Жануарлар саны неге азаяды? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 3-сынып

Күні:

Тақырыбы:

Жануарлар саны неге азаяды?

Мектеп:

Модератор: Данабаева М.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.2.6 адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтау;

3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

 Сабақтың

 мақсаты:

Адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтайды.

 Бағалау критерийі

  • Дереккөздердің түрлерін анықтай алады;
  • Табиғат аясында тыйым салынған әрекеттерді көрсетеді;
  • Адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтайды.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Өрт, құрғату, саны.

Табиғат аясында тыйым салынған әрекеттерді айта алады.

 Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі.

 АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Жануарлардың бейімделуі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

3 минут

Шаттық шеңбері. «Ыстық лебіз»

Шеңберге жиналып, бір-біріне жылы лебіз, тілек айту.

Саны. Кіріспе тапсырмада оқушылар жұптасып, бір-біріне тіршілік ортасы жағдайының қандай өзгерісі жануарлар санына әсер ететінін талдау. Жануарлар саны дегеніміз – олардың сандық мөлшері.

Көңілді әуен қосып қою.

Слайд №1,2

Сабақтың ортасы

1 минут

6 минут

5 минут

4 минут

5 минут

5 минут

1 минут

2 минут

1 минут

5 минут

Топқа біріктіру. «Жалаушалар» арқылы топқа біріктіру.

Зертте. Кластер құру арқылы зерттеу жұмысын ұйымдастыру.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

• Оқушылар адамдардың қандай әрекеті жануарлар санының азаюына әсер ететінін ойланулары қажет. Олардың кейбірі ой салып, көмек көрсетуді қажет етуі мүмкін. Адамның әрекет түрлері бейнеленген суреттерді таратып, «Адамдардың нақты қандай әрекеттері жануарлар санын азайтады?» – деп сұрақ қою ұсынылады. Энциклопедия қолдануды ұсыныңыз.

• Топта басқа нұсқаларды талдайды.

• Кластерге жазып қояды.

• Басқа топтардың нәтижелерін салыстырады.

• Ортақ нәтижелерді зерттеушінің күнделігіне жазып қояды. Қандай дереккөздерді қолданғандарын талқылау.

Өрт. Өрттің қаупі туралы шағын әңгіме құру.

«Табиғи» және «апат» деген сөздерді талдау. (Табиғи – ешнәрсе немесе ешкім басқара алмайтын пәрменді күш, апат – бақытсыздық, ауыртпалық.)

Зерттеушінің қойын дәптеріне табиғи апат түрлерін жазып, оларды сипаттау. (Жанартаудың атқылауы, жер сілкіну, цунами, көшкін, сел, су тасқыны, дауыл, құйын, бұршақ, орманның өртенуі және т.б.)

Сұрақтар:

  • Екінші суретте андай жануарлар бейнеленген?
  • Олар не істеп жүр?
  • Өрттің салдары жануарларға қалай әсер етеді?
  • Өрт болған жағдайда не істеу керектігін талқылау.

Құрғату мен кесу. Батпақты құрғатып, орманды кесудің себептері мен салдарын талқылау. Бұл әрекеттердің жануарларға қандай әсері тиетінін анықтау.

Аңшылық. Аңшылықтың бұрынғы және қазіргі кездегі айырмашылығын анықтау.

Мұғалімнің түсіндіруі. Адамның кейбір әрекеті жануарлар санының азаюына себеп болады. Соның біріне өрт жатады.

 Орман мен даладағы өртті сөндіру өте қиын. От пен оның түтінінен бунақденелілер, аңдар, ұсақ құстардың көбі қырылады. Өрт олардың ұясын, жұ-мыртқасын, балапанын жойып жібереді. Жанып кеткен ағаш пен шөп қалпына келу үшін уақыт керек.

Адам өз іс-әрекетімен пайда да келтіре алады. Жас ағаштарға жарық мол түсіп, жақсы өсуі үшін қураған ағаштарды кеседі. Кесілген ағаштардың қалдығын тазалайды. Тазаламаса, зиянкестер көбейеді. Батпақты жерлерді құрғатады. Бірақ батпақтарды есепсіз құрғатудан кіші өзендер тартылып қалады. Соның әсерінен ірі өзендердің де суы азаяды. Құрғақшылықтан өсімдіктер қурап, жануарлар жойылып кетеді. Олар қорегінен, тіршілікке қажет жағдайлардан айырылады.

Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

Мұғалім-оқушы диалогі. Сен білесің бе?

Жыл сайын Амазонканың тропикалық ормандарында ағаштың көп кесілетіні сонша, ормандағы бос жердің көлемі мыңдаған футбол алаңындай болады. Осының әсерінен ормандағы сирек кездесетін жануар мен өсімдік түрлері жойылып бара жатыр.

Есте сақта!

Соңғы онжылдықта орынсыз аң аулаудан, орманды жаппай кесу мен батпақты құрғатудан жануарлар саны азайып кетті.

Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады.

29-жұмыс парағы. «Жануарлардың азаюы», 31-б.

Деректермен толтыр. Оқушылар энциклопедияны пайдалана отырып, кестені толтырады.

Қатесін тап. Оқушылар дұрыс емес пікірлерді анықтап, түзетеді (Жауаптар: Өртті байқасаңыз, 101 телефоны бойынша өрт сөндіру қызметіне хабарласу қажет. Шыны бұйымдарды тікелей Күн сәулесінің астынан алып тастау қажет. Өрт сөндірілмеген сіріңкеден шығуы мүмкін).

Бағалау.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Жануарлардың саны азаю себебін біледі.

  •  Табиғи апат түрлерін сипаттайды;
  •  Адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін іс-әрекет түрлерін анықтайды.
  •   Дереккөздердің түрлерін анықтай алады;

Түрлі түсті жалаушалар

Кластер құруға арналған құралдар,

Зерттеушінің күнделігі

Слайд №3

Оқулықпен жұмыс

Слайд №4

Слайд №5

Слайд №6

Оқулықпен жұмыс

Аңшылықтың суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.youtube.com/watch?v=9sNv1wcpWAw

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс. Сабақтағы өз жұмысына баға беру.

  • Мен сабақта ________ жұмыс істедім, себебі ________.
  • Сабақтағы өзімнің жұмысыма мен ________ себебі, ________.
  • Сабақтың тақырыбы ________ болды.
  • Менің қосымша ________ жайлы білгім келеді.

Бағалау парағы

Слайд №7

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу