұл аймақ бос емес дегенді білдіреді. Бірдей қоректенетін жануарлар «туыс» болмаса да бәсекелеседі. Мысалы, тиін мен тоқылдақ ағаш қуысын мекендейді, олар дән мен жаңғақты қорек етеді. Бұғылар мен бұландар қорегі шөп болғандықтан бәсекелеседі. Ойлан! Оқушылармен жануарлар арасында бейтарап қарым-қатынас орнаса, жер бетінде не болар екенін талқылау. Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау. Жеке жұмысқа дәптердегі тапсырмаларды орындау ұсынылады. 27-жұмыс парағы. «Жануарлар арасындағы өзара байланыс», 29-б. Бәсекелес пе әлде бейтарап па? Оқушылар сурет бойынша жануарлар қарым-қатынасының түрін анықтайды және оларды сәйкес суреттермен байланыстырады. Жоғары қызығушылық танытқан оқушыларға әртүрлі жерді мекендейтін «туыстас» жануарлар жұбын анықтауды тапсыруыңызға болады. (Шибөрі мен қасқыр). Одан кейін бұл жұптардың ұқсастығы мен айырмашылығын табады (Жауаптары: Бәсекелес қарым-қатынас: түлкі мен қасқыр, екі шибөрі, тиін мен тоқылдақ. Бейтарап қарым-қатынас: көбелек пен қоян, көртышқан мен шұбар шымшық, құндыз бен үйрек). Бағалау.
| Оқулықпен жұмыс Үлестірме қағаз Слайд №3 Мақал-мәтел жазылған қима қағаздар А1 пішімді қағаз Туыстас жануарлардың суреттері Оқулықпен жұмыс Оқулықпен жұмыс Слайд №4,5 Слайд №6,7 https://www.youtube.com/watch?v=fY0N407XXj0&list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX Дәптермен жұмыс | ||||||||||||||||
| Кері байланыс. SWOT талдау стратегиясы арқылы сабаққа кері байланыс беру. | Слайд №8 | ||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Сабақ барысында -мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау. -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?