Өсімдікке жарық қалай әсер етеді? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


 Әдістемелік нұсқаулар

 

 Өсімдікке жарық қалай әсер етеді?

 Өсімдіктердің өсіп жетілуіне қажетті негізгі факторлар — жарық, жылу, ауа, су және қоректік заттар. Осы факторлардың біреуі немесе бірнешеуі өсімдіктерге жетіспесе, онда еш уақытта мол өнім алынбайды. Сондықтан ауыл шаруашылығымен айналысатын мамандардың негізгі міндеті — өсімдік тіршілігіне қажетті, жетіспейтін факторды дұрыс анықтау және оның өсімдіктерге жеткілікті мөлшерде болуын реттеу. 

 Жарық. Жарықтың өсімдіктер тіршілігіндегі маңыздылығы — олардың қатысуымен фотосинтез процесі жүріп, өсімдіктерде күрделі органикалық заттар түзілетіндігі. Жақсы түскен жарықтың әсерінен өсімдік тамырларының өсуі күшейеді, оның жапырақтары мен сабақтары жақсы өседі де жоғары өнім береді, сондай-ақ өнімнің сапасы да едәуір жақсарады. Мұның бәрі өсімдіктердің өсу-жетілу процестерінің жақсы жүруімен байланысты. Жарық жетіспесе дәнді дақылдар нашар түптенеді, тамырлары әлсіз болады және сабақтары шамадан тыс ұзарып кетеді. Олардың сабақтары желдің әсерінен жатып қалады, дәні өте ұсақ, салмақсыз және сапасы да нашар болып түзіледі. Мұның бәрі сайып келгенде дақыл өнімінің азаюына себепкер болады: Өсімдіктің тез өсуіне, оның тұқым түзуіне тәуліктің жарық және қараңғы кезеңінің ұзақтығы мен қысқалығы едәуір әсер етеді. Кейбір дақылдар, мысалы: мақта, темекі, тары, жүгері, күріш қысқа күнде және ұзақ түнде тезірек гүлдесе, басқа біреулері: бидай, қарабидай, арпа, сұлу және тағы басқалары, керісінше — ұзақ күн және қысқа түн жағдайында тезірек гүлдейді. Міне, осы жағдайларға байланысты балық дақылдар қысқа күнді және ұзақ күнді болып екі топқа бөлінеді. Әр түрлі дақылдардың күн ұзақтығына осылайша бейімделуіне байланысты әрбір дақылды түрлі мақсатқа пайдалануға болады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайлар жүгеріні дәнге, пішендікке және сүрлемге еккенде әбден ескерілуі қажет. Бұл тәртіпті басқа дақылдар үшін де қолдануға болады.

 Жылу. Бұл да өсімдік тіршілігінің негізгі факторларының біріне жатады. Жылу болмаса топырақ және атмосфера ауасы да қызбайды, өсімдіктер нашар өседі, кейде тіпті өспейді де. Бірақ жылу өсімдіктерге белгілі бір мөлшерге дейін керек. Аса қатты және ұзақ болған жылулық, яғни аптап ыстық өсімдіктерге зиянды болып келеді. Әр түрлі дақылдар өзінің биологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты өз тіршілігінің өсу дәуірінің әр кезінде жылуды түрлі мөлшерде қажет етеді, тіпті дақылдардың тұқымы көктеп шығуы үшін де әр түрлі жылу мөлшері қажет. Осыған байланысты барлық дақылдарды жылу сүйгіш және жылуды орташа сүйетін деп бөледі. Өсімдіктердің өсу дәуірінің әр кезеңінде жылуды қандай мөлшерде қажет ететіндігін білудің маңызы зор. Жергілікті жердің ауа-райы жағдайларына байланысты дақылдардың өсіру мерзімін және қандай дақыл осы жерге аса бейім екендігін толық анықтауға да болады.

 Сілтеме: http://kazorta.org/simdikterge-azhet-syrt-y-orta-faktorlary/

 

Семантикалық карта.

Сәйкестендіру сауалнамасы.

Сәйкестендіру сауалнамасының жауаптары.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу