Өсімдіктер қашан «ұйықтайды»? Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

  • Пән: Жаратылыстану
  • Сынып: 3-сынып
  • Күні:
  • Тақырыбы:
  • Өсімдіктер қашан «ұйықтайды»?
  • Мектеп:
  • Модератор: Данабаева М.А.
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;

3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу;

3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.

 Сабақтың мақсаты:

Өсімдіктің қоршаған ортаға қалай бейімделгенін біледі.

 Бағалау критерийі

  • Өсімдіктер маусымдық өзгерістерге қалай бейімделгенін түсінеді;
  • Тәжірибе жүргізіп, қорытынды жасай алады.

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Ырғақ, тыныштық күйі

Қоршаған ортада өсімдіктердің бейімделуін сипаттай алады.

 Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика.

 АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Өсімдік бөліктерін, оны күту жолдарын, бейімделіп өсуін, маңыздылығын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

«Шаттық шеңбері». Шеңберге тұрып білім кілтін бір-біріне беру арқылы жақсы тілектер айтады.

Табиғат тынысы. «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушыларда өсімдіктердің ерешелігін айқындау.Сұрақтар:

  • Өсімдіктер ұйықтай алады ма?
  • Заттарды жапыраққа айналдыратын фабрика тоқтаусыз жұмыс істей ала ма? Неліктен?
  • Қай уақытта зат айналымы жақсырақ жүреді?
  • Өсімдік қатты ыстық пен суықтан жасырына ала ма?
  • Жануарлар секілді ыңғайлы жер іздеп орын ауыстыра ала ма?

Білім кілті

Сұрақтар тізбегін дайындау

Слайд №1,2

Сабақтың ортасы

3 минут

2 минут

2 минут

3 минут

8 минут

2 минут

2 минут

3 минут

10 минут

Күн мен түн. Өсімдіктердің тәуліктің әр мезгілінде қандай күйде болатынын бақылап, сұрақтарға жауап беру.

1. Күн батар алдында өсімдік гүлінде қандай өзгеріс болады?

2. Жапырақтар өз қалпын қалай өзгертеді?

3. Таңертең гүлдерде қандай өзгеріс болады?

4. Күн мен түннің ауысуына байланысты өсімдіктің тіршілік жағдайы қалай өзгереді?

5. Өсімдік күндіз қандай болады? Түнде ше?

Мұғалімнің түсіндіруі. Өсімдіктердің даму ырғағы болады. Бұл – табиғаттағы өзгерістерге бағынып, үнемі қайталанып тұратын әрекеттер. Мысалы, күн түнмен, жаз күзбен, қолайлы жағдай қолайсыз жағдаймен алмасады. Сондықтан өсімдік бірде белсенді өседі, бірде оның тіршілігі тыныштық күйге түседі.

«Шашу» стратегиясы арқылы топқа бөлу.

Маусымдар. Пиктограммалар арқылы жыл мезгілдері мен өсімдіктерді бейнелеу. Қай жыл мезгілі өсімдіктер үшін қолайсыз жағдай тудыратынын анықтау.

Мұғалімнің түсіндіруі.

 Өсімдік өз тіршілігіне қажет жарық, жылу мен суды әрқашан жеткілікті мөлшерде ала алмайды. Соған байланысты өсімдік тіршілігі белсенді өсу мен тыныштық кезеңінен тұрады. Тыныштық күйінде өсімдіктің өсуі тоқтайды. Сөйтіп ол өз тіршілігіндегі қолайсыз кезеңнен өте алады.

Жазғы ыстықта дала өсімдіктеріне ылғал жетіспейді. Қызғалдақ, қазжуа, зағыпыран ерте көктемде жуашығына ылғал мен қоректік зат жинайды. Құрғақ жаз бен қатал қыста жуашығы жер астында жатады. Тек келесі көктемде ғана өсіп шығады.

Зертте. Зерттеу барысында оқушылар «Неліктен ағаштар қыс мезгілінде ұйықтайды?» деген сұрақтың жауабын таба алады. Барлық топқа жұмысты орындауға қажетті ватман қағазын беріп нұсқаулықпен таныстыру.

 Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

 • Қыс мезгілі келгенде өсімдіктердің тіршілік жағдайы қандай болатынын топта талқылау.

 • Ватманның ортасына ағаштың сұлбасын жапсыру.

 • Өсімдіктерді тыныштық күйге түсіретін себептерді (күн сәулесінің аздығы, күннің қысқаруы, күн сәулесінің әлсіздігі, жылудың болмауы, төмен температура, ылғалдың болмауы, қоректік заттардың аздығы) жазып, нұсқарлармен көрсету.

 • Басқа топтардың қорытындыларымен салыстыру.

 Зерттеу жұмысын орындап болған соң, оқушылардың меңгергендігін білу мақсатында «Ағаштар неліктен қоректік заттарды қабылдауды тоқтатады?» деген сұрақ қойып, зерттеу жұмысын қорытындылау.

Ойлан.

 «Тұқым – тіршіліктің жалғасы» деген пікірдің дәлелі қандай? Кептірілген тұқымға анықтап қарап, онда ұйықтап жатқан тіршілікті «оятуға» не әсер еткенін балалардан сұрап көру. Бидай, арпа, қарабидай өнімділігін арттыру үшін ғалымдар өсімдіктің өсу ырғағы туралы зерттеулерін пайдаланатынын айту (Құрғақ тұқым бірнеше жылдар бойы топырақ астында жата береді, аяз бен құрғақшылықты да өткереді, қолайлы жағдай туа қалса, ол өсіп шығады).

Сергіту сәті.

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.

«Мұғалім-оқушы» диалогі.Сен білесің бе?

Ғалымдардың болжауынша, ағаштардың көбі жазғы түндері «ұйықтайды». Осындай тыныштық күйде болғанда ағаш өсуін тоқтатады, ал таңертең және кешке тез өседі.

Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

13-жұмыс парағы. «Өсімдіктер қашан «ұйықтайды?», 15-б.

Анықта. Бұл тапсырма өсімдіктердің ұйқыдағы және сергек кезін сыртқы белгілері арқылы ажырата алу біліктерін бекітуге бағытталған. Оқушылар дұрыс жауапты таңдауы қажет (Жауаптары:

1 және 3 – «өсімдік ұйықтап тұр».

2 және 4 – өсімдік белсенді өсуде).

Не өзгерді? Тәулік ішінде өсімдіктерде қандай өзгерістер болатынын оқушылар түсіндіріп беруі тиіс.

(Жауаптары:Күндіз қызғалдақтың гүл тәжі ашылады. Түнде ауа температурасы төмендейді, өсімдік нәзік мүшелерін салқыннан сақтау үшін гүлдерін жабады).

14-жұмыс парағы. «Өсімдікті қалай «оятуға» болады?», 16-б.

Қызғалдақтар. Тапсырма оқушылардың білімдерін кеңейтуге бағытталған. Оқушылар тиісті сөздер арқылы әңгімені толықтыруы керек (Жауаптары:

Қызғалдақтар – еліміздің далалық және шөлейт аймақтарында өсетін өсімдік. Далалы жерлерде көктем өте қысқа болады. Ыстық күннің әсерінен көктемгі ылғал тез құрғап кетеді. Көп кешікпей құрғақ жаз келеді. Кішкентай өсімдік бүкіл жаз бен ызғарлы қыста жуашығында тынығады. Көктемде күн жылынғанда өсімдіктермен бірге жуашық та «оянады». Жуа- шықта құнарлы заттар сақталады. Осылайша қыз- ғалдақтар қатал жағдайларға бейімделеді).

Тұқым қалай «оянады»? Тұқымның оянуы үшін қажетті жағдайларды пиктограмма түрінде оқушылар кестеге толтыруы тиіс (Жауаптары:

Құрғақ тұқым бірнеше жыл бойы топырақта жасырынып жата береді. Оған құрғақшылық та, қатты аяз да зиян тигізе алмайды. Тұқымды су, жылу, ауа оята алады).

Қорытынды: Өсімдік тұқымы жақсы өнуі үшін оны жылы, ылғалды, борпылдақ жерге егеді.

өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;

Бағалау.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделуін сипаттайды.

  • Өсімдікке жылудың әсерін біледі;
  • Өсімдікке ылғалдың және жарықтың қалай әсер ететінін айтады.

Тәжірибені жоспарлайды

  •  Тәжірибені жоспарлап, жүргізеді.
  •  Тәжірибе нәтижесін диаграммаға түрінде көрсетеді.

Слайд №3

Слайд №4

Кәмпиттер

Жыл мезгілдері бейнеленген суреттер

Ватман, ағаштың сұлбасы

Слайд №6

https://www.youtube.com/watch?v=8LEN8i9uiZY

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтағы өз жұмысына баға беру.

  • Мен сабақта ________ жұмыс істедім, себебі ________.
  • Сабақтағы өзімнің жұмысыма мен ________ себебі, ________.
  • Сабақтың тақырыбы ________ болды.
  • Менің қосымша ________ жайлы білгім келеді.

Бағалау парағы

Слайд №7,8

Қосымша ақпарат

Саралауоқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ынтасы жоғары оқушыларға «Егер өсімдіктер тыныштық күйге енбесе, не болар еді?» деген сұрақ қою. Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік техникасын сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу